Басы » Химия » Атом құрылысы

Атом құрылысы

ximiaБатыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы
Жалпы білім беретін Тайыр Жароков атындағы орта мектеп
Химия пәні мұғалімі Закина Балжан Таргыновна

Атом құрылысы

Сыныбы 8 «А» Уақыты
Тақырыбы
  • 53 Атом құрылысы
Мақсаты

Білімділік

 

 

 

Дамытушылық

 

 

 

Тәрбиелік

 

 

Химиялық элементтердің атом құрылысын, периодтық жүйедегі орнын, олардың қосылыстары туралы теориялық білім беру.

 

Оқушылардың химиялық элементтермен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Танымдық біліктерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

 

   Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыстануын  қалыптастыру.

Сабақтың әдісі Түсіндірмелі сұрақ – жауап, әңгімелеу, слайд арқылы көрсету
Сабақтың түрі Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілігі Интерактивті тақта мүмкіндіктері, периодтық кесте, үлестірме карточкалар
Сабақтың барысы
  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Оқу тапсырмасын орындау
  3. Жаңа сабақты меңгерту
  4. Сабақты қорытындылау (үйге тапсырма, бағалау)
Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. 2 мин
Оқу тапсырмасын орындау

 (үй тапсырмасы)

 

1.Алғашқы периодтық жүйені қай жылы кім ашты?

1869ж орыс ғалымы Д.И.Менделеев

2.Периодтық жүйеде қанша топ бар?

8топ бар

3.Әр топ қандай, қанша топшаға бөлінеді?

2: қосымша және негізгі

4.Периодтық жүйеде қанша период бар?

7 период бар

5.Периодтар нешеге бөлінеді, қалай?

2-ге: кіші және үлкен

6.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі көлденең қатар қалай аталады?

7.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі  тік жатқан қатар қалай аталады?

8.Периодтық заң дегеніміз не?

9.Мына элементтерді металдық қасиеті өсу бойынша орналастырыңдар:  Хлор, алюминий, күкірт, магний, натрий, литий

  1. Мына элементтерді металдық қасиетінің өсуі бойынша орналастырыңдар:бор, бериллий, көміртек, литий    С→В→Ве→Lі
  2. Берілген элементтердің қайсысында айқын бейметалдық қасиет басым: фосфор, алюминий, кремний, күкірт, фтор, хлор
  3. Реттік нөмірлері атомдық массаларына сәйкес келмейтін элементтерді ата.
5 – 7

мин

Жаңа сабақты меңгерту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту тапсырмалары

 

   Енді осыны түсіну үшін жаңа тақырыпты жазып алыңыздар§ 53 Атом құрылысы. Д.И.Менделеев атомдық массаларының өсу ретімен орналасқан химиялық элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруінің себептерін айқындап бере алмады. Бірақ элементтердің атом құрылысы айқындалған сайын, бұл сұраққа жауап беруге болатынын айтты. Резерфорд атомының құрылысын Күн жүйесiне ұқсатты. Күн жүйесiндегi планеталар оған тартылып айналғаны сияқты, электрондар да ядроға тартылып оны айнала қозғалады. Осындай ұқсастығы үшiн Резерфорд ұсынған модельдi планетарлық модель деп атаған.  Бұл модель бойынша атомның ортасында оң зарядталған ядро бар, ал оны электрондар айналып жүреді. Жалпы алғанда атом электробейтарап, яғни зарядсыз бөлшек болып саналады, себебі ядроның оң заряды электрондардың теріс зарядына тең. Химиялық элемент атомдарының ядро зарядтарының сандық мөлшері сол элементтердің периодтық кестесіндегі реттік нөмірлеріне тең. Мысалы, сутек элементінің реттік нөмірі 1, оның атомының заряды + 1, ядросын сыртынан заряды -1 болатын бір электрон айналып жүреді. Гелий элементінің реттік нөмірі 2, атом ядросының заряды +2 ге тең, оның айналасында жалпы заряды -2 болатын екі электрон айналып жүреді. Әрбір келесі элемент атомдары ядросының оң заряды бір санға артып отырады, сонымен қатар бір электронда да қосылып отырады. Бұл жағдай Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйеде кейбір элементтердің орнын ауыстыру себебін түсіндіреді. Эксперимент нәтижесінде периодтық кестеде атомдық массаларының өсуіне қайшы орналасқан теллур мен йод секілді элементтердің сыры ашылды. Теллур атомы ядросының оң заряды +52, ал йодтікі +53 сондықтан олар периодтық жүйеде 52 және 53 нөмірде орналасқан. (атомдық массаларының өсу реті басқаша). Сабақты қорытындылау мақсатында атом құрылысының суретін тақтаға сызып көрсетемін.

  1. «Сұрақ-жауап» жаттығу ойыны(Кеспе қағаздардың бірінші бөлімінде жауап, екінші бөлімінде сұрақ бар. Мұғалім кеспе қағаз берілген кез-келген оқушыға баста дегенде, оқушы қағаздан сұрақты оқиды. Осы сұрақтың жауабы кімнің қағазында болса ол орнынан тұрып жауабын айтады да, әрі қарай өзінің қағазындағы сұрақты оқиды. Ойын осылай соңғы жауап айтылғанша жалғасады.)
жауап +24, +4, +52
сұрақ Менделеев элементтерді қалай орналастырды?

 

жауап Атомдық массаларының өсуі бойынша
сұрақ Атом құрылысының ядролық моделін кім ұсынды?

 

жауап 1911ж ағылшын ғалымы Э.Резерфорд
сұрақ Период дегеніміз не?

 

 

 

 

 

 

жауап Атомдық массларының өсу реті бойынша орналасқан

элементтер қатары

сұрақ Атомның заряды

 

жауап Зарядсыз бөлшек
сұрақ Реттік нөмірлері атомдық массаларына сәйкес

келмейтін элементтерді ата

 

жауап Кобальт, никель, теллур, йод, калий, аргон
сұрақ Атом қандай бөлшектерден тұрады?

 

жауап Ядро және электрон
сұрақ Элементтің реттік нөмірі нені көрсетеді?

 

жауап Ядро зарядын және электрон санын
сұрақ Мына элементтер атомдарының ядро зарядын

анықтаңдар: азот, неон, магний

 

жауап + 7, + 10, + 12
сұрақ Мына элементтер атомдарының ядро зарядын

анықтаңдар: фосфор, натрий, селен

 

жауап + 15, +11, +34
сұрақ Мына элементтер атомдарының ядро зарядын

анықтаңдар: алтын, бор, оттек

 

жауап + 79, +5, +8
сұрақ Мына элементтер атомдарының ядро зарядын

анықтаңдар: хлор, кальций, сынап

 

жауап +17, + 20, 80
сұрақ Мына элементтер атомдарының ядро зарядын

анықтаңдар: хром, бериллий, теллур

 

жауап Химиялық элементтер және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атом ядроларының зарядтарына периодты түрде тәуелді болады.
сұрақ Мына элементтер атомдарының ядро зарядын

анықтаңдар: көміртек, фтор, титан

 

жауап + 6, +9, +22
сұрақ Электрон заряды?

 

жауап теріс
сұрақ Салыстырмалы атомдық массалары 58,9 және 6,9 болатын элементтердің ядро заряды қанша?

 

жауап +27, +3
сұрақ Салыстырмалы атомдық массалары 118,69 және 196,9 болатын элементтердің ядро заряды қанша?

 

жауап +50, +79
сұрақ Атом ядросының заряды   +13 ке тең элементте неше электрон болады?

 

жауап 13
сұрақ Атом ядросының заряды   +23 ке тең элементте неше электрон болады?

 

жауап 23
сұрақ Оттектің ядро заряды мен электрон саны қанша?

 

жауап +8, 8
сұрақ Химиялық элементті сипаттайтын және қасиеттерін айқындайтын не?

 

жауап Атомның ядро зарядының мөлшері
сұрақ Теріс зарядқа ие ең кіші бөлшек?

 

жауап Электрон
сұрақ Электробейтарап, зарядсыз бөлшек ата?

 

жауап Атом
сұрақ Мына элементтер атомдарының ядро зарядын

анықтаңдар: алюминий,барий

 

жауап +13, +56
сұрақ Қазіргі уақыттағы периодтық заң тұжырымдамасы қандай?

 

2.             Есептер шығару.

а) 240г магний металы  күкірт қышқылымен  әрекеттескенде бөлінетін  сутектің  көлемін есепте (қалыпты жағдайда)

б) 4г  кальций  металы тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген тұздың массасын  есепте.

  1. Айналымдарды жүзеге асыр.

   Ва → ВаО →Ва(ОН)2 → ВаСІ2

Ba + O2 → BaO

ВаО + H2O →Ва(ОН)2

Ва(ОН)2 + 2HCl→ ВаСІ2 + H2O

 

 

 

35 – 37 мин

Сабақты қорытындылау

(үйге тапсырма, бағалау)

  • 53. Атом құрылысы. Есептер мен жаттығулар жинағынан 6-6, 6-8 жаттығулар.

 

1-2

мин

 

    

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *