Басы » Эссе » Біз болашақ мұғалімбіз!

Біз болашақ мұғалімбіз!

Испекеева Дина Ерғазы қызы

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

ағылшын тілінен арнайы пәндер оқытушысы

Тақырыбы:  «Біз болашақ мұғалімбіз!»

Мақсаты :

  • студенттердің болашаққа деген сенімін нығайту, үмітін арттыру.
  • кәсіби қызмет туралы мәліметтер беріп, білімдерін одан әрі дамыту.
  • белсенді жұмыс жасап, педагогикалық шеберлік пен әдепті игеруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Сабақтың жүрісі:

 Жүргізушілер:

 Мүдебаева Гаухар: — Алтын менен күмісті Зергер үшін жаратқан,

                                      Арқар менен құлжаны Мерген үшін жаратқан

Ал мамандықты болашақ маман иесі болсын деп жаратқаны мәлім.

Сатан Мөлдір:  Сәлеметсізбе құрметті ұстаздар мен студент жастар! Ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Мүдебаева Гаухар:Даналықты үйреткен,ұстаз деген адал жан.

Білім нәрін үйреткен,ұстаз деген адал жан.

Бар жақсыны меңгерткен,ұстаз деген адал жан.

Тәрбиеге көмілткен, ұстаз деген адал жан – дей келе алғашқы сөз тізгінің ШБ – 41   тобының топ жетекшісі Дина Ерғазықызына береміз.

 

Сатан Мөлдір: Мамандықтың сапалығы оған қоса болашақтағы тиімділігі аса зор үрей туғызады. Бүгінгі мамандық,әрине, мұғалімдік қызмет туралы болмақ.

Мүдебаева Гаухар:  Иә, жастардың білімі қандай сапада, қандай көрсеткіште, қай мұғалімге қарап үйренгені, қай әдіспен сусындағаны туралы білу қызығырақ.

Сатан Мөлдір: Ал ендеше, бүгінгі болашақ мұғалімдердің білімін саралап көрейік…

Мүдебаева Гаухар:   Педагогикалық шеберлік дегеніміз не?

Сатан Мөлдір:          Педагогикалық әдеп дегеніміз не?

Мүдебаева Гаухар:  Педагогика мен психологияның айырмашылығын ата.(Өз ойы)

Сатан Мөлдір:          Әдіс дегеніміз не?

Мүдебаева Гаухар:  Ағылшын мұғалімі қай кезеңдермен жұмыс жасау керек?

Сатан Мөлдір:          Ағылшын мұғалімі бастауыш сыныптарында нені көп қолдану керек? Оның әсері қандай?

Мүдебаева Гаухар:   Нәрестелік кезең деп қай жас шамасын айтамыз?

Сатан Мөлдір:          Оқытушы тақтаның қай жағында тұруы қажет?

Мүдебаева Гаухар:   Мұғалімнің сабақ жоспары неге сүйеніп жасалады?

Сатан Мөлдір:          Ағылшын жазушыларын атаңыз.

Мүдебаева Гаухар:   Педагогиканың негізгі ұғымдары атаңыз.

Сатан Мөлдір:          Актерлік шеберлік дегеніміз не?

Мүдебаева Гаухар:   Оқытушының техникалық  шеберліктерін атаңыз.

Сатан Мөлдір:  Өте жақсы. Болашақ мұғалімдеріміздің темір қазықтай мықты екенін байқадық.

Мүдебаева Гаухар: Әр сабақтың өзіндік ерекшелігі болады. Мұғалімнің сегіз қырлы бір сырлы болуы керек екені аян. Сондықтан өнерлі мамандарымызды ортаға шақырайық, сіздерге шығарма жазу тапсырылды. Тақырыбы: Біз болашақ мұғалімбіз!

Сатан Мөлдір:

 Бексұлтан Майра:

Мен болашақта өскелең ұрпақтың алдымен тәрбиесіне, олардың өсіп жетілуіне, біліміне өз үлесімді қосқанды алдыма қойған мақсат деп білемін. Себебі қазіргі қоғамда жастардың қатысуымен орын алып жатқан жайттардың алдын –алу, яғни болдырмау мәселелерін қарастыру мақсатында еңбектенуді көздеймін. Саналы ұрпақ – сапалы білім қажет ететін замандада, көштен қалмайды. Әрбәр оқушының білім алуында мұғалімнің  атқаратын рөльі зор деп білемін.

Төлембетова Мадина:

Алғыс айтамын жаратқанға сана берген

Саналықты біліміме қоса ерткен.

Ұстаздардың мейірімін,қалай айтам,

Данышпандық қасиетпен тан қалдырған.

Жан дүниені түсініп, саралайтын,

Ұстаз деген болашақ біз боламыз.

Білім нәрін сусындатып, үйреткен,

Ұстаз деген болашақ біз боламыз.

Жастардың амандығын тілеп жүріп,

Мейірімге бөлейтін біз боламыз.

Күліп түріп, амандасқан бүлдіршінге,

Тәрбиені сыйлайтын біз боламыз.

Оң мен солды білмейтін балапанға,

Жол көрсетер ақылшы біз боламыз.

Мұң мен қайғы орнаған көңілінде,

Жұбанышы олардың біз боламыз.

Төрт кіл дүние бас иіп,иелетін,

Мақтанатын ұстаздары біз боламыз.

Жауапты әрқашан оқушыға,

Патшайымы мектептің біз боламыз!

Хақ тағалам аман-есен бұйырып,

Сол күндерге біздерді енді жеткізсін!!!

 

Айнабева Жансая:

Ғылым да, шахтер да бас иетін деп ақын атамыз жырлағандай , мұғалім ол барлық мамандықтың анасы. Ұстаздар берген тәрбие кез-келген жанға өмірде берер шырақ екені сөзсіз.Ғылым иесі де , ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да бәрі ұстаздан білім алған.Осындай ұстаздың былайша айтқанда қасиетін көре тұра әрбір өсіп келе жатқан жас ұрпақтың ,әсіресе, қыз баланың арманы  — ұстаз болуМіне, менде ұстаз боламын деп алға қадам жасадым.Алғашқы баспалдағымның төртінші жылына да аяқ бастым.Бірнеше айдан соң, бәлкім, ғалымның да,ақыннның да, батырдың да ұстазы болармын.Бірақ ол оңай жұмыс емес.Қиындығы да,қызығы да жетерлік, бірақ ең бастысы, жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі.Әрбір тұлға өмір. Өмірінде тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазың мәңгілік есіңде сақталады. Ұстаздың біздің алдымызда суыққанды болуы міндет емес, жылы жүзді,мйірбанды, жанына жақын тартатындай болып елестеу керек.Нағыз мұғалім,міне осы! Алла нәсіп етіп жатса, осындай Ұстаз деген атаққа лайық мұғалім болуға тырысамын.

 

Бекберген Назым:

      Ұстаз — жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген. Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік. Балалар өлең оқиды. Ұстаз болу- жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақындығы. Азбайтұғын адамның алтындығы. Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың, Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан, Шәкіт кәңілңнде күн болып жайнап жанатын.

Аязова Гаухар:

Осы тақырыпты тақырыпты жазар алдында  көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан.

    Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам болу керек деп түсінемін.

Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да мен мұғалім болғым келеді. 

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлінуі қажет де білімін.

   Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.

 Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Мүдебаева Гаухар:  Шығармалары мен туындыларынан мамандықтарына бейім екендіктері айқындалады. Таң тамаша қалдыру, өзінің озық тәжірибесімен ерекшелену, кәсіби біліктілігімен көтерілу – бұл, әрине ,мұғалімге сай міндет!

Сатан Мөлдір: Ендеше, болашақ маман иелерінің өз мамандықтарына көңілдері толадыма екен немес толмайды ма екенін, экран бетіне берілген сауалдармен білейік.

Мүдебаева Гаухар:  (слайд) Мұғалімдік мамандықты неліктен таңдаңыз? (Сексенова)

Сатан Мөлдір:  Мамандығыңыздың сізге және болашағыңызға тигізер әсері барма? (Лұқпан)

Гаухар:   Қай ұстазыңыздың мамандығы және оның әдісі сізге ұнайды? Неліктен? (Құлжанова Гүлім)

Сатан Мөлдір: Мамандығыңыз  бойынша байқау сабақтары өткізіліеді. Қиындық келтірген кезі болдыма? Қандай? (Имам — Қадыр)

Мүдебаева Гаухар:   Әрбір мұғалімнің әр түрлі әдістері болады. Неліктен олай деп ойлайсыз? (Нұртөрева)

Сатан Мөлдір: Сіздің әдісіңіз қандай? (Сүйеуғалиева)

Мүдебаева Гаухар:  Сан қилы пікір тыңдап бір серпіліп қалғандаймыз.Әрине, маман атану оңай болғанымен- мұғалім болу қиын.

Сатан Мөлдір:  Дұрыс айтасың! Мамандық таңдаудын шатаспаған абзал. Басталғалы бері білім сынап, ой тыңдадық. Ал енді пікір-таластырсақ қайтеді?!

Мүдебаева Гаухар:  Олай болса, « Маман қандай болуы қажет?» болашақ мамандар?!

Сатан Мөлдір:  Өте жақсы, мамандар мен мамандықтар сан алуан, әр қилы.

Мүдебаева Гаухар:  Иә, әрине.Бала мен патшаға да, бай менен кедейге білім беретін ол – жалғыз ұстаз.

Сатан Мөлдір: Қолда бар алтын мамандығымызды қадір тұтып,еліміздің өркендеуіне үлес қосқанымыз жөн.

 

Мүдебаева Гаухар:  Ендігі кезекте Сатан Мөлдірдің дайындауы бойынша белгілі ақын атамыз Мұқағали  Мақатаев пен Мұхтар Шахновтың өлеңдерінен үзінді тыңдайық.

     Махамбеттер , Абайлар -ай

Өмірдің қысы, жазы, көктемдері,
Қысылтаяң шақтары, өткелдері,
Адамның аққан қаны, төккен тері,
Мұратқа жетпегені, жеткендері –
Жанымды жеп жүр менің көптен бері.
Атысу, аңдысу мен таласудың,
Санасу, табысу мен жарасудың,
Мінезін мынау адам баласының
Білсем деп құпиясын аласұрдым,
Алдында алуан-алуан мінездердің,
Амалсыздан келеді мың өзгергің.
Әркім өзін балайды данышпанға,
Бір-бір құдай санайды бір өздерін.
Білмейді екем…
Қолымнан келмейді екен,
Жоқты аңсап, жоқ сусынға шөлдейді екем.
Қой енді, тыйылайын, бұғынайын,
Ойымды орасанға бөлмей бөтен.
Жасырмай ойымды айттым талай-талай,
Қайтейін кетті бәрі қарайламай.
…Айтарын ашып айтқан абайламай,
Дариға-ай,
Махамбеттер, Абайлар-ай!!!

Төрт ана

Тағдырыңды тамырсыздық iндетiнен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгi астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдiреттi төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРI – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТIЛI – мәңгi өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРI – тiрегi,
Қадамына шуақ шашар үнемi,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрi қасiреттi болса да.
Құдiрет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсiнбеген пенделер.
Төрт анадан сенiм таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиеттi бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшiн болған күрес – күрестердiң ұлысы!

Сатан Мөлдір:  ШБ – 41 тобының болашақ жас маманы Төлембетова Мадинаны «Мен мұғалім, болашақтың күншуағы !» — атты өлең шумағымен ортаға шақырайық.

Төлембетова Мадина:

Қадам бастық білім алар ошаққа,

Санамыз болды біздің әр жақта.

Бала болдық, сәби болдық не шара?

Болады алма кезек өмір мына.

Бұрын біздер білім алдық ұстаздан.

Бұйырса бізде болдық міне ұстаз.

Талаптыға нұр жауады деген бар,

Талаптанған алады деген тағы бар.

Білім деген құндылықпен өсіппіз,

Тәрбиемен жетіліппіз қашанда.

 

Ұстаздық деген қиын жол.

Өмірлік сынақ білгенге.

Санасына сіңірген,

Біледі ғой әр пенде.

Білімдісі,білімсізі бар олардың,

Ақылдысы,ақылсызы бар олардың.

Жаман айтпай, жақсы жоқ қашанда,

Ұстаздыққа күш керек қой әр таңда.

Сүрінесің,жығыласың, жылайсың,

Тәрбиелеу оңай деп ойлаймысың?

Білім беру керемет іс, шебер болсаң,

Білім беру мықты іс қой, шыншыл болсаң.

Білім беру әдепті іс, адал болсаң.

Адамдықты талап етер адам болсаң.

Айдан кейін күн шығады қашанда,

Бақ туады, адал болсаң,қадамға.

Берекелі іскер болып, сендерде

Атанарсың білікті ұстаз,заманда.

Мен мұғалім болашақтың қалауы,

Мен мұғалім болашақтың бір таңы,

Мен мұғалім болашақтың күн шуағы,

Мен мұғалім балалардың шамшырағы.

Мүдебаева Гаухар:   Керемет сезім,толғаныс,ой! Мамандықты игеру, оны толықққанды білу. Барлық жақсына үйреніп, жамандықтан жиреніп, кезі келгенде шап беріп, биік белесті бағындыруға тырысайық.

Сатан Мөлдір: Өз ойларыңызды білдіріп, пікірлеріңізді қалдырғандарыңызға рахмет.

Мүдебаева Гаухар: Ендеше біз ашық – тәрбие сағатымызды тәмамдай келе, мұғалімдерге сөз берсек.

Сатан Мөлдір: Осымен, «Біз болашақ мұғалімбіз!» -атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болңыздар.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *