Омарова Сара Айтбайқызы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
тарих пәнінің оқытушысы
Дамыта оқыту арқылы студенттерді ойлау қабілетін жетілдіру
Егеменді еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем етіп, оны дамушы елдермен терезесі тең дәрежеде дамытатын бүгінгі оқушы – ертеңгі маманға сенім артатындықтан, сапалы білімді, саналы маман тәрбиелеу ісі білім беру мекемесінің еншісінде.
Елбасымыз Нұрсылтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі айтылған. Бүгінгі білім ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын меңгеру ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой-өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты жаңа ғасыр ұрпақтарын тәрбиелеу.
Педагог ғалым В.Беспалько өзінің « Слагаемое педагогическое технология» атты еңбегінде былай дейді: «Педагогикалық жүйе – бір-бірімен байланысты әдістер педагогикалық процестер жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін нақты мақсатты, бағытты педагогикалық әсер» (М.Педагогика 1993ж 192 бет).
Үнемі дамып өзгеріп отыратын оқушының ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда оқытушының ықпалы ерекше.
Ұлттық тарихқа мәдениетке деген рухани сұраныстарға орай тарих пәнін оқыту да жаңа бағыт іздеу үстінде, ол білім беру жүйесіндегі басты пәндердің бірі. Себебі оқушыларды дамыта оқыту арқылы өз беттерімен ойландыруға, оқиғаны терең пайымдап, берілген тарихи деректерді шығармашылықпен қабылдай білу, ізгі мұраттарға ғана ұмтылыстарын қалыптастыру – осы пәннің негізгі міндеті. Сондықтан оның алдына қоятын мақсаты да пәнге қойылатын талаптар деңгейіне сай болу керек.
Қоғам ілгері дамыған сайын білімнің де атқарар жүгі ауырлай түсері сөзсіз. Сондықтан білім беру сапасы өзгеріп, білім мазмұнында жаңа көзқарастар қалыптасады, солжаңалықтарға сай педагогикалық технологиялардың өмірге келуі де заңды құбылыс. Дегенмен, ол оқытудың мүлдем жаңаша жолдарын әкелді деп түсінбеген жөн сияқты, ол бұрынғы оқытудағы педагогикалық жүйенің жетілдірілгені деп қабылдаған дұрыс болар.
Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды теріске шығару арқылы жаңа сапаға көшеді.
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жойылуы деген мағынаны береді.
Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылықтың санасына сіңгенін және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатқанын білеміз.
Барлық істерімізді Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин ойларына негіздеу. Ойлауға үйрететін барлық пәндердің сабақтарын дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
- Дамыта оқытуды ұйымдастыру оқушыға ақыл-ой әрекетін меңгертуге жағдай жасау деп қарастыру керек.
- Дамыта оқыту сабақтары ерекше ақуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас.
Оқытушы бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы.
Оқушы ойының білмеуден-білуге, шала білуден дәл білуге көшу процесін дамытады.Тек осындай оқыту ғана оқушының интеллектісінің көзін ашып шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервигтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» — деген.
Ол үшін, алдын ала сабақ жүйелі түрде жоспарлану қажет.
Әрбір пән мұғалімдері өз сабақтарында оқушылар ойын дамыту үшін іздену сұрақтарын бере отырып, ой қозғап сабақтағы өтілетін тақырыпты оқушылармен бірге талдауды қажет деп ойлаймын.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.
Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр оқушының көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады.
Технология елді, ұлтты таңдамайды, ол барлық елге, педагогикалық жүйеге, әр түрлі пәнге ортақ, дегенмен әр елдің білім әлемінде өзіндік ізденісі, жолы болуы – заңды да, қажетті нәрсе.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі жаңа технология негіздері болып табылады. Өскелең ұрпақ онымен бірге ақпарат құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Ғалым педагог К. Жүнісова ғалымдар В.Давыдов пен Элькониннің теорияларын сараптай келе 4 қырлы дамыта оқыту идеясын білім негізіне салды.
«Дамыта оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру»
Мәдениет аспектісі |
Интелект аспектісі |
Төрт қырлы дамыта оқыту
Қарым-қатынас аспектісі |
Жоғары қиындақта оқыту |
Дамыта оқыту |
Оқушымен оқушы қарым-қатынасы |
Тапсырманы түсіну, сезіну |
Оқушылардың даму ерекшеліктеріне жеке жұмыстар жүргізу |
Оқу үдерісін жедел-дету. Өмірдегі ке-ректі ақпараттарды көбірек пайдалану. |
Өз бетінше қорытынды жасай білуге үйрету |
Білік, дағды қалыптастыру-дағы дәстүрлі тәжірибесі |
Төрт қырлы дамыта оқыту идеясы |
Дамыта оқу үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға, ойлау қабілетін дамытуға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда оқушының ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады.
Дамыта оқыту технологиясы оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жаңа қағидаларына негізделеді.
- Ынтымақтастық
- Өзара сыйластық
- Түсіністік
- Әріптестік
Оқушыға бала деп қарамау оның пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына үлкен әсер етеді.
Мысалы: Л.В.Занков жүйесіндегі сабақтардың нәтижелігінің басты көрсеткіштері болып:
- Ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей білу болып табылады.
Егер оқушылар осы айтылған ой операцияларын орындай алса, мұғалімнің нәтижелі еңбектенгені болып есептеледі.
Мұғалім жұмысының нәтижелі қорыту көрсеткіші
Тұлға |
Ізденімпаздыққа үйренеді |
Сөздік қоры молаяды |
Ойын еркін айтады |
Шығармашы-лықпен жұмыс істейді |
Тапқырлыққа үйренеді |
Ойы, қиялы ұшқыр болады |
Белсенділігі артады |
Ойлау қабілеті артады |
Түсіну, ұғыну |
Дамыта оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруде технология не береді?
Технология |
Алғашқы ғылыми идеялар |
Иновациялық жаңару процесі |
Мотив (ынта-ықыластың аууы) |
Қызығушылықты ояту |
Қызығушылық |
Танымдық белсенділік |
Ойлау білмеуден білуге |
Сана, ой туғызу |
Өз пікірін құру мақсатқа сай бейнелеу |
Оқыту тиімділігі |
Іздену, құлшыну |
Тәжірибеге сүйене жүргізген ізденістер |
Нәтиже жетістікке сенімділік |
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақта оқушы қызметінің сипаты өзгереді:
- Оқушылар бақылайды, салыстырады, жіктейді, топтайды, қорытынды жасайды, заңдылықтарды түсіндіреді.
- Оқушылардың өздігінен ойлауын дамытуға бағытталған сұрақтар арқылы ұжымдық ізденістерін ұйымдастырады.
- Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптасады.
Енді осы тақырыпқа байланысты өткізілген сабақтардың ішіндегі бір сабақ мысал келтірейін.
МДБ — 31 оқу тобында жүргізілген «Диалектиканың категориялары» тақырыбына сабақ жоспары жазылды.
Топтық тапсырмалар орындау үшін 4 шағын топқа бөлінді. Сабақ жарыс түрінде өтті.
Тақырыбы: Диалектика категориялары | |
Сабақтың мақсаты:
Бастапқы мазмұн
Көрнекіліктері
Пәң аралық байланыстар
Оқытудың формалары
Оқыту әдістері
Жарысқа шақыру. Диалектиканың негізгі принципі:
Философиялық сөз жұмбақ. Диалектиканың тарихи түрлері
Даму тарихы
Баспалдақ: Категория
Шығармашылық ізденіс: Диалектиканың категориялары
Қорыту: Дамыта оқыту технологиясы философия пәнін оқуда өзінің тиімділігін танытты. Оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, пікір айтып талдау, ұсыныс жасауы.Философия пәнінде қонаққа келген «философия қарттың барлық тапсырмалары орындалып, философия қамалының кілтін алады. Келесі сабақта қамал ішіндегі тапсырмалар орындалады. |
Баяндаманы қорыта отырып: Дамыта оқыту технологиясы мақсаты мен мағынасы: оқыта отырып, жеке тұлғаны оның қабілеттілігін дамыту. Барлық студенттің даму жолындағы жұмыстарды қамту.
Дамыта оқыту технологиясы жайында ойымызды тұжырымдайтынр болсақ. ХХІ ғасырда оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Ең бастысы, дамыта оқытуды әрі мұғалім түсінуі, жүрегімен қабылдауы, сондай-ақ мұғалім оқушыға дайын білімді берумен шектелмей,оқушының өз бетімен ізденуге, үйретуге, іскерлікке, мүмкіншілікке бағыттауы керек. Сонда ғана жаңа ғасырда жаңаша ойлайтын, шығармашыл адамдарды қалыптастырамыз.
Пайдаланған әдебиеттер
- Беспалько В.П «Слагаемые педагогической технологии» М.: 1989.
- Давыдов В.В «Проблемы развивающего обучения» М.:Просвещение 1986.
- Занков Л.В «Беседы с учителями» М.: Просвещение 1970.
- Занков Л.В «Содружество Ученого и учителя» М.: Просвещение 1991.
- Эльконин Д.Б «Избранные психологические труды» М.: Педагогика 1989.