Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының екінші(негізгі) деңгейін 3 ақпаннан 4 мамыр арлығында өткеніме қуаныштымын. Осы эссені жазып отырған себебім де сол. Жаңалыққа жаны құмар ұстаздар қауымын біліктілікті арттырудың жаңа ваучерлік жүйесі бір серпілтіп тастады. Осы жаңалықтың іс жүзіндегі көрінісі білім беру саласына оң өзгеріс әкелетініне кәміл сенемін.Балаларды оқуға ынталандыру үшін ұстаздар қандай әдіс-тәсілдерді ойлап таппады дейсіз. Осы жайлы Ж.Аймауытов: «Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болуы керек»,- деген екен. Білімді ұрпақтың өркениеттің қарыштап дамуына қосатын үлесі зор екені әркімге аян.
Осы тұста баланың ынтасын ояту үшін, мұғалімнің өзгеруі жаңалық емес,- деп айта алар ма едіңіз? Мектептегі білім беру үдерісін күнделікті ағымға айналдырып жіберген қарбаластың ортасында ұстаздар қалай өзгермекші? Өзгеремін дегендердің өздері тұйықтан шыға алмай жүреді. Мұғалімнің өзгеруі басты жаңалық болуы керек,- деп ойлаймын. Өз басыма келетін болсам, шынында серпіліп қалдым, теориялық білімімді толықтырдым, тәжірибе алмастым, жаңалықтармен таныстым,еліміздің алыс түкпірінен келген әріптестермен достастым,білікті де арнайы оқып келген жаттықтырушылардан дәріс алдым. Жан дүниемде бір керемет өзгеріс болды. Мамандығыма деген мақтаныш сезімім күшейді,ізденісім арта түсті,белсенділігім жоғарылады. Мектебіме қанат байлап ұшқым келді. Балалардың балбұл жанған жүздерін көруге асықтым. Гимназиямызда осылай өзгерген жиырма ұстаздың барын да мақтан етемін.Ғаламдасу жәй ғана бәсекелестікті емес, жарыса шабуды талап етіп отыр. Баланы баптап бір рет қана бәйгеге қосу емес,үнемі,әрдайым,дәл қазір бабында болу үшін оқытуды заман талабына сай жүргізу керек екенін әріптестерімнің түсінгенін қалар едім. Ұстаздың көзқарасы мен ұстанымы, парасаты мен білімі керек десеңіз, әлеуметтік жағдайы бәрі, бәрі маңызды. Сол себептен де мемлекет тарапынан осылай қолдау көрсетілгені құптарлық жағдай. Алған білімді күнделікті сабақтарымда қолданып, қоғамдағы оң өзгерістерге шәкірттерімді де жетелеймін,-деп алдағы күннен үлкен үміт күтіп отырмын. Әріптестеріме және де бірге оқыған ұстаздарға игілікті істеріне сәттілік тілеймін. Ұстаздардың әлеуметтік мәртебесі
биік қоғамда ғана балалардың жеке тұлға ретінде дамуы жүзеге асады,-деп ойлаймын.
Дина,қалайсың, сені көргеніме қуаныштымын. Мен пед. училищедегі группаласыңмын. Есіңе түсірерсің.
Дина ,Қызылордада бірге оқыдық ,кейін пед институтқа бірге түстік.Мен -Гүлсім. Қазалыдан едім.Қазір Түлкібаста тұрамын. Есіңде ме сол бір кез.Апайымыз ақын-Рақат Наурызбаева еді. Маған ұстаздық ойың қатты ұнады. Мен де бағдарлама бойынша 1 деңгейді оқыдым .