Басы » Баяндамалар » Жаңа технология – сабақта

Жаңа технология – сабақта

Алтыбаева Рысты Алтыбаевна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Тренинг cабақ тақырыбы: «Жаңа технология – сабақта»

Тренинг  мақсаты:

  1. Инновациялық оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін меңгерту.
  2. Студенттердің әдістемелік білімі мен танымдық белсенділіктерін дамыту.
  3. Сабақта студенттердің кәсіби шеберлігін тәрбие үрдісі бойынша нақтылау.

Тренинг көрнекілігі: сабақ сипаттамасы жүйесіне арналған жоспар – кесте, үлестірме материалдар, буклеттер сериясы, түрлі үлестірмелі – дидактикалық  құралдар, лотерея.

Тренинг әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, идеялар каруселі,таныстырым, көрініс, сыр – сұхбат, үстел түйіндемесі (резюме)

Тренинг жүрісі:

І. Бағдарлама туралы бірер сөз.

—  Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және студенттер?

—  Сәлеметсіз бе?

—  Бүгін біздің сабағымыз тренинг түрінде өтеді. Оның жоспары тақтада тұр. Мына отырған жастар І курс студенттері әдістемені енді ғана бастап, сауат ашу әдістемесінің әліппесімен енді ғана танысып жатқандар  және сабақта сырттай оқитын топ студенттері де бар. Оларға әр семестр сайын ауылдарындағы мектептерге сабаққа қатысу үйге тапсырма ретінде беріледі. Бүгін сол қатысқан сабақтары жайында, көрген- білгендерін баяндауы тиіс. Бұлардан басқа сабағымызға ІІІ курс  студенттері де қатысуда. Оларды кейін өзім қосымша таныстырып өтермін.

ІІ. Карточка – тент.

(теориялық сұрақтарға жауап).

 

Күндізгі топқа:

  1. Методика деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
  2. Бірінші заңдылық туралы не айтар едің?
  3. Екінші заңдылық қандай әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді?
  4. Төртінші заңдылық жөнінде қай ғалым пікір айтты?
  5. Жетінші  заңдылықтан қандай принциптер шығады?
  6. Қазақ тілін оқытудағы мақсат не?
  7. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны.
  8. Қазақ тілін оқыту әдістері қандай?
  9. Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздерін табыңыз.

10.Сауат ашу барысындағы оқу мен жазу процесінің психофизиологиялық ерекшеліктері қандай?

  1. Сауат ашу әдісі туралы ұғым.

 

Сырттай оқу тобына: 

  1. Сауат ашудың неше кезеңі бар?
  2. Дайындық кезеңінің ерекшелігін түсіндіріңіз.
  3. Сауат ашу кезеңінде орындалатын жұмыстарды атаңыз.
  4. Сауат ашу сабақтарында дыбыс пен әріп қалай үйретіледі?
  5. Көрнекіліктің сабақ өтркізудегі ролі қандай?
  6. Грамматикалық ойын түрлері сабақта қалай пайдаланылады?
  7. Сергіту жаттығулары не үшін керек?

 

Оқытушы:

  • Карточка-тент сұрақтарынан кейін бір топ екінші топқа сұрақтар қойып байқасын. Жауап бере алмай қалған топқа басқа топтың жауап беруіне де болады.

ІІІ. Жұптық кездесу.

Сырттай оқу тобы мен күндізгі оқу тобы студенттері бір –біріне сұрақ қояды. Қоятын сұрақтары  сабаққа, сабақтан тыс шараға қатысуы, практика туралы болуы керек. Мысалы:

— Өзіңіз қатысқан  сабақтан қандай әсер алдыңыз?

  • Бастауыш сыныпта сынып сағатын қалай өткізуге болады, т.б?

Оқытушы сөзі:

  • Студенттер, Жұптық кездесу қандай әсер қалдырды? Бұған жауапты жоғарғы курс студенттері берсін. Айнұр, Меруерт, Гүлзиралар өз пікірлерін айтады.

 

ІV. Үстел түйіндемесі. ( резюме)

            Өз үстеліңіздің айналасында отырған адамдардың тізімі.

Жалпы жас мөлшерін анықтау мақсатында өз үстеліңіздің  айналасында отырған барлық қатысушылардың жасын қосыңыз.

Өздеріңіздің қатысқан сабақтарыңыздың саны.

Сіздің үстел мүшелерінің  спорт түріне қатысы.

Сіздердің  өткізген сабақтан тыс шаралардың саны.

Үстел мүшелерінің жаттаған өлеңдерінің саны.

Сіздің үстел мүшелерінің көңіл- күйін түспен белгілеңіз және оны дәлелдеңіз.

Оқытушы студенттердің пікірін сұрайды.

  1. Галерея бойынша жүру.

ШП-31 тобының студенті  Бектұрғанова Гүлзира жаңа технологияларға арналған буклет бетшелермен таныстырып шығады.

  • Дамыта оқыту технологиясы.
  • Тірек сызба бойынша оқыту технологиясы.
  • Ойын арқылы оқыту технологиясы.
  • Ізгілендіре оқыту технологиясы.

—    Проблемалық оқыту технологиясы.

  • Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.
Дамыта оқыту
Ізгілендіре оқыту

 

 

 

 

Проблемалық оқыту
Деңгейлеп оқыту

 

 

 

 

 

Технологиялар

Тірек-сызба арқылы оқыту

 

Ойын арқылы оқыту

 

Оқытушы: Орыс сыныптарында қазақ тілін оқытатын бөлім  студенттері  осы жаңа технологиялармен қалай жұмыс істегендерін айтып берсін.

 

VІ.Жаңа технология сабақта.

Әліппеден сабақ беру.

Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі.

 

Сабақтың мақсаты: 1)  Ә дыбысы және әрпімен таныстыру. Өтілген   дыбыстарды қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру, текшемен белгілеу әдістерін меңгеру.

2) Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Кісі аттары, тау, қала аттары бас әрпімен жазылатынын түсіндіру.

3) Балалардың буын туралы түсінігін кеңейту, логикалық ойындар, жаттығулар арқылы балалардың пәнге қызығушылығын қалыптастыру, қолдарын жаттықтыру.

Сабақтың дамытушылық мәні: балалардың тіл байлығын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сөздік, практикалық ойын.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріптер, ойыншықтар, текшелер, тақырыпқа байланысты суреттер, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
  • Қане, барлығымыз оқушы ережесіне сай түзу отырып, керекті құралдарымызды шығарайық. (оқушыларды тексеру).

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Осындай әсем өлең шумақтарынан кейін, әліппе оқулықтарымызды ашайық.

ІІ.Үйге берілген тапсырма.

  • Балалар, біздер өткен сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?
  • «І» дыбысы мен әрпі.
  • Ендеше, «І» дыбысы мен әрпін еске түсірейік. Барлығымыз тақтаға қарайық. Тақтада нелерді көріп тұрмыз?
  • Тышқан, ірімшік сөздерін көріп тұрмыз.
  • Осы ірімшік дегеніміз не?
  • Тамақ және оны сүт тағамынан жасайды.
  • Ірімшікті жақсы көретін қай жануар?
  • Тышқан.
  • Біз берілген басқыштардағы сөздерді оқу арқылы тышқанға ірімшікті алуға көмектесеміз.

 

 

 

 

 

 

Бір лік
Ті сі
Бі лім

 

Кі сі
тіл
Кі ші

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Жарайсыңдар! Сіздерге тышқан үлкен рахметін айтады.
  • Оқушылар, сіздер «мозайка» ойынын ойнап білесіңдер ме?
  • Кәнекей, ойнап көрелік.

 

Ойын шарты:

Берілген мозайка бөліктерінің соңында, оқулығымыздағы «Ін» мәтінінен бір-бір сөйлем берілген. Сол берілген сөйлемдерді  мұқият, қатесіз оқуымыз керек. Сонда әр бөлікті ашқан сайын әдемі сурет шығарып аламыз.

  • Оқушылар, «ін» дегеніміз не?
  • Ін салатын қандай жануарларды білеміз?

ІІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру. 

— Оқушылар,   сіздерге ірімшікті тәттілеп әзірлеп беретін кім?

— анамыз.

— Анамыздың қолы тимей жатса ше?

— Әжеміз.

— Кім әжесі туралы әдемілеп айтып береді?

(оқушыларды тыңдау)

— Жарайсындар,  балалар! Сіздерге жұмбақ шешкен ұнай ма?

  • Иә.

Сергіту сәті.

Әтештей қанат қағайық,

Әрбір жаққа қарайық.

Шынықтырып денені,

Әп — әсем боп тұрайық.

ІV.Жаңа сабақ.

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай… 

                                 (әтеш)

— «Әже» , «Әтеш» деген сөздерде ең бірінші қандай дыбыс естіледі?

— «Ә» дыбысы.

— Барлығымыз «Ә» деп айтып қарайықшы. «Ә» дыбысы   айтылғанда кедергіге ұшырамайды. Сонымен бірге Ә баспа әрпін кітаптардан, газет – журналдардан көреміз, ал жазба түрін дәптерлерімізге күнделікті жаттығулар жазған кезде қолданамыз екен.

— Ендеше, барлығымыз берілген «Ә» дыбысы бар бетте ашамыз да, бағандағы берілген сөздерге қараймыз. Мен сіздерге ең алдымен оқып берейін, барлығымыз сұқ саусағымызбен жүргізіп отырамыз.

 

Бағанда берілген сөздер:

 

ә же      ә сем       сән ді       ән       ән ші

ә ке       ә де мі     дәм ді      сән     ә теш

 

 

 

 

Әже
Мейрімді
еңбекқор
Асылхан
қамқоршыы
өнерлі
аяулы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әже

Сәуленің әжесі бар. Әжесі немересіне шәлі тоқыды. Шәлі жылы әрі жұмсақ болады. Сәуле шәліні басына тартты. Шәлі оған жараса кетті. Сәуле қуанды, әжесіне рақмет айтты. Сәуленің әжесі тағы да жіп сатып әкелді. Енді немересіне әдемі қолғап, жылы байпақ тоқып береді.

 

  • Сәуленің әжесі не тоқыды?
  • Шәлі Сәулеге ұнады ма?

 

ріп

 

 

 

 

демі
сет
депті
Ә
ліппе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Дәптермен жұмыс.

«Ә» дыбысының ауада қалай жазылатындығын көрсету, содан соң дәптерге орындату.

Ауада жазу:

Алдымен ауадан бір нүкте таңдап аламыз. Сол нүкте бойынша оңға қарай сал дөңестеу сызық жүргіземіз. Содан соң сызығымызды төменге қарай созамыз да, солға қарап жүреміз. Сызықты жоғары көтереміз де, оңға қарай бұрамыз.

Сергіту сәті.

Бала, бала, балақан,

Кәне, қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай былай ойнат.

VІ.Үйге тапсырма беру.

«Ә» дыбысына берілген бағандағы сөздерді  оқып келу. «Әже» мәтінін айту.

VІІ.Бағалау сәті.

Сабаққа қатысқан оқушыларды өте жақсы деген бағамен бағалау және мадақтап өту.

VII. Аутотренинг.

Студент жүргізеді.

— Ал қазір сәл бой жазып алайық, ол «Мақсатқа жету» деп аталады. Бұл бой жазуымыздың мақсаты — тіл дамыту жұмысына қолайлы жағдай жасау.

Ыңғайланып отырыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, екі қолыңызды тізеңіздің үстіне қойыңыз, көздеріңізді жұмыңыздар және көз алдарыңа елестетіңдер.

Күз мезгілі. Күз деген аты болмаса, әлі күн суыта қойған жоқ. Тербелген ағаштар мен сыбдырлаған  сары  жапырақтар, күйбең тірлікпен ары-бері сандалған адамдарсізге бөгет бола қоймас. Өйткені аспанда күн жарқырап тұр және осы күн нұры шашуының шуақты бөлігі сізге тиісті … Оның жылуы сіздің басыңызды жұмсақ еркелетіп қыздырады, ол сіздің денеңізге кіреді, ол өне бойыңызға төгіледі. Осының бәрі сөздің «мақсатқа жету» жолындағы барлық жағымсыз ойларыңыз  бен сезіміңіз еріп, оның орны күздегі алтын жапырақтай жалт-жұлт  еткен жарықпен  толтырылады.

Жағымсыз күйлер қараңғы түтінге  айналып, оны жұмсақ жел тез қуады.

Сіз өз мақсатыңызға жеттіңіз, сабағыңыз сәтті өтті. Сіз жаман ойдан арылдыңыз. Сізге жарық түсті және сіз көңілдісіз!

Оқытушы:

  • Осы аутотренингтен қандай әсер алдыңыздар?
  • Жауап.

VIII. Педагогикалық жағдай (ситуация).

Өзгелерге өз тілімді үйрету.

 

Оқытушы:

  • Педагогикалық жағдайдан (ситуациядан) қандай әсер алдық? Пікір алысуға белсенді қатысайық.
  • Жауап,пікір.

Орыс тобы студенттеріне қазақ тілінде сұрақтар қояйық.

 

  1. Идеялар каруселі – портфолио.

Студент орыс сыныптарында қазақ тілінен сабақ беретін бөлімде  үздік оқиды. Облыстық ғылыми жарыстар сайысында қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен  І орын алып, дипломмен марапатталды. Студент өзінің портфолиосыментаныстырады.

Оқытушы: ШП – 12 тобы студенттері практикантқа сұрақ қоюларыңа болады.

Сұрақтар:

  • Сіздің тіл мамандығын таңдауыңызға не себеп болды?
  • Жауап.
  • Әдістемеден мынадай көп материалдарды дайындауды қалай меңгердіңіз?
  • Жауап.
  • Сайыста бірінші орын алу, әрине, үлкен жетістік. Осыған қалай жеттіңіз?
  • Жауап.
  • Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырынмеңгере алдым деп ойлайсыз ба?
  • Жауап.
  • Әдістеме сабағынан үйге тапсырма ретінде көрнекіліктер дайындау керек екені біздің жүрегімізге қорқыныш ұялатып жүр. Сіз осы қиындықтан қалай өттіңіз?
  • Жауап.

X.Тілек алаңы.

І курс студенттері ІІІ курс студенттеріне тілек айтады, ІІІ курс студенттері  І курстықтарға өз аманаттарын тапсырады. Ол – лотерея.

 

  • Білімді студент
  • Жауапкершілігі жоғары топ
  • Ізденімпаз түлек
  • Колледж мақтанышы
  • Әрі студент, әрі оқытушы
  • Болашақтыңбілгір маманы
  • Кішкене балғындардың сүйіктісі
  • Диплом алды практикасында бүлдіршіндердің сүйіктісіне айналған мұғалім – ұстаз.

XI.Қорытынды.

Оқытушы сөзі:

  • Бүгінгі тренинг сабағымызда жаңа технологияны сауат ашу сабақтарына да қолдануға болатынын түсіндік.

Сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *