Басы » Баяндамалар » » Маңғыстау әдебиеті » факультатив курсын кембридж бағдарламасы бойынша оқыту тәжірибесі

» Маңғыстау әдебиеті » факультатив курсын кембридж бағдарламасы бойынша оқыту тәжірибесі

eМаңғыстау облысы Бейнеу ауданы » Үстірт орта мектебі » ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күмісбек Жаңбырханұлы

» Маңғыстау әдебиеті » факультатив курсын кембридж бағдарламасы бойынша оқыту тәжірибесі

Сапалы білім-елдің келешегін нақты айқындайтын көрсеткіші. Бүгінгі ұстаз алдында білім алып отырған шәкірттер ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар. Жоғары сапалы біліммен қамтамасыз ету — біздің басты міндеттеріміздің бірі.

Қазіргі таңда мұғалім оқушыларға жаңа технологиялар арқылы білім беріп,оқушыларға ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастырады, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландырады. » Кембридж бағдарламасы » да жоғарыда айтылған принципті ұстайды. Өйткені мұндағы оқушы өзі ізденіп, өзі үйретеді, ал мұғалім нұсқау бағыт береді.

«» Маңғыстау әдебиеті » факультативтік курсы пәнін өткізуде аталмыш бағдарламадағы  түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушыларға сабақ беріп жүрмін. Жалпы бұл пәнді оқу арқылы оқушылар ата-бабаларының туып өскен жеріндегі, Маңғыстау түбегіндегі, өмір сүрген халықтың ұшан — теңіз бай әдебиетінің әр түрлі жанрдағы асыл сөз үлгілері мен  танысады, түбектегі сөз өнерлерінің даму тарихын, олардың өкілдерінің өмірі мен шығармаларын оқып үйренеді. Осы жерді мекен еткен халықтың қоғамдық әлеуметтік, мәдени өмірі мен азаттыққа ұмтылған арманымен байланысты дамығанына көз жеткізеді.

8 — сыныптық  курста Иса Тіленбайұлына арналған тақырыпта сабақ беруде осы тәсілді пайдаландым.Оқушыларды топқа бөліп,әдеттегідей әр топ өз критерийлерін белгілеттім.Оқушыларға  » Иса кім ? » деген сұрақ тастап, өнерпаз тұлға туралы білетіндерін потер арқылы қорғаттым. Туындыларының аудио нұсқасын тыңдатып, тақырыптарын  анықтадық,оқушылар яғни әр топ өлең құрылымына , тілдік көркемдік ерекшелігіне талдау жасаттым. » Диалогті оқыту » тәсілі маған ең қолайлы тәсіл болды. Бұл оқушылардың ойын ашық, еркін айтуға,белсенділігін арттыруға , бір-бірінің пікірін тыңдай білуге өте қолайлы тәсіл. Әр топқа тапсырмалар бердім  Мысалы: 1 топқа Иса мен Махамбет батырларды Венн диаграмасына топтастырса, 2 топ Исаға топтастыру арқылы мінездеме берді және олар оны өз деңгейлерінде қорғап шықты. Сабақты қорытындылау кезеңінде топ мүшелері » Екі жұлдыз, бір ұсыныспен » бағаланды.Үйге » Ұрпақ үні » тақырыбында эссе жазуға тапсырма бердім.  Қашаған Күржіманұлына арналған сабақта оқушылардың қызығушылығын , талғампаздығы мен білімділігін арттыру мақсатында да « Кембридж » оқыту тәсілін пайдаландым. Алдымен топтастыру стратегиясы бойынша « Қашаған кім ? » деген тақырыпта оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, ақын өмірі, шығармашылығы,өмір жолынана естелік әңгімелерге слайд арқылы мәліметтер енгізіліп, оқушылар назарына ұсынылды. Оқулықта берілген суырыпсалма дүлдүл ақынның « Есқали сұпыға айтқаны » әңгімесінің  мазмұнымен танысып, оның тәрбиелік мәніне тоқталдық және оқушыларды 5 топқа бөлу арқылы  тапсырмалар берілді.

1-топқа: Сілтеме табушылар ( мұнда оқушылар мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған, оқиғаның қызықты жерін тауып оқиды )

2 – топқа: Ізденушілер ( мәтінге қатысты   қосымша ақпараттарды оқушыларға ұсынады )

3 топқа: Дәнекер топ: ( оқиғаның қазіргі өмірмен байланыстырады )

4 – топқа: Сөз тапқыштар тобы: ( мәтінге сай мақал-мәтел, нақыл сөздерді табады )

5 – топқа: Бейнелеуші топ: ( Оқиға сюжеті бойынша сурет салады ) Осылайша оқушылар өз тапсырмаларын постерде орындап қорғайды.

Ақын Светқали Нұржановтың шығармашылығынан « Желтоқсандағы жырлар » жыр-шоғырынан үзінді өткен кезде де « Кембридж » бағдарламасы бойынша тиімді тәсілдерді қолдандым деп есептеймін. Ақын өлеңінің тақырыбына, құрлымына көркемдік ерекшілігіен талдау жасай отырып, « Сыр сандық » страдегиясы бойынша оөушылармен жұмыс жүргіздім. Мұнда оқушылар бүгінгі мәтіннен есте қалған 10 зат атауын жазады, ұнаған үшеуін белгілеп, солар туралы толық мәлімет жазады.Сабақты қорытындылау барысында оқушылар « Бүгінгі сабақтан алған әсерім » тақырыбында рефлексия жазады.Әр топ өз-өздерін  бағалау парағы арқылы бағалайды.

Бүгінгі заманда оқушыларға сапалы білім беруді ұйымдастыра білетін жаңашыл ұстаз болу- менің басты мақсатым. Сол себепті педагогдік біліктілігімді Кембридж бағдарламасын меңгеру арқылы арттырдым. Аталмыш бағдарламамен оқытуда оқушылардың өз бетімен ізденіп, білі алып,өзін-өзі реттеп, диалогтік қарым-қатынас арқылы білімін арттырып, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы азаматтарды тәрбиелеп, елімізге өз үлесін қосатын  ұлт перзентін қалыптастыратынын байқадым. Ұстаздар қауымына « Кембридж » бағдарламасымен оқытуға кеңес беремін.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *