Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Жүсіп Баласағұн

Жүсіп Баласағұн

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

№ 38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей

орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Токенова Анар Бияхметовна

Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласағұн.

Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты :

Жүсіп Баласағұн туралы түсінік қалыптастыру, көркем сөйлеуге баулу.

Сабақтың міндеттері:

1) Ғылым ұғымы туралы ойларын ортаға салады.

2) Мәтінді оқып, танысады.

3) Өздігінен жұмыс істеп үйренеді.

Бағалау:

1) Асс. карта арқылы.

2) Сызба жасау арқылы.

3) Тапсырмалар орындау арқылы.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, бор, альбом, суреттер.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: асс.карта, сұрақ-жауап, әңгімелеу, бекіту.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Амандасу.
  2. Кезекшілік.
  3. Қайталау сұрақтары.

2) Үй тапсырмасын пысықтау.

(өткенді қайталау)

3) Жаңа сабақ. І. Қызығушылықты ояту. Асс.карта.

Ғылым ұғымымен ойларын байланыстырады.

білім

 

 

 

 

 

жаңалық   Ғылым                 өнер

 

 

 

ақыл                                            ғалым

зерттеу

ІІ. Мағынаны ашу. Бағытталған оқу + Сызба әзірлеу.

1) Алдымен мәтінде кездесетін мағынасы қиын, түсініксіз сөздерге талдау жасалады.

А) Қазақша-орысша сөздікпен жұмыс.

Тәңірі-бог, божество

Үздік етті- сделал лучшим

Ұлық деп есепте – считай повелителем

Бектер-аристократы

Біліммен ерекше- отличаются знаниям

Тілмаш-переводчик

Абыройын арттырды- возвышает честь

Ә) Сөздерді түсініп алайық. Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс.

Шырқау биікке көтерілді-(ауыспалы мағынасында) көп нәтижелерге қол жеткізді.

Шешілмейтін түйін шешілді- (ауыспалы мағынасында) көп құпиялар ашылды, белгілі болды.

Таңдаулы құлдар-жақсы адамдар.

Көрікиті іс-жақсы, игі іс.

2) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқушылар түсініп оқиды. Аударады. Мұғалімнің бағыттаушы сұрақтарына жауап береді.

3) Мәтін бойынша сызба құру.

Жүсіп Баласағұн

1018-1080

 

Шу өзенінің бойында Баласағұн қаласында

 

Ақын, қоғам қайраткері, философ, ойшыл, ғалым

 

«Құдатғу білік» дастаны 85 тараудан тұрады

 

 

Дастанның тақырыбы: ел басқару, адамгершілік, ізгілік, әдептілік, ғылым-білім.

 

4) Дастаннан үзінді оқылып, кесте толтырылады.

 

Тақырыбы Мазмұны
  1. Білім туралы:

 

Адам бұл күндерді шырқау биікке көтерілді. Білімді биік. Білімсіз кісілердің бәрі ауру, ауруды емдемесе, адам тез өледі.Бектер бұл дүниеде біліммен ерекше.
  1. Ақыл туралы:
Осының арқасында шешілмейтін түйін шешілді. Ақылды – ұлық. Көрікті істердің барлығы да ақылмен істелген.
  1. Тіл туралы:
Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл., Ердің мерейін көтеретін жүйрік тілді біл. Тіл кісінің абыройын арттырады, бақыт әпереді. Тіл-кісінің беделін түсіреді, басын жарады. Керегі жоқ сөзді тіліңнен шығарма.

ІІІ. Ой толғаныс.Ізгілік жөнінде айтқан сөздерін оқу, қорытынды жасау.

Дүниеде

 

Пайдалы                        Пайдасыз

Ізгі іс                        Жауыздық

Мінезі түзулік                Жалған сөз

Ар-ұят                         Сараңдық

Әділдік

Үй тапсырмасы:  21-бет, 6-тапсырма. Ізгілік жөнінде айтылған сөздерінің ішінен өздеріңе ұнағанын жаттап алыңдар.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *