Қылышбаева Гүлзира
Эссе «Тілден үлкен Отан болмас ұлт үшін «
Отан! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады.Содан шеткіз-шексіз қияға өрлеп кете барады.Оның жұпар атқан жусаны,оның жүректей болып желмен лүпілдей соққан гүлдері, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары — осының бәрі-бәрі сенің туған еліңді құрайды.
Отан мағынасы тереңде жатыр. Отан – бұл сөз адамның ең қымбатты, терең және күшті сезімін білдіреді.Отанға деген сүйіспеншілік, Отан үшін барлық қиындыққа дайын болу, қоғамның дамуын да рухтандыратын қайнар бұлақ.Балғын балалық шақ! Күлдір- күлдір кісінеп, айнала шапқылаған ала аяқты құлыншақ! Көктемде бүршік атқан , қылқиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп. Өзен үстінде үйіріліп ұшқан шағала! Кемеріне жайлап соққан көгілдір көл!Күннің қызғылт шапағына бөленген үйлер – осының бәрі тұтас бір Отанды құрайды. Ал енді ананың бесікте жатқан әлдиі, әженің тамылжыта төккен тамаша ертегілері , туғандарыңның мейірбанды күлкілері – осының бәрі туған еліңнің керемет сипаттары!
Замана жазушысы болған Ғ.Мүсірепов «Қос тіл қос қанатың», — деп республикамызда өз тілімізбен қатар орыс тіліне де үлкен құрметпен қараған сөз зергері. «Қазақ тілі ең құдіретті, ең орамды айшықты тіл» деп тіліміздің мәртебесін жоғары қойған.
Туған тіліне деген құрмет, қасиетті авар ақыны Р.Ғамзатов « Егер менің тілім ертең өлер болса, мен бүгін өлуге даярмын» деп айтқан екен.
Қазақ поэзиясының асқар белі Абай атамыз, «толғауы тоқсан қызыл тіл, сөйлеймін десең өзің біл», — деп тіліміздің байлығы мен құдіретін бір ауыз сөзбен түйіп, артына сөз қалдырды.
Елбасы бір сөзінде «қазақ қазақпен қазақша сөйлесін»,- дейді,олай демеске шара жоқ, өйткені екі қазақ бір – бірімен орысша сөйлесіп, түсініседі, бұл содан туған пікір.
Қоғамда тілдік орта болмайынша тілдің өз деңгейінде дамуы екіталай. Сондықтан қазіргі уақытта барлық іс-қағаз стильдері мемлекет тілінде жүргізіліп отыр, ақпарат құралдары да жеткілікті, балабақшаларда қазақ топтары, мектептерде өз тілінде оқитын сыныптар көбейді, демек тілдік орта жоқ дей алмаймыз.
Өзім екінші жыл орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беремін. Алдыма қойған мақсатым- өзге ұлт балаларына тілді ғана үйрету емес, халқымның салты мен дәстүрін , жомарттығы мен парасатын ұғындыру, әр шәкірттің жүрегіне иман ұялатып, ниетіне ізгілік пен мейірім шапағатын себу. Қазақ тілінің шұрайын, басқа ұлт балаларына үйретіп, тілге деген қызығушылығын арттыру.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген қанатты сөзімен мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінде сөйлеуді, сауатты жазуды, мемлекеттік тілді қадір тұтып, сыйластықпен қарауға үйретудемін. Оқушылардың қазақ тілін игеруге, қызығушылығын оятуға белсене ат салысып келемін. Өзге ұлттардың мәдениетімен таныса жүріп, өзге ұлт өкілдеріне халқымның тілін, салт- дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін үйрету мен үшін үлкен бақыт.Орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілі сабақтарының �
�ақсаты- оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге , сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту , қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айту болса, мен өз сабағымда халық әндерін , Абай атамыздың әндерін әуелетіп айтып, көрнекті жазушылардың шығармаларынан үзінділерді сахналағанды жақын көремін. Мектеп табалдырығын тарыдай болып басқан және таудай болып шыққан бүлдіршіндерді сауатты, саналы азамат болып өсіру біздің қолымызда.Олай болса еліміздің болашағын ойлайтын саналы азаматтарымыз, қас
иетті тілімізді биік- биік шыңдарға шығарып, әлемдік тілдер қатарына қосса дегім келеді.
Мемлекетіміз өзінің тұғырында нық тұру үшін ол халықтың тілі сақталып, әнұраны шырқалып,туы желбіреп, елтаңбасы айбарлы болуы шарт. Ана тілі – анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған , жүректің терең сырларын , халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. «Әр ұлт, мейлі ол үлкен болсын, кіші болсын , мәңгілік болуды қалайды. Бұл- оның табиғи құқығы.Ал бұл үшін сол халықтың тілі өз топырағында тамыр бойлап, өмір сүруге тиіс» деген қырғыз халқының ұлы жазушысы Ш.Айтматов. Ұлттың сақталуына да себеп бол�
�тын нәрсенің ең қуаттысы — тіл. Менің түсінігімде адамның Отаны оның бесігі тербелген жерде. Менің Отаным- Қазақстан .Сондықтан да елімнің ана тілін білу менің парызым.
Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін ,- деп ақын Ә.Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс- берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары.Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен,өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек жаңылыспаймыз.
Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде , сахара даланың жазықтығы да сенде қасиетті қазақ тілім.
Жер бетінде көптеген тілдер жоғалып, өлі тілдерге айналған, демек ұлт өз тілін қорғай алмады деген сөз емес пе бұл?Осындайдан сақ болайық, халқымыздың батыр ұлдары білектің күшімен, найзаның ұшымен елімізді, жерімізді жаудан қорғап, ұшқан құстың қанаты , тұлпардың тұяғы тозатын шекарасы бар мемлекетті ұрпаққа аманат етсе, екі ауыз дуалы сөздермен билеріміз ханды да, қарашаны тоқтата білген тіл қадірін жоғалтпай , көз қарашығындай сақтау исі қазақтың борышы деп түсінісейік!
«Өткірдің жүзі –кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас», — деп ұлы Абай атамыз таңырқап , тағзым еткен осы қасиетті тілімізді қадірлеп, қастерлей білейік!