Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Қазақтың ұлттық ойындары. Толымды және толымсыз сөйлем

Қазақтың ұлттық ойындары. Толымды және толымсыз сөйлем

Кдырова Гулбану Гинаятовна       

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары. Толымды және толымсыз сөйлем»

Сабақтың мақсаты:1.Білімділігі:жай сөйлем туралы алған білімдерін бекіту. Жай сөйлемнің түрлеріне байланысты түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу. Түрлі деңгейдегі танымдық тапсырмалар, сұрақтар, ойындар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.


2.Дамытушылығы: Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін жетілдіру, ойлау, жүйелеу дағдысын арттыру. Ұлттық ойындар туралы ұғымдарын кеңейту, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету.

3.Тәрбиелігі:Ұлттық ойын түрлерін үйрету арқылы оқушыларды ұжымдық жауапкершілік тәрбиесін беру, адамгершілік сапаларын жетілдіру.

 

Сабақтың түрі: Ойын сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, қималар, қоржын, суреттер, асық, т. б.

Техникалық құралдар:Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс:Әдебиет, тарих, орыс тілі.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, жалпылай сұрау, ойын.

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу

2.Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты екі топқа бөлеміз.Берілген тапсырма үйтасырмасын пысықтау мақсатында орындалады.

Олар: «Алғырлар» тобы, «Тапқырлар» тобы,

Топ болып, келесі тапсырмаларды орындайды.

  1. Миға шабуыл. «Алтын сақа» ойыны. Қоржыннан асық алып, көрсетілген сұрақтарға жауап береді.
  2. Киіз үйдің  құрылысы жайлы білеміз бе?
  3. Киіз үйдің  қандай түрлері болған?
  4. Киіз үйдің сүйектерін атаңдар.(шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық, бақан)
  5. Киіз үйге байланысты қандай бата-тілектер білесіз?
  6. Киіз үйдің баулары. (таңғыш, бас арқан, шалма,желбау, басқұр, үзік бау, бел-бау)
  7. Киіз үйдің шилерін (киіздер) ата. (туырлық киіз есік, түндік)
  8. Киіз үй жиһаздары. (абажа, ағаш төсек, әбдіре, асадал)
  9. Қолыңыздағы не?

 

Жаңа сабаққа кіріспе.

Мұғалім сөзі:  -Міне, сіздер берілген сұрақтардың бәріне ойдағыдай жауап бердіңіз. Біз қазақ халқының баспанасы киіз үй туралы  кезекті сұрақтарға жауап беріп, білімдерімізді тиянақтадық. Қазақ халқының өзіндік баспанасы болған, сонымен қатар ұлттық киімдері, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары да бар.

 

«Ой-қозғау».Енді тақтаға көңіл аударалық. Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттері көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.

 

Мұғалім сөзі:Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық  ойындар. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына 8-ші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен — ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой, ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», — деп тегін айтпаса керек.

Ұлт ойындары — ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар : аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.

Бүгінгі сабағымызда осы қазақтың ұлттық ойындары туралы білімдерімізді кеңейтіп, осы бағытта бірнеше тапсырмалар орындаймыз. Грамматикалық тақырыбымыз «Толымды және толымсыз сөйлем».

Ереже

Толымды сөйлем — сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиісті мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.

Полным предложением называется такое, в котором имеются все члены, необходимые для его понимания.

Толымсыз сөйлем – айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.

Неполным предложением  называется такое, в котором пропущен главный или второстепенный член. Пропущенные члены предложения легко восстановить, зная содержание соседних с ними предложений.

 

1-тапсырма. Мәтінді оқу. Мәтін ішінен сөйлемдерді толымды, толымсыз түріне ажырату. Интерактивті тақтада берілген мәтіндер оқушыларға беріліп аударма жұмысын жүргізеді.

 

2- тапсырма.«Орамал тастау».

Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі- «Орамал тастау». Ол жазда алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Жүргізуші қолындағы орамалды ойыншылардың біріне береді. Ол ойыншы сөздің алғашқы буынын айтып, қарсы топқа орамал тастайды.ол қағып алып сөзді жалғастырады. Осылайша ойын жалғасады.

 

Қа-ғаз , о-рамал , кү –міс алу , көк -пар , ау — дарыспақ , кү -рес , бас –таңғы, т.б.

 

3-тапсырма. «Білгенге маржан»ойыны. Бұл сайыста ұлттық ойындарға байланысты сұрақтар қойылады.

1) . . .– екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады. Жеңген женімпаз атанады. (қазақша күрес)

2) . . . ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құралған.(тоғызқұмалақ)

3) … — ертеден келе жатқан ойындардың бірі.  Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға  ұзын жіп немесе арқан керек.(арқан тарту)

4) . . . — қазақтың ертеден келе жатқан ойын түрлерінің бірі. Бұл –елдің сыртында әткеншек құрып, өлең айту.(алтыбақан)

5) . . . — ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады.  (ханталапай)

6) . . . – шауып келе жатқан атың үстінен белгіленген затты дәл көздеп , атып түсіру. (жамбы ату)

7) …- белгіленген ара қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталынады. Шабандоздар шауып келе жатып, шүберекті алу керек. (теңге алу)

8) . . . – ашық алаңда көгалды жерде ойналатын ойын. Ойынға белгіленген  уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.(аударыспақ)

9) . . .      – қызықты ойындардың бірі. Қыз  бен жігіт аттың үстінде отырып, бірін-бірі қуысады. (қыз қуу)

 

4-тапсырма. «Адасқан әріптер» ойыны

Йексу қа — Ақ сүйек

Карпөк — көкпар

Қуқзыу – қызқуу

Рағақымоқт -Тоқымқағар

Луа еңтег — Теңге алу

Дарқапусы -Аударыспақ

Берілген сөздер бойынша сөйлем құрастыру. Сөйлем ішінде жай сөйлемнің түрлері кездесуі керек.

5 – тапсырма. «Көршісін тап» ойыны. Дұрыс емес берілген сөйлемдерді дұрыстап жазу

Мал пайдаланды олар сүйегін ойынға.

Алынады ойынға асық он.

Ойлап ойынды қойшылар бұл тапқан.

Ойыншылар айлы іздейді сүйекті түнде.

Ешкі көкпаршылар терісіне таласады.

Шауып сыйлықты атпен алады келіп.

 

Сабақты бекіту.   Тест тапсырмасы

  1. Ұлттық ойынды көрсетіңіздер.

а) футбол;

ә) бәйге;

б) тенис;

в) бокс

  1. Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға  ұзын жіп немесе арқан керек.

а) бәйге;

ә)алтыбақан;

б) арқан тарту;

в) көкпар

  1. Бәйге ойынын қандай жануар үстінде ойнайды?

а) есек;

ә) жылқы;

б) сиыр;

в) түйе

4.Тоғызқұмалақ ойынын неше адам ойнайды?

а) 2;

ә) 3;

б) 1;

в) 5

  1. Қыз қуу ойынында жігіт қызды қуып жетсе, не істейді?

а)бетінен сүйеді;

ә)басынан сипайды;

б)қамшымен ұрады;

в) шашынан иіскейді.

  1. Қыз қуу ойынының қатысушылары кімдер?

а) жігіт;

ә) қыз бен жігіт;

б) қыз;

в) келіншек пен күйеу.

  1. Ойынға белгіленген  уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.

а)жамбы ату;

ә)арқан тарту;

б)аударыспақ;

в) көкпар.

  1. Теңгенің көмегімен ойналатын ойын:

а)жамбы ату;

ә)арқан тарту;

б)теңге алу.

в)сақина салу.

  1. Ұлттық ойынға жатпайтын ойынды

көрсетіңіздер

а)тоғызқұмалақ;

ә) аударыспақ;

б) футбол;

в) күрес.

  1. Ұлттық ойындар адамның қандай қасиеттерін қажет етеді?

а) әдемілік пен жомарттылықты;

ә)адамгершілік пен сұлулықты;

б)ерлік пен тапқырлықты;

в) сабырлық пен ептілікті.

Сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау барысында «Синкуейн» әдісі орындалады.

  1. Зат есім (1 сөз) Ұлттық ойындар
  2. Сын есім (2 сөз) Жылдам, әртүрлі
  3. Етістік (3 сөз) Шынықтырады, ойлантады, ынталандырады.
  4. Сөйлем (4 сөз)
  5. Синоним

 

Балаларды бағалау.

Үйге тапсырма
«Қазіргі таңдағы қазақтың ұлттық ойындарының алатын орны» туралы шағын әңгіме жазу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *