Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Тіл дамыту. Салт – дәстүрді білесің бе?

Тіл дамыту. Салт – дәстүрді білесің бе?

Кдырова Гулбану Гинаятовна       

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  оқытушысы

Сабақтың тақырыбы:   «Тіл дамыту. Салт – дәстүрді білесің бе?»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіріледі, ұлтымыздың

дәстүрлерінен үлгі алады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін толықтырып,

кеңейтеді.

Дамытушылығы:Жаңа сөздерді меңгереді, аударма жұмыстарында пайдаланады. Ойын

нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Тәрбиелілігі: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру

арқылыөнеге алуға баулу.Қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау,сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың көрнекілігі: ИТ, лото бөшкелері, кеспе, суреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ән –саз.

 

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру бөлімі. 1. Сәлемдесу.

  1. Кезекші сабақта қатысып отырған оқушылар туралы мәлімет береді.
  2. Күннің жадығ апта күні, ауа –райы сұралады.

 

Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында бірнеше сұрақтар қою арқылы жауап аламын.

  • Қазақ халқы жаңа жылды неше рет тойлайды?
  • Наурыз қандай мейрам?
  • Наурыз мейрамында немен көбірек танысамыз?
  • Салт – дәстүр дегеніміз не?

Жаңа сабақ.

  • Бүгінгі сабағымыз ерекше болып өтпек.Оның ерекшелігі сол сіздер бүгінгі сабақта салт – дәстүр, әдет – ғұрып туралы білген білімдеріңізді ортаға саласыздар. Сіздер екі топ болып өз білімдеріңізбен жарысасыздар.

Қазақ  халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт — дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен   талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.  

 

Әділқазы алқасын тағайындау.

 

 

Сайыстың шарттары:

 

  1. «Дода»
  2. Үй тапсырмасы.
  3. «Кім тапқыр?»
  4. «Кім жылдам?»
  5. «Білгенге маржан» (ұлағатты ұлттық ұғымдар)
  6. «Сен маған, мен саған»
  7. Капитандар сайысы
  8. «Көршісін тап» ойыны
  9. Сөзжұмбақ шешу
  10. Жанкүйерлер сайысы
  11. «Аталар сөзі – ақылдың көзі»
  12. «Мақал – мәтелдер айтысы»

 

 

  1. «Дода» сайысы

 

Маусымдар туралы 10 20 30 40
Наурыз туралы 10 20 30 40
Қазақтың тұрмысы мен мәдениеті 10 20 30 40
Салт — дәстүр 10 20 30 40

 

Маусымдарға байланысты сұрақтар.

1.Күн мен түн теңесіп, бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, жер көктеп, дүниенің жаңаратын кезеңі.(наурыз)

  1. СЫЙЛЫҚ
  2. Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. (сабан той)
  3. Осы кезде ауыл адамдары малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады. (соғым

басы)

Наурыз туралы.

1.Халықтың ұлттық дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары кеңінен қолданылатын ерекше үлкен

той. (наурызнама)

  1. Наурыз айында ұшып келетін құс. (наурызкөк)
  2. Наурыз айында өсетін гүлді өсімдік. (наурызшешек)
  3. Наурыз айында түскен қар. (наурызша)

Қазақтың тұрмысы мен мәдениеті.

1.Ежелгі көшпенді халықтардың баспанасы. (киіз үй)

  1. Киіз үйдің сүйектері. (кереге, уық, шаңырақ, босаға, адалбақан, табалдырық,маңдайша)
  2. Ұлттық музыкалық аспаптардың түрі. (үрмелі, ұрмалы, шертпелі)
  3. Қолөнері кімнің кәсібі? (зергер)

Салт – дәстүр туралы.

1.Ауыл адамдарымен жаңа түскен келінді таныстыру үшін жасалатын дәстүр. (беташар)

  1. Немерелі болған әже жас балалары мен келіндерін жан – жаққа жібереді. Не үшін?

(Сүйінші сұрату үшін)

  1. Сәби жүре бастаған кезде орындалатын дәстүр. (тұсаукесер)
  2. Сыйлы қариялар жасы үлкен ел ағалары жер шалғайынан, яки денсаулығына байланысты не басқа себептермен өзін сыйлайтын үйге көп уақыт келе алмауы мүмкін. Ондай жағдайға туыс- туғаны не сыйластары сойылған соғымнан сүбелі мүшелерін салып жібереді. Бұл- құрметтің, сыйластықтың белгісі.Бұл дәстүр қалай аталады? (сыбаға)

 

  1. Үй тапсырмасы. Студенттер өздері дайындап келген салт – дәстүрдің бір түрімен таныстырады.

 

  1. «Кім тапқыр?» Интерактивті тақтада сабаққа байланысты орыс тілінде сөздер жазылады. Сол сөздердің дұрыс аудармасын табу керек.

 

 

 

  • Шілдехана

 

  • Нәресте
  • Сәби
  • Қырқынан шығару
  • Қарын шашын алу
  • Аластау
  • Кәде
  • Тұсау кесу
  • Қаз тұру
  • Есу
  • Шашу
  • Құда
  • Құда түсу

 

  • Вечеринка по поводу рождения ребенка
  • Новорожденный младенец
  • Ребенок
  • Отмечать 40 дней со дня рождения
  • Утробный волос
  • Изгонять
  • Подарок
  • Разрезать пути
  • Стоять на ногах
  • Вить
  • Подарки, приносымые на торжества
  • Сват
  • Свататься

 

  1. «Кім жылдам?» сайысы. Көрсетілген суреттер арқылы қандай салт – дәстүрге байланысты әңгіме құрастыру керек.

 

  1. «Білгенге маржан» (ұлағатты ұлттық ұғымдар) сайысы

Қоржыннан саны бар бөшкелер алып, көрсетілген сандарға байланысты ұғымдар айту керек. (3,4,5,6,7,9,12,40)

 

  1. «Кім тапқыр?» сайысы. Орны ауыстырылған сөздерді дұрыс құрастыру.

ЙКЕКӨЛИТЕ  — ИТКӨЙЛЕК

ПАЗРАЖАНА – ЖАРАПАЗАН

УЛІКЕР – ЕРУЛІК

СУЛАСЫҒАР – СЫРҒАСАЛУ

АРАШЫҚЙҰ – ҰЙҚЫАШАР

КІДӨМІРК –КӨРІМДІК

ҚОҒАТАРЫМҚ –ТОҚЫМҚАҒАР

ЕРІНДӨКУТ — ТӨРКІНДЕУ

 

  1. Капитандар сайысы.

Екі топ капитанына сөз беріледі. Сол сөз бойынша белгіленген уақыт ішінде бірнеше сөз жасау керек.

  1. Салт – дәстүр 2. Әдет – ғұрып.

 

  1. «Көршісін тап» ойыны.

Балалы үй базар, …     .                 (баласыз үй мазар)

Баталы құл – арымас,                   (Батасыз құл – жарымас.)

Батаменен ел көгереді                  (Жауынменен жер көгереді)

Жамандықтан ұяла білген, ..       ( жақсылықты ұға біледі.)

Ата мұраң- ..                                 (асыл қазынаң)

Салт-дәстүрін ел бұзбас, …          (уәде –сертін ер бұзбас)

Ұят  адамның …                            (бойындағы адамшылығы)

 

9.Сөзжұмбақ шешу.

Сұрақтары:

Көлденеңінен:

  1. Дәстүр бойынша үйге келген адамға дәм татқызу. (ауыз тию)
  2. Сәбиді ұйықтатарда айтылатын ән. (бесік жыры)
  3. Жаңа түскен келінді ауыл адамдарымен таныстыру. (беташар)
  4. Қазақ халқы неге бай? (салт — дәстүр)
  5. Үйді немен аластатады? (адыраспан)
  6. «Ұста» сөзінің синонимі. (шебер)

Тігінен:

  1. Мұсылмандардың бас мейрамы, діни салты. (құрбанайт)
  2. Алыс сапардан келген жолаушы не алып келеді? (базарлық)
  3. Мұсылманнның бір парызы. (намаз оқу)
  4. Ұлттық ойын. (ақсүйек)
  5. Баланың қырқынан шыөөанша киетін көйлегі. (иткөйлек)
  6. «Босағада тұрма», «Түнде су шығарма», «Айға қолыңды шошайтпа», «Малды

теппе»  бұлар нелер? ( тиым сөздер)

  1. Бес асыл (қанағат)

 

 

 

11
Қ
6 С А Л Т Д Ә С Т Ү Р
Н 1
8 А Қ
И Ғ Ұ 10
5 Б Е Т А Ш А Р Т
К Т Б 3 И
Ө А 3 Б Е С І К Ж Ы Р Ы
Й Н А М
Л 2 А У Ы З Т И Ю
9 Ш Е Б Е Р Й А С
К Т Р 4 Ө
Л Н З
7 А Д Ы Р А С П А Н
Қ М
А
З
О
Қ
У

 

  1. «Жанкүйерлер» сайысы. Ырым, тиым сөздер айту.

Қай топтың жанкүйерлері көп айтады, сол топқа 10 ұпай қосылады.

 

  1. «Аталар сөзі – ақылдың көзі» сайысы.

Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.

Ендеше, күнделікті өмірде ата – әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.

 

Сұрақтар:

  1. Үйде кім, елде кім қадірлі? (үйде ана, қонақ, қарт, бала қадірлі.)
  2. Үйдегі алтын қазық кім?        (алтын қазық – ана)
  3. Достықты нығайтатын не?     (ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық)
  4. Бата дегеніміз не? (Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші

және жақсылықтың бастауы.)

  1. Тоқымқағар дегеніміз не? (Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын бас

қосу. Мал   сойылып, ойын – сауық, өлең – жыр айтылады.)

  1. Базарлық деген не? (сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға, ірілі –

ұсақты сыйлықтар әкеледі.)

  1. Ерулік деген не? (басқа жақтан көшіп келген көршілерді қонаққа

шақыру)

  1. Бала тәрбиелеудегі салт –дәстүрді ретімен ата.

(Балаға ат қою, Бесікке салу,Қырқынан шығару, Тұсау кесу, Сүндетке отырғызу

Атқа мінгізу)

 

  1. Мақал – мәтелдер айтысы. (салт – дәстүр, әдет-ғұрып, еңбек, табиғи құбылыс, жыл

мезгілі)

Сабақты «Қазағымның салт – дәстүрлері» әнімен аяқтайды.

Қорытындылау. Әділқазылар жеңімпаз топты марапаттайды.

 

Үйге тапсырма. Салт – дәстүр, әдет – ғұрыптар туралы әңгімелеу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *