Басы » Технология » Металды плитаның үстіне қойып, шапқымен шабу, кесу тәсілі

Металды плитаның үстіне қойып, шапқымен шабу, кесу тәсілі

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

 Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің

технология пәнінің мұғалімі

Сүлейменов Сапарғали Бақытқалиұлы

6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Металды плитаның  үстіне қойып, шапқымен шабу, кесу тәсілі

Сабақтың мақсаты: Құлыптың  ілмегін  дайындау жолдарын  түсініп, металды шапқымен шабу, кесу тәсілін білу

а) Білімділік:Құлыптың ілмегін үй  тұрмысында  қажеттілігін түсіндіру

ә) Дамытушылығы: Оқушылардың теориялық білімдерін  практикада қолдана білуге  дағдыландыру

б) Тәбиелік: Еңбекқорлыққа, шеберлікке, іскерлікке, талғамдылыққа баулу

Сабақ түрі : Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды қалыптастыру

Оқытудың әдісі: Көрнекілік арқылы түсіндіру

Пән аралық байланыс: Сызу, еңбек

Қажетті жабдықтар: Құлыптың ілмегі салынған плакат, металдар, құрал – жабдықтар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Ақтуалдау

  • Шапқы қандай металдан жасалынады?
  • Шапқыны не үшін қолданамыз?
  • Қауіпсіздік ережесін қалай қолданамыз?
  • Металмен жұмыс жасайтын қандай құрал – жабдықтардың түрлерін білесіңдер?
  1. Жаңа сабақ

Балалар, шапқы құрал – жабдығына  келетін болсақ, бұл құрал ерте заманда ата – бабамыз  қолданып, әр түрлі бұйымдар , зергерлік жұмыстарға пайдаланған.Жаугершілік уақытында да әр түрлі соғысқа арналған қылыш, қалқан, найза , сауыттар  төстің,  шапқының, балғаның көмегімен  жасалынған. Ал, қазіргі таңда  өзіміздің қаламыздағы мекемелерде  слесарлар, монтерлер,  темір ұсталары осы  құрал – жабдықты пайдаланады. Бізде өзіміздің  оқу шеберханамызда  плита, шапқы, балға , құрал – жабдықты  пайдалана отырып, жұмыс жасаймыз.

Құлыптың ілмегі туралы айту

Практикалық жұмыс

t1

Құлыптың ілмегін жасау. Қалыңдығы – 3 мм

1х30х60мм

 

Шапқы, балға, плита  металдың  артқы бөлшектерін  шабу үшін қолданылады.

  1. Дамыту: Шапқы құрылымын оқушыларға  жұмыс жасату арқылы көрсету

VІ . Бекіту:

  1. Металды шапқымен шабу үшін не істейміз?
  2. Шапқыны көбіне кімдер қолданады?
  3. Жұмбақ

Қашауға ұқсас келеді,

Бар адам оны біледі.

Бұл құрал егер өтпесе,

Ұстаның ісі  бітпейді

Жауабы: ( Шапқы)

 

VІІ. Үйге тапсыма: D 4 – 6 мм  сым темір алып келу. Сабақтың соңында оқушылардың  жасаған жұмыстарын  тексеріп,  қорытындылау

VІІІ. Бағалау

 

Құлыпты жасаудың технологиялық картасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *