Басы » Бала бақша » Алтын қақпа ойыны

Алтын қақпа ойыны

Байкенова Жанар Сериккажиновна

ШҚО Үржар ауданы «Абай атындағы орта мектеп-лицейі және балабақша» КММ-нің математика  пәнінің I санатты мұғалімі

                                                                                                                      

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ой өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін, білім, білік дағдыларын дамыту.
Түрі: ойын сабағы.
Көрнекілігі: Қақпалар, нақыл сөздер, шарлар, кестелер.
Сабақтың түрі: жарыс
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Ойын үш қақпадан тұрады:
І. Тас қақпа

ІІ. Күміс қақпа
ІІІ. Алтын қақпа
ІV. Алтын сандық
Үш қақпаны да ашқан адам “Алтын сандықтағы” сұраққа жауап береді.

V.Жеңімпазды анықтау.

VІ. Қорытындылау.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен «Алтын қақпа» ойынына қатысушы ойыншылар!
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір — бірімен жатқан шулап, жалғасып,
Бір — бірімен жатқан тулап, арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық, — деп ақын жырлағандай бүгінгі

5- сыныптар оқушылары арасынан жүйрікті алға шығарайық. Бұл ойынды бәріміз білеміз. Ойынды бастау үшін мен сіздерге сұрақтар қоямын, оның жауабын кім бірінші болып айтса сол оқушы ойынды бастайды.
Жүргізуші: 1 кг мақта ауыр ма,әлде 1кг темір ауыр ма?(екеуі тең)

Жүргізуші: Сонымен алғашқы ойыншымыз ортада, өзіңізді таныстырып өтсеңіз. (оқушы өзі туралы айтады)
Жүргізуші: Тас қақпаны ашу үшін алдыңыздағы үш сұрақтың бірін таңдаңыз. (сұрақ нөмірі айтылады)
Жүргізуші: Ендеше сұрақты тыңдаймыз, ойланып дәл жауап беруіміз керек.
Сұрақ қоюшы: Құрметті «Алтын қақпа» ойыншысы, сізге қоятын сұрағым: екі санның қосындысы 8, айырмасы 2, көбейтіндісі 15. Осы сандарды табыңыз. (ойыншы жауабын береді)
Жүргізуші: Жауабыңызды қабылдап, дұрыс жауабын таңдаймыз.
Сұрақ қоюшы дұрыс жауабын оқиды.

Тас қақпаның сұрақтары:

  1. Екі санның қосындысы 8-ге, көбейтіндісі 15- ке тең. Осы сандарды тап. (3;5)
  2. 2 –нің квадраты (4)

3.Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?       (3)

  1. 45 санының барлық бөлгіштерін ата           (1,3,5,9,15,45)
  2. 9 санының алғашқы 5-еселіктерін ата (9,18,27,36,45)
  3. Асханаға 100 кг пияз және одан үш есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді?   (300кг)

7.Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?          (1 бала торымен бірге алып кетті)

8.Ең кіші жай сан                 (2)

 

 

 

Күміс қақпаның сұрақтары:

  1. 1,2,3,4,5,6,7,8,9 cандары берілген. Сандардың орнын ауыстырмай “+” және “-” таңбасын тек ғана 3 рет қолданып нәтижесінде 100 шығатындай етіп орналастыр (123-45-67+89)
  2. Бес бестіктің көмегімен 100 санын жазыңыз.

55555=100           (5*5*5-5*5)        және       (5+5+5+5)*5

3)Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап шығып тұруы мүмкін бе?                       (мүмкін емес)

4) Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?                 (10)

 

Алтын қақпаның тапсырмасы:

 

Алтын сандықтың тапсырмасы:

27 күміс ақшаның біреуі жасанды. Жасанды күміс ақша басқаларынан ауыр болса,  таразымен 3 рет өлшеп, жалған күмісті қалай табар едіңіз?

Жауабы: 27 – ті күмісті 9 – дан 3 топқа бөлеміз.

2 бөлігін таразыға саламыз. Олар тең болса, жалған теңге 3 — ші бөлігінде . Ал таразының бір жағы ауыр, бір жеңіл болса ауыр жағында болады

Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,

Бұл жайында айтамыз ба, жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз, аман болсақ!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *