Динара Битешова
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Білімділік мақсаты: Сын есімнің мағыналық түрлерін, оның жасалу жолдарын меңгерту.
Дамытушылық: Салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытыныдысын жасауды, мәтін құрастыра білуді игерту.
Тәрбиелік: Шыдамды, сабырлы болуға, ана тілінің қадірін жете түсініп, құрметтеуге, ұлттық дәстүрді аялай білуге баулу.
Оқытудың нәтижесі: Өз ойын еркін жеткізеді, дәлелдейді.
Сыни ойлау дағдысы жетіледі.
Топпен жұмыс жасай алады, топтық ереже шығарады.
Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру
Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
Сабақтың әдісі: талдау-жинақтау, ынталандыру, ой салу
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, кестелер
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Бұрынғы білімдерін еске түсіру. Жаңа сабаққа енбес бұрын, сын есімнің жасалуын, олардың негізігі, туынды түрлерін бірнеше мысалдармен дәлелдетіп, еске түсіремін.
Төменде берілген жұрнақтарды тиісті сөздерге жалғаңдар.
-ынды, -інді, — улы, -ғыр, -гір, -дай, -сыз, -қыш
Қой… жуас, жолдас… адам, жаса… сағат, айт… ақын, біл… маман, ал… бүркіт, түй… сөз.
Жаңа сабақ
Сапалық сын есімдер
Сапалық сын есімдер заттың сынын, сапасын білдіреді. Сұрағы: Қандай? Қай? Мысалы: Қандай кісі? Қария кісі.
Әжем қандай? Әжем үлкен.Ата-анам қай жаста? Ата-анам орта жаста. Ағам қандай? Ағам жас. Сапалық сын есімдер деп заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда –түрі мен түсін (қара, ақ, көк, қызыл), сапасын (жақсы, жаман, нашар, әдемі), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл), дәмі мен иісін (ащы, тәтті) білдіретін сөздерді айтамыз. Заттардың белгілі бір сапасын білдіретін сөздер сапалық сын есім болып табылады. Мысалы: Менің әжем зейнеткер.(Әжем қандай?) Менің ата-анам бар. Олар жас. |
Қатыстық сын есімдер
Сын есім басқа сөз табынан да жасала береді. Зат есім, есімдік, етістік, үстеу сөз таптарына сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасалады. Заттың сын-сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз. Қатыстық сын есімдер зат есімдерге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. | ||
Жұрнақтар мен олардың мағынасы | Негізгі түбір | Туынды сын есімдер |
|
Тау
Күш
|
Тау-лы
Күш-ті
|
|
Бала
Сүт Тас |
Бала-дай
Сүт-тей Тас-тай |
|
Аудан
Инженер Коммунист |
Аудан-дық
Инженер-лік Коммунист-тік |
|
Бұлт
Су Тіс |
Бұлт-сыз
Су-сыз Тіс-сіз |
|
Күз
Жаз Қыс Көктем Шет |
Күз-гі
Жаз-ғы Қыс-қы Көктем-гі Шет-кі |
146- жаттығу. Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек, екі баған етіп жазыңдар.
сапалық сын есімдер: қатыстық сын есімдер:
ақшыл аттылы
148- жаттығу (деңгейлік тапсырмалар)
І деңгейдегі тапсырма
Мәтінді пайымдап оқып, мазмұнын әңгімелеңіз (бір оқушы мәнерлеп оқиды).
ІІ деңгейдегі тапсырма: Құрамындағы сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратыңыз (Екі бағанға бөлу).
ІІІ деңгейдегі тапсырма: Ертегіні ары қарай жалғастырып, мәтінді аяқтаңыз.
Ой қозғау:
І деңгейде мазмұндаған оқушыға сұрақ: Мәтінде не туралы баяндалады, сын есімнен болған қандай сөздерді кездестірдіңіз?
ІІ деңгейдегі сапалық және қатыстық сын есімді ажыратқан оқушыларға сұрақ: Жаттығу мәтінінде жесір әйелдің, яғни, үш ұлдың анасының шеберлігін, кестелеген орамалдарын қандай сөздермен берген? Мағыналық түрлеріне қарай ажыратып түсіндір.
Үлгі:
Сапалық сын есім | Қатыстық сын есім |
Ескі үй, жесір әйел, керемет, шебер кісі, торқа орамал, үлкен орамал, әсем үй, кең аула, қызыл кірпіш, | Сабан төбелі үй, керемет өнерлі, кестелі бұйымдар, кестеленген үлкен орамал, көк шатырлы аспан түстес көгілдір қабырғалы әсем үй, қызыл босағалы қақпа да алтын сырлы. жемісті ағаштар, әнші құстар, кестелеген орамал |
ІІІ деңгейдегі оқушыға сұрақ: Ертегіні қалай жалғастырдыңыз? Құрастырған үзіндіде сапалық және қатыстық сын есімдер кездесе ме?
150- жаттығу. Мәтінді дауыстап оқыңдар. Сын есімдерді тауып, өзінің тіркескен сөзімен теріп жазыңдар, оларды сұрақ қою арқылы талдаңдар.
І деңгейлі тапсырма: Сын есімді тауып тіркескен сөзімен бірге жазыңыз.
ІІ деңгейлі тапсырма: Мәтін мазмұнына сүйеніп сурет салыңыз.
ІІІ деңгейлі тапсырма: Мәтін ішінен бір тірек сөзді пайдаланып, мәтін құрастырыңыздар.
Осы тектес мәтін құрастырған ІІІ деңгейдегі оқушылар бір-бірінің мәтініне пікір айтады. Бір-бірінің мәтінінде тақырыптың ашылуы мен ойдың жүйелілігі, стилі, тіл көркемдігі, сауаттылығы тексеріледі.
Мынадай бағалау критерийі ұсынылады:
Оқушының аты-жөні | тақырыптың ашылуы
5 ұпай |
ойдың жүйелілігі
5 ұпай |
стилі
5 ұпай |
тілдік көркемдігі
5 ұпай |
сауат-тылығы
5 ұпай (әр қатеге -1 ұпайдан азайтылады) |
Ой қорыту. Бұл мәтіннен нені үйрендің?
Оқушы сөзі:
- тірек сөздерді пайдаланып жоспар құруды;
- мәтін құрастыруды;
- жетістікті мадақтап, кемшілікті түзетуді;
- жолдастарымның еңбегіне пікір айтып қана қоймай, оны бағалауды;
- әдеби, көркем сөздерді қолдана білуді үйрендім.
Рефлексия:
- Сын есімнің мағыналық түрлері дегенді қалай түсінесің? Сапалық сын есім деген не? Мысалмен дәлелдеңіз. Қатыстық сын есім деген не? Мысалмен дәлелдеңіз.
- Қай сөздерден қатыстық сын есім жасалады? Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.
Бағалау.
Оқушыларға берілген бағалау парақшаларын жинап алып, бағалары қойылады .
Үйге тапсырма:
- 153,154-жаттығулар