Испекеева Дина Ерғазы қызы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
ағылшын тілінен арнайы пәндер оқытушысы
Пәні: Шетел тілінен оқыту әдістемесі
Тақырыбы: ’’Шетел тілін оқытуда грамматиканың маңызы’’
Сабақтың мақсаты:
— топты өткен сабақта не үйрендік, бүгін не үйренеміз деген Блум таксономиясы әдісі бойынша таныстырып (үйрену, түсіну, қолдану,талдау, бағалау) тәсілдерін пайдаланып , сабақты қалай жүргізу жолдарын және сабақты талдауға үйрету.
— Топты сабақты жүргізетін, талдайтын мамандарға және сынып оқушыларына бөлу арқылы жаңа әдістерді қолданып сабақты жүргізу қабілеттерін дамыту және теорияда алған білімдерін тәжірибеде ұштастыру.
— Сабақ кезінде оқушы өзін-өзі ұстауға, адамгершілікке, мәдениеттілікке , жауапкершілікке, бір-біріне жанашырлыққа,топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу, мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, кеспе қағаздар, плакаттар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың жүрісі:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларды алдымен топқа бөліп не үйрендік? деген сұрақтарға жауап беріп, өткен тақырыпқа байланысты теориялық білімдерін тексеріп, теорияда алған білімдерін практикалық тапсырмалар орындау арқылы ұштастыру (Лексиканы оқыту мазмұны тақырыбы )
- Лексика дегеніміз не?
(тілдегі сөз байлығын тексеретін ғылым) “лексис”-тіл, “логос”-ғылым деген мағынаны білдіреді.
- Лексикология дегеніміз не?
Лексикология тілдің лексикасын немесе сөздің құрылымын
зерттейтін ғылым.
- Сөздермен жұмыс жасаудың қандай жолдарын білесің?
1.аудармасыз
2.аудармалы
а)аудару
ә)аудару,талқылау
б)оқушының сөзбен өздері танысуы
1.аудармасыз
2.аудармалы а)аудару ә)аудару,талқылау б)оқушының сөзбен өздері танысуы |
Жаңа сөздермен жұмыс жасау әдісі (практикалық тапсырма)
1 мұғалім жаңа сөзді үлгіде оқиды кейін әр сөзді 3 рет қайталайды
2 қайталау кезінде қажетті суреттер әлде қимыл іс-әрекеттер көрсетіледі(сөздің аудармасы қазақ тілінде жазылмайды)
3 түсініктерін түсіну барысында “What’s this?” “What’s the Kazakh for?” сұрақтары қойылады
4 оқушылар жаңа сөзді барлығы бірге және жеке-жеке қайталайды
5 “ open your vocabulary and write down all these new words”(оқушылар сөздіктерін ашып жаңа сөздерді көшіріп жазады)
Жаңа сөздермен таныстыру
- Тақырыбы:Let’s go (Әсия)
a car [ka:] –
a bus [bΛs] —
2Тақырыбы:The monkeys(Зияда)
- Тақырыбы:In my classroom (Айгерим)
a window[windəu]–
a chair [tʃɛə] —
a door [dɔ:] —
a board [bɔ:d] —
a table [teibl] —
Introduction the new words.
T: Pupils look at the blackboard, you can see our new words. At first I’ll read, listen to me carefully.
Талдаушылар 1- Қуанышова Айгерим
2- Сағынова Ақерке
3- Рапбергенова Әсел
III Жаңа тақырыппен таныстыру.
Бүгін не үйренеміз ? деген сұраққа жауап беріңіз.
- Грамматика нені үйретеді?
Сөйлемдегі сөздердің дұрыс құрылымын зерттейді
- Грамматиканы үйренуде қандай жаттығулар түрлерін білеміз?
Тану,үйрету,шығармашылық жаттығулары
- Грамматикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар жүргізу әдісі (практикалық тапсырма)
1 Тақырыпқа байланысты ережелер мен таныстыру
2 Мысалдар келтіру
3 Жаттығулар жүргізу арқылы жаңа тақырыпты бекіту
Introduction the new grammar theme
1 Тану жаттығулары (Айнұр, тақырыбы:The Future Simple Tense )
shall / will + V
+ We shall go to the cinema tomorrow
— We shall not go to the cinema tomorrow
? Shall we go to the cinema tomorrow?
Yes, we shall / No, we shan`t
- Үйрету жаттығулары (Инабат, тақырыбы: “to have” in The Present Simple )
« to be» in the Present Simple
- Шығармашылық жаттығулары (Гулназ, “to be” in The Present Simple)
“to have” in the Present Simple
- Үй тапсырмасын беру және түсіндіру
Практикалық тапсырма орындау (тақырып таңдауы бойынша)
- Оқушыларды бағалау
- Сабақты қорытындылау