Алтыбаева Рысты Алтыбаевна
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін инновациялық технологиялар арқылы дамытудың жолдары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты–ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау», — деп көрсетілген.
Мұғалімдер педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. білім салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жаңа ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады. Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту үрдісі әр мұғалімнің өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігінің артып, оқушымен қарым-қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
Қай мемлекеттің болмасын іргетасы, жарқын болашағы – оның ұрпағы. Олай болса, түптеп келгенде, елдің тілінің, туған жерінің, салт-дәстүрінің, қадір-қасиетінің артуы сол жас жеткіншектердің сана-сезімі болып табылады. Сол ұрпақты тәрбиелейтін де, жоғары сапалы азамат ретінде қалыптастыратын да білім ошағы болса, бұл-қоғамның білім саласына қосатын талаптарынан туындайды. Осы мақсаттан туындаған білім тұжырымдамасында: «Білім саласындағы оқу-тәрбие үрдісінің айқын мақсаты, бір жағынан, гуманитарлық мәдениетті жаратылыстану-ғылыми мәдениетпен үйлесімді байланыстыру болып табылады»,- делінген. Міне, мұндай мақсатқа жету-оқытудың әдіс – тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді.
Ана тілін ана сүтімен бойына дарытпаған, оның тұнығына қанып, тереңіне бойламаған бала тілдің қадірін қайдан түсінсін?! Демек, бесік жырынан басталып, баланың бойына сіңген ана тілі отбасында үзілмей, балабақшада ұласып, одан әрі мектеп, колледжбен жалғасып, жоғары оқу орындарымен аяқталып жатса, міне, сонда ғана ол мұратқа жетпек. Осы жүйе үзілмегенде ғана бала тілі ана тіліне айналып, тәрбие-тағылым тілі, өнер тілі, ғылым тілі бола алады. Ұлы кемеңгер Шыңғыс Айтматов айтқандай: «Халықтың мәңгі ғұмыры- оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы». Ендеше, бүгінгі таңда ұстаз көтерер жүк те ауыр, ауқымды, салмақты. Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабына айналуда. Бүгінгі студент-ертеңгі маманға қойылып отырған таңдау, мақсат та жоғары. Бала тәрбиесі-қоғамның азаматын даярлау жолындағы абыройлы іс. Өйткені тарихты жасайтын да, табиғатқа қожалық етіп, игілікке ие болатын да халық және оның жас ұрпағы.
Орта арнаулы оқу орындарында болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін, кәсіптік деңгейін, танымдық белсенділіктерін жан-жақты дамыту мақсатына көп көңіл бөлінеді. Мұндағы біздің басты ұстанар міндет-мақсатымыз- халықтың өз бейнесін ашатын салт-дәстүр, әдет-ғұрпына тәрбиелеу, гуманитарлық бағытта көп көңіл бөлу, халқымыздың тарихы, әдебиеті мен мәдениетінен мағлұмат беру.
Гуманитарлық білім беру адамның әлеуметтік – мәдени тұрпатын сомдау тәсілі ретінде көрінеді, өйткені ол жеке тұлғаның дамуындағы сыңаржақтылық пен толымсыздықты еңсеруге жәрдемдеседі. Әр адамның азаматтық тұғырын табуына жетелейді, сол арқылы оның ішкі әлеуетін ашуына деген мүмкіндігін кеңейтеді.Инновациялық іс — әрекет – педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үрдісі. Педагогтың инновациялық іс-әрекеті мынадай белгілермен сипатталады:
- өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті;
- жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола
отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігі;
- жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуының үздіксіз тәжірибеге енгізілуі;
- педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасап үйрену;
- педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артта қалушылықпен белсенді күрес жүргізу. Айтылғандарды есепке алғанда педагогтың өнімді инновациялық іс-әрекетінің көрсеткіштері мыналар:
- педагогикалық еңбектің тиімділігі;
- оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен бағыттарының бірлігі;
- жеке тұлғаның шығармашылық қасиетінің қалыптасуы;
- мұғалім беделінің өсуі;
- оқушылардың істі талдау әдіс-тәсіліне, дидактикалық ойларға үйренуі;
- оқу мен тәрбие үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет үлгісіндегі ашылулары.
Педагогтың инновациялық іс-әрекетін сараптау бағасы В.К.Криллов., М.Р.Львов.,Н.В.Путилин және т.б. көрсеткен белгілері негізінде жүзеге асады. «Мұнда методикалық мәдениет кіреді, оның құрамында мыналар кездеседі»,-дейді зерттеушілер; «Қазіргі білім берудегі философиялық білім, негізгі ұғым жайлы педагогикалық терминология, педагогикалық ақпаратты қолдану, өңдеу, педагогикалық құбылыстың диагностикалық тәсілі, педагогикалық үрдіс пен құбылыстарға, өзінің педагогикалық тәжірибесін баяндауға жүйелі амал жасау, педагогикалық қызмет жайлы, тұлға мен ұжым құрылымы жайлы білімі, оқу-тәрбие құбылысындағы, үрдісіндегі факторлар мен шарттарды, қозғаушы күштерді, қарама-қайшылықтарды табу, талдау, баяндау қабілеттілігі, педагогикалық жаңашылдық салдары, баланың жеке тұлғасын, оның өзіндік көңіл-күйін, денсаулығын, белсенділігін дамыту, мұғаліммен ынтымақтастығын нығайтатын жаңа педагогикалық бағыттар».
Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдында қойған талаптарына сәйкес «маман моделі» маман профессиограммасын жасау міндеті жұртшылықтың назарын өзіне аударуда.
Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, педагогтар, психологтар бар. Олардың пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:
- Қоғамның саяси сапалары.
- Әлеуметтік-психологиялық, этикалық-педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары.
- Психологиялық және педагогикалық даярлық.
- Мамандық бойынша даярлық.
- Ұстаздың ізденісі.
Болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін инновациялық технологиялар арқылы жетілдіру мынадай әдістер арқылы ұсынылады:
Дамыта оқытудың түпкі мақсаты әр пәнді оқытудың тиімді әдістерін, түрлерін таңдап пайдалануға үнемі нысана, тірек болып табылады.Пәндерді дамыта отырып оқытудың түпкі мақсатының бірі-оқушыларда әр түрлі ситуацияларды (жағдайларды) талдап, одан қорытынды шығару, бір қызмет түрінің әр түрлі қырлары бар екенін көріп ажырату, мәнді белгілерден мәнсіздерден айыру, ұқсас белгілері бойынша топтау, бақыланған құбылыстарды меңгертіп қана қоймай, қазіргі жаңа буын оқулықтармен жұмыс істей алатын зерделі де зерек, ізденімпаз студентті шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Бұл мақсатта сабақта мынадай жұмыс түрлерін орындатуға болады:
- ізденімдік–зерттеу міндеттерін шешетін тапсырмаларды табу;
- түрлі шығармашылық бағыттағы жаттығулар;
- кешенді жаттығулар орындату: кез келген грамматикалық тұлғаны
жан-жақты талдау, байланыстыру. (Слайд №1,2,3)
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен сабақ үрдісінде аталған технологияны қолданған әдіс-тәсілден мысал келтіре кетейін. Студенттердің меңгерген білімдерін тексеру, жүйелеу бағытында сыни ойлау, шешімдер табу мәселесі бойынша студенттер өзара пікір алысады, сұхбат жүргізе алады, түрлі ақпараттарды табады.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдана отырып, оқушының ішкі мүмкіндігін танып, оның сыртқа шығарылуына түрткі жасап, тілдік қабілеттің дамуына жағдай туғызуға болады. Бұл технологияның стратегияларын пайдаланып, оқушылардың шығармашылығы арқылы:
-таным белсенділігін арттыруға;
— өзіндік ізденуді жүзеге асыруға;
— логикалық ойлаудың пайда болуына;
— өзін-өзі дамытуға;
— болжам жасай алуға;
— іскерліктің пайда болуына;
— шешім қабылдау әрекетінің дамуына жағдай туғызылып келеді.Осы технологияның ерекшелігі мына слайдтан көрінеді.(слайд №4)
Ал жаңа оқу материалын меңгерту үстінде мен мынадай жұмыс түрлерін ұсынамын: болжам жасау арқылы оны аша білу, бір-бірімен салыстыру, талдау, тың идея ұсыну, сол бойынша әр орталық, әр топ өз ойын дәлелдейді, талдайды. Одан әрі жаңа білімді меңгерту бағытында шығармашылық тапсырмаларды орындау, талдау, салыстыру арқылы жүйелеу, қорытынды пікір айту жұмыстары орындалады. Осындай шығармашылық тапсырмаларды орындаудың тағы бір түрі проблемалық технология арқылы да іске аспақ.Бұлтехнологияныңмақсаты:
- білім, білік, дағдығаиеқылу;
- өз бетіменәрекеттенуәдістерінмеңгеру;
- танымдықжәнешығармашылыққабілеттеріндамыту.
Аталғантехнологияныңтұжырымдықнегіздерімынаерекшеліктердентұрады:
- Білімді мегеруде нақтыүрдісбасшылыққаалынады;
- Оқушы айнала дүниенітанудаадамзатжүріпөткенжолменжүреді;
- Оқушыматериалды сезім мүшелері арқылы (көріп, тыңдап, сезіп) қабылдап қана қоймай, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.
Оқытудатабысқажетудіңшарттары:
-оқуматериалдарында проблема туғызу;
-оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.
Аталған технологияның мазмұнымен әдістерінің ерекшеліктері мына сипаттарды қамтиды:
-алдын-алабелгіленбеген, кенеттенпроблемалықмазмұндау;
-эвристикалық;
-проблемалықжағдай;
-зерттеушілік-лабораториялықжұмыстүрлері;
-проблемалықжан-жақтытәжірибенегіздері;
-проблемалықтапсырма;
-проблемалықжағдайлар (ситуация) ұсыну.(Слайд №5)
Білімді меңгеру тек қана оқу материалын, ережелерді, заңдылықтарды, мағлұматтарды есте сақтауарқылығанаемес, он оқушылардыңөзілогикалықталдаужасайотырып, орындыпайдаланабілуіарқылыжүзегеасады. Бұлайетуоқушылардың есте сақтау, ойлауқабілетіндамытады.
Проблемалықоқытуәдісі-оқушылардыөздігіненеңбекетуге, алғанбілімінжаңа материалменұштастырабілугеүйретіп, жекепәндергеқызығушылығынарттырады. Проблемалықоқытуәдісінебайланысты М.И.Махмутов, М.Н. Скаткин, И.Я.Лернер, т.б. еңбектеріжарықкөрді.
Әдістемеден осындай теориялық білімді меңгерген студент мектепте байқау практикасында қазақ тілі мен ана тілі сабақтарында 3,4 сыныптарда өз сабақтарын проблемалық технологияны пайдалана отырып өткізеді. Сабақтың басында студент–практикант оқушыларға проблема ұсынады, түрлі басқыштар арқылы жұмыс түрлерін жүргізіп, оқушыларды қызықтыра, олардың белсенділіктерін дамыта отыра, сабақ соңында өзі ұсынған проблемалық сұраққа жауап алады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ішінде әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сай оқытудың мәні ерекше.Ғалымдардың дәлелдеуінше, білім мазмұнын деңгейлік оқыту тәсілі арқылы меңгерту жақсы нәтиже бермек. В.П.Беспалько, Б.Блум, Ж.А.Қараев т.б. еңбектерінде ұсынылған деңгейлік оқыту тапсырмалары оқушының мүмкіндігін жетілдіруге жол ашып, олардың білім, білік, дағдылары үздіксіз жетілдіріледі, оқушы өз ойын саналы жеткізе білуге, салыстыра, талдай алуға, дәлелдеуге үйреніп, қабылдаған білім деңгейін тереңдете алады, шығармашылықпен жұмыс істеуді меңгере отыра, коммуникативтік тәсіл арқылы өзі меңгерген білімді өмірде қолдана білуге машықтанады.(Слайд №6)
Бұл технологияныңтұжырымдық ерекшеліктері мына белгілерден тұрады:
- мықтылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі;
- әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алады да, өзіне деген сенімсіздіктен арылады, сөйтіп оларда жауапкершілік, сенім қалыптасады.
- Білім дәрежесі деңгейлес топтарда оқу жеңілдейді, баланың мүмкіндігі бірте-бірте дамиды.
Деңгейлеп саралап оқытутехнологиясының мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктері мына негізде құрылады:
- білім мазмұнын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт көлеміндеоқыту мақсаты;
- Білім Заңы талаптары мен білім тұжырымдамасына сәйкес заңдылықтарға сай оқыту;
- жеке сыныптар мен оқу топтары бағдарламалары негізінде жүзеге асыру;
- барлық оқушыны нақты білімге жетелеу үшін олардың мүмкіндіктеріне сай үйрету, іздендіру.
Білім берудің негізгі мақсаты—еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру, оның ерекшелігі мына кестеден көрінеді(Слайд №7).
Қазіргі мектеп алдында жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылықпен ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр. «Білім негізі–бастауышта» демекші, білім берудің алғашқы сатысы–бастауыш білім, сондықтан баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылықпен ойлауға, өз бетімен шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйрету қажет. Оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту–бүгінгі күннің басты талабы. Бастауыш сынып мұғалімін дайындайтын оқу орнында ұзақ жылдар жұмыс істеу тәжірибемде жаңа инновациялық технологиясыз болашақ мамандарды дайындаудың мүмкін еместігіне көз жеткіздім(Слайд №8).
Жаңа білім жүйесіне көшу алдында инновациялық жаңа технологиямен жұмыс істей алатын ұстазлар қауымының қоғамға қосар үлесі мол.
Мен жас ұстаздарға инновациялық технологиялар туралы тәлімгерлік сабақтар жүргізіп келемін(Слайд №9).
Пайдаланылған әдебиеттер:
- «Білім берудегі менеджмент» — №2 2010жыл.
- «Қазақ тілі:әдістеме» — №9-10, 2010жыл.
Білімберу жүйесіндегі мәселелер. «Қазақстан мектебі» №11 2011жыл.