Сабаншиева Несипкуль Салемовна Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жандосов ауылы. О.Жандосов ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісінің иегері.
Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісі
5-сынып
Сабақтың мақсаы: білімділік – әдеби ертегі туралы түсінік беру, «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны, негізгі идеясы таныстыру; дамытушылық – оқушылардың тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге үйрету, өзіндік ойын дәлелдеуге, тұжырымдама жасауға жетелеу; тәрбиелік — туған жерге, отанға деген патриоттық сезімдеріне әсер ету, сүйіспеншіліктерін арттыру, қайырымдылыққа, жанашырлыққа, рақымшылдыққа тәрбиелеу. Түрі: жаңа білімді меңгерту. Типі: дәстүрлі емес. Әдіс-тәсілі: топтастыру, талдау, салыстыру, ой қорыту, ЖБИМ (Қанипа Бітібаев) , сахналық қойылым. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, музыка, бейнелеу.
Сабақтың барысы.
- Ұйымдастыру. Оқшылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, бағалау парақшаларын үлестіріп беру.
I топ — «Ерлік». IIтоп – «Қайсар».III топ – «Қайрат».
- II. Өтккенді қайталау.
- Балалар, біз бұдан бұрын қандай-қандай көлемді тақырыптармен таныстық? Тұрмыс – салт жырлары, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, діни әңгімелер (оқушылар қысқаша шолу жасайды).
Осы тақырыптарды қаншалықты тереңірек меңгергенімізді тексеру үшін сөзжұмбақ шешіп көрейік.
Т | ||||||||
О | ||||||||
Л | ||||||||
А | ||||||||
Ғ | ||||||||
А | ||||||||
Й |
- Перінің қызының аты (Бекторы).
2.Қойдың пірі қалай аталады? (Шопаната).
- Ер Төстіктің мінген тұлпары (Шалқұйрық).
- ‘’Аяз би’’ ертегісіндегі адамның жаманы, құстың жаманы, шөптің жаманын тауып әкелуге бұйрық берген хан (Мадан)
- Жерұйықты кім іздеген? (Асанқайғы)
- Сырым Датұлы кімнен бата алды? (Малайсары).
Қызылмен жазылған сөзді оқиық : Толағай. Олай болса, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Әбділда Тәжібаевтың «Толғанай» әдеби ертегісі.
III. Жаңа сабақ.
Эпиграф : «Әбділда Тәжібаев – қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізген ақын». Мұхтар Әуезов.
Әдеби ертегі туралы түсінік беремін.
Ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атайды. Мысалға Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы халық аңызы арқау болған. Мағжан Жұмабаевтың «Жүсіп хан» ертегісі, орыс жазушысы В.Гришиннің атақты «Саяхатшы бақа» ертегісі де әдеби ертегіге мысал бола алады.
Картадан көрсету
«Толағай» әдеби ертегісіне арқау болған Толағай тауының орналасқан жерін картадан көрсету, «Толағай» тауы туралы аңызға тоқталу.
«Толағай» тауы – Көкпекті ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан жеке шоқы. Қалбатауының бір бөлігі, биіктігі шамамен 700 метрдей, «Толағай» тауынан бастау алған бұлақтар Шегелек өзеніне қосылады. Сыртқы келбетіне қарағанда табиғат ескерткіші тәрізді, киіз үйге ұқсас. Аңызға сүйенетін болсақ, Тарбағатай тауының бір шатқалын көтеріп келе жатқан Толағай дәл осы тұсқа келгенде құлап, сол тауға бастырылып қалған екен. Сондықтан «Толағай» тауы деп аталыпты. Бүгінде Көкпекті ауданында «Толағай сазы» халық аспаптар ансамблі, «Толағай тентектері» көңілді тапқырлар клубы республикамызға танымал екен.
«Толағай» есіміне қатысты қандай бағдарламаларды білесіңдер? («Толағай» отбасылық сайысы).
Топпен жұмыс. Әр тоқа тапсырма беріледі.
I топ: Сюжеттік жоспарын құру.
III топ: Ертегінің тақырыбы, идеясы, композициялық құрылымы.
III топ: Толағайға мінездеме беру.
Сөздік жұмысын жүргізу («мерген, жолбарыс» туралы қосымша түсініктеме беру слайд арқылы).
I топ. Сюжеттік жоспар:
- Дүниеге «алып болар» баланың келуі. 2. Толағайдың ержетуі. 3. Алғашқы ерлік. 4. Алыптың жан күйзелісі. 5. Тау көтерген Толағай. 6. Ер есімі ел есінде.
Құрылған сюжеттік жоспар бойынша оқушылар ертегінің мазмұнын қысқаша айтады.
II топ. Ертегінің тақырыбы – ерлік туралы, идеясы – елі үшін, Отаны үшін сондай ерлер туса екен деген тілек, ниет.
Ертегінің композициялық құрылымы
Басталуы Саржан мергеннің ұл балалы болуы
Дамуы Толағайдың ержетуі.
Шиеленісуі Халықтың күйзелуі, Толағайдың жан күйзелісі.
шарықтау Толағайдың тауды көтеріп әкеліп жаңбыр жауғызуы,
шегі жаңбыр жауғызуы халықты құтқару.
Шешімі Отаны үшін өлді бала.
Ер есімі – ел есінде.
III топ . Толағайға мінездеме беру. Топтастыру стратегиясын пайдалану.
Оқулықпен жұмыс. Жоғарыда топтастырылған Толағайдың мінездерінің сипатын мәтіннен тауып оқу.
Күшті.
Арқалады ауыр тауды,
Жаншып бара жатыр жандығ
Маңдайынан тер көл болып ақты,
Жеткенше дем алмайын деп,
Жарты жолда қалмайын деп
Шаршаса да тоқтамапты.
Алып.
Арқаласа он баланы –
Қайыспайды қабырғасы.
Рақымшыл.
«Қайтсем жауын жаудырамын,
Ел сусынын қандырамын».
Мерген.
Аң аулауға — кең даладан,
Құтылмайды қашқан құлан.
Жалғыз толғат тартуынан
Жан құтқармас болды қыран.
Батыр.
«Келе қал,- деп,-болсаң күшті»,
Құйрығынан алды барып,
Таяқ құрлы көрмей тіпті,
Жолбарыстты дөңгелетті.
Жанашыр.
Күйген жердің кірді жаны,
Шөлдегендер суға қанды.
Ауыл қайта ажарланды,
Тарқады елдің бір құмары.
Ой тастау. Дәптермен жұмыс.
I топ:мәтінен салт-дәстүрлерді теріп жазу(Отыз күндік мереке, бата беру, ат қою). II топ: тұрақты сөз тіркестерін теріп жазу, мағынасын түсіндіру (тәтті ұйқы, көзін тікті, ат арытып). Тұрақты сөз тіркесінің анықтамасын айтқызу. III топ: синонимдерді теріп жазу (жас бөбек, балғын бөбек; тұлға, пішін; айналады, толғанады). Синонимнің анықтамасын айтқызу.
Шығармашылық жұмыс. Ертегінің желісі бойынша 2 бөлімнен тұратын сахналық көрініс қояды. I бөлім – «Алғашқы ерлік», II бөлім – «Тау көтерген Толағай».
- Сабақты бекіту. Бұрынғы оқыған ертегінің кейіпкері Кендебаймен Толағайды салыстыру.
Кендебай | Толағай |
|
Еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайлары – сендерсіңдер, осы атымызға лайық болайық . Мен де сендерге сенім артамын.
«Атадан жаман ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Елінің қамын жейді» деген мақал бүгінгі сабағымызға қорытынды болмақ.
- Үйге тапсырма:
«Ел басына күн туса, халық күйзелсе, сен не істер едің? »(ойтолғау).
Ахмет Байтұсынұлының өмірі, шығармашылығы жайлыоқу (өскен ортасы, қызметі, мысалдары, аудармалары, оқулықтары).