Астана қаласы
№49 «Алтынай» балабақшасы
ағылшын пәнінің мұғалімі
Гульназ Сарсенбекова
Ұстаздық еткен жалықпас
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рахат шын бақытын тапса адам – демекші, ұстаз болу ол жай ғана мамандық емес. Мұғалім баланы жан тәнімен беріле сүюі керек.Мейірімділік, шыдамдылық, баламен тең жағдайда сырласу тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады.
Ұстаз атана білу, оны құрметтеу, қастерлеу — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін шексіз сүйетін адам болуы тиіс деп санаймын. Ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру ғана емес. Ұстаздық атты биік шыңдарға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.
Мұғалім болу менің кішкентай кезімдегі арман еді. Өсе келе арманым ұлғая берді. Мұғалімнің өзі бір қол жетпес арман сияқты еді ғой. Бала кезімде әрдайым ойын ойнағанда мұғалім болып кішкентай сіңілдеріме диктант, бақылау жазғызатынмын. Әншілік, продюсерде болып ойнайтынмын. Тіпті үнді киноларын жібермей көргендіктен мені болашақта кинорежиссер болады деп айтып жататын. Бірак та 9 сыныпты бітірген соң әкем мені Жезқазған Гуманитарлық колледжіне апарып ағылшын тілі мұғалімінің факультетіне апарып осыған түсесін деді. Осылайша колледжге түсіп мұғалімнің оқуын ары қарай оқи бастадым. Екінші курстан бастап практикаға бара бастадық. Практиканың өз қиыншылықтары да, қызықшылықтары да болды. Осылайша 4-ші курсты бітіріп, колледжді қалай аяқтағанымды да білмей қалдым. Содан соң жоғарғы оқу орнына түсіп, оқуымды ары қарай жалғастырамын деп шештім. Қарағанды «Болашақ» университетіне тағы сол жылы оқуға түстім. Бұл оқу орнын ағылшын және неміс тілінің мұғалімі болып бітірдім. Университетте де практикаларға баратынбыз. Сол практика кезінен бастап мен өзімнің арманымның орындалуына сәл қалғанын сезіне бастадым. Практиканың өзі бір сондай қызық, әрі көп нәрсені сол практика жүзінде сабақ беріп жүріп үйрендім деп айта аламын. Содан кейін Астана қаласына келіп курстарда ағылшын тілінен сабақ бердім. Ол да мен үшін емес екенін түсіндім. Содан соң бір күні ұялы телефоныма бірі кісі хабарласып мені жұмысқа шақырды. Содан соң, мекенжайын біліп жұмысқа келсем «Талант» халықаралық өнер орталығының директоры, ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші, сазгер Марат Омаров екен. Ол кісі менің көмекшім боласын деп жұмыс барысымен түсіндірді. Ол жерде 1,5 жылдай ма жұмыс істеп өз еркіммен кетуге өтініш жаздым. Ол кісіден де көп нәрсе үйрендім, білдім, өзіме қажеттісін алдым деуге болады. Жұмысым қызық болды. Түрлі телевидениямен де жұмыс істедім. Өнер адамдарымен жұмыс істеу барысын да түсіндім. Мүмкін менің қалайтыным осы ма шығар деп тағы ойландым. Бірақ та өнер жолы қыздарға емес екенін түсініп, жұмыстан кетуге өтініш жаздым. Содан соң жұмыстан кеткен соң уақытша жекеменшік балабақша да тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс атқардым. Балалардың тілің тез тауып, олардың ата-аналарымен жақсы қарым-қатынаста болдым деп есептеймін. Бірақ менің мамандығым ағылшын тілі болғандықтан мамандығым бойынша жұмыс тапсам жақсы болар еді деп, жұмыс іздедім. Содан соң №49 «Алтынай» балабақшасына хатшы керек екенін газеттен көріп, осында келдім. Мен балабақшаға кіріп бірден жарқын жүзді, шырайлы кісі Сагимбекова Меңтай Бахытқызын кездестірдім, сол кісі мені жұмысқа алды. Одан соң 1 айдан кейін маған ағылшын тілі мұғалімі лауазымдық қызметі қоса жүктелді. Міне, сол кезде мен өзімнің жарқын болашағымның әлі алда екенің түсіндім.
Ағылшын тілі мұғалімі болып жүріп семинарларға да, конференция, форумдарға да қатыстым. Осы балабақшада жұмыс істегеніме 1 жыл болмай газеттерге, журналдарға да бірнеше мақалам шығып сертификаттарда, алғыс хатта алып үлгердім. Жалғыз мұғалімдік мамандығымды алып жүрмей қосымша әнде айтып, биде билеп өзімнің жеке шығармашылығымды да көрсетіп үлгердім. Қазіргі таңда мен өзімнің неге ұмтылу керек екенің жақсы білемін. Мұның бәрі ең алдымен алланың содан соң мені осындай көп нәрсеге үйретіп келе жатқан балабақша меңгерушісі міндетін орындаушы, әдіскер Сагимбекова Меңтай Бахытқызы. Сол кісіге қарап көр нәрсені білдім, үйрендім деп айта аламын. Менің әлі жетер белестерім алда. Болашақта магистратураға түсіп әрі қарай білімімді жетілдіріп, өз маман иесі боламын деп сенімді түрде айта аламын. Мен жай ғана мұғалім емес, болашақта үлгілі ұстаз ретінде, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа жетік білім беріп, өзімді білікті де, білімді ұстаз ретінде көремін.
Армансыз адам, қанатсыз құспен тең деген ғой ата-бабамыз сол сияқты менің ең үлкен арманым ол мектеп немесе колледж директоры атану және оған міндетті түрде қол жеткіземін деп сенімді түрде айта аламын. Менің алар асуларым, жетер белестерім әлі алда. Ұстаз болу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл маған құдайдың берген сыйы деп білемін.
ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болуы керек? десек әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін жұмсау керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл — әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, ерік жігері мықты адамға тән қасиет. Кәсіптік білімі мен біліктілігі сүйіспеншілік сезім, ұйымдастырушылық қабілет, заманға сай жаңашылдық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді.