Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Турганова Гозал Касимжановна
Сабақ тақырыбы: ІІІ бөлім.Лексика
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу, лексика және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру,білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру, білімдегі олқылықтарды жою. |
Дамытушылық: Сөз байлығын дамыту, сөздік қорын байыту, күрделендіру, ойлау қабілеттерін дамыту.Ұлтымыздың дәстүрінен үлгі алу. | |
Тәрбиелік: Білімге, құштарлыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.Қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. | |
Әдістемелік мақсаты: | Сабақтың дәстүрден тыс түрі-той сабағы арқылы,оқушыларға жаңа сабақты түсіндіріп,білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру.
|
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ:
Көрнекті құралдар: кәмпиттер, кеспе қағаздар,тенге купюралары, кесте, слайдттар, сөзжұмбақ,ноутбук,тест сұрақтары т.б.
Сабақтың әдісі:сұрақ – жауап, жеке жұмыс, салыстыру, түсіндіру, топтастыру т.б.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақ түрі: той сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
— Психологиялық даярлық. Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексеру.
«Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді»,- демекші сыпайылық танытып, қонақтарымызбен амандасып алалық.Жақсы, енді орнымызға отыра қоялық. Қазақта әртүрлі себептерге байланысты тойлар көп болады, ия. (Мысалдар келтіру.) Тойға көрші ауылдардан да қонақтар келеді емес пе? Біз бүгін үлкен тойға жиналып отырмыз. Тойдың себебі- қазақ тілі сабағы, тойдың иесі- мен, сіздер- менің қуанышымды бөлісуге келген құрметті қонағымсыздар. Бұл тойда сіздерден басқа қонаққа келген үлкен аға- апаларымыз бар. Сондықтан халқымыздың салт- дәстүрін қастерлей білетінімізді, үлкенге- құрмет, кішіге- ізет көрсете алатынымызды білдіруіміз керек.
ІІ. Шашу- Өткен тақырыптарды қайталау: — Халқымыздың салты бойынша тойға келген қонақтар үйге шашу шашып кіреді екен. Сендер бұл тойға біліммен шашу шашасыздар. Ендеше,кәмпиттерді ашып,сұрақтарға жауап берейік:
- Фонетика нені зерттейді? 7. Тасымал дегеніміз не?
2. Дыбыстардың құрамы? 8. Екпін дегеніміз не?
3. Дыбыстардың үндесуі? 4. Буын үндестігі?
5. Дыбыс үндестігі?
6. Буын түрлері?
Міне, құрметті қонақтар, білім шашуларыңызбен төрге шықтыңыздар.
ІІІ. Тойбастар – Жаңа сабақ.
– Тойдың басы — тойбастар. Той дастарханынан дәм тату басталды. Ол үшін дәптерлеріңізді ашып, күн санын жазып қойыңыздар.
Салтымыз бойынша үй иесі қонақтарға ауылдың алты ауызын бастауы керек екен. Ауылдың алты ауызына мен сіздерге жаңа сабақты ұсынамын.
Яғни, бүгінгі сабағымыздың мақсаты, жаңа тақырып бойынша түсініктеріңізді қалыптастыру,білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру, білімдегі олқылықтарыңызды жою.
.
Ендеше, біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін,сөзжұмбақты шешуіміз керек:
Тақтада, сіздерге сөзжүмбақ берілген,сіздер жанында тұрған сандарды шешіп алып,тиісті әріпті қойып ,бүгінгі сабақтың тақырыбын табуларыңыз керек.
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | ||||||||
2 | Л | |||||||||||||
3 | Е | |||||||||||||
4 | К | |||||||||||||
5 | С | |||||||||||||
6 | И | |||||||||||||
7 | К | |||||||||||||
8 | А | |||||||||||||
9 | 16 | 4 | 36 | 49 | 25 | 64 | ||||||||
Е | К | Л | И | К | С | А |
ЛЕКСИКА
Анықтамасы:
Лексика— тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Лексика грек тілінен аударғанда «сөздік қор» деген мағынаны береді.
Тілдің сөздік қоры мен сөздік құрамын, лексикалық мағынасын зерттейді.
Лексика бірнеше салаға бөлінеді:
- Лексикология- тілдің лексикасын және оның тарихи дамуының заңдылықтарын зерттейді.
- Семасиология- сөздің мағыналарын зерттейді.
- Этимология- жеке сөздердің шығу тегін, бастапқы мағынасын зерттейді.
- Фразеология- тұрақты тіркестерді зерттейді.
- Диалектология- жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.
мыс: Шымкент маңында шәйнекті-чәугім,жұмыртқаны-тұқым дейді:
- Лексикография- сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.
Бір ғана ұғымды,лексикалық мағынаны білдіретін сөз бір мағыналы сөз деп аталады.
Екі және одан да көп лексикалық мағынаны,ұғымды білдіретін сөз көп мағыналы сөз деп атаймыз.
Омоним- дыбысталуы бір, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер. Мысалы:От жақ, оң жақ, қара бояу жақ.
Антоним- мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мысалы: аласа –биік, Ұзын-қысқа, жақын-алыс.
Синоним— айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары ұқсас сөздер. Мысалы:
сабырлы-төзімді, әдемі- көрікті т.б.
.
IV Қонақ кәде (салтын айта кету). Құрметті қонақтар келесі кезек қонақ кәде де.
Қонақ кәде – қонақтың өнерін ортаға салуын сұрайтын салт.
Яғни,сабақ бойынша жұмыстар.
№1 Сөздердің тура немесе ауыспалы мағынада тұрғандарын анықта.
Ашық : ашық бөлме,ашық терезе,ашық хат,ашық ауыз.
Жабық: жабық дүкен,жабық жиналыс,жабық есік,жабық мінез.
Суық :суық ауа-райы,суық күн,суық кабинет,суық хабар.
Жылы: жылы киім,жылы қабақ,жылы сөз,жүзі жылы.
№2 Сөйлемдерді оқып, құрамынан тура және ауыспалы мағыналы сөйлемдерді ажыратыңдар.
- Тура ағаш – үйге тіреу, тура жігіт – елге тіреу. (Мақал)
- Компьютердің “миы” процессор.
3.Топ басшысы,куратордың оң қолы.
№ 3 Төмендегі сөздерді мағыналарына қарай топтап, олардың қай мамандықтың атаулары екенін айтыңдар.
Дыбыс. Қосу. Көбейту. Екпін.. Сөз. Әріп.Тінтуір.Мотор.Пернетақта.Иінді білік.Жүйелі блок.Бағдарлама.Power Point. Оқтау. Дәмхана. Котлет. Мәзір. Электрод. Қозғалтқыш. Тежеуіш.
№4 Берілген синоним сөздердің мағынасын есте сақта.Көшіріп жаз.
Алыс-қашық,шет,алшақ,аулақ.
Әлем-дүние,жиһан,жер-жүзі,ғалам.
Ас-тамақ,тағам,дәм.
Монитор –дисплей-экран
Шапшаң-лезде-тез
№5 Берілген суреттермен тұрақты тіркес құрастырып жазу:слайд
Ауызын ашпады-рта не раскрыл
Түймедейді түйедей ету-делать из мухи слона.
Көзді ашып жұмғанша.-и глазом моргнуть не успеешь
Төбе шашы тік тұрды- волосы дыбом встали
Өзінің бес саусағындай біледі-знает как свои пять пальцев
№6 Сөздерді септеу:тақтада
Файл,ноутбук.
V Қалта тарату.Қорытындылау.
Мынау берілген ақшалардың артында тапсырмалар бар.Жауап берген оқушы сол ақшаны өзіне қалдырады.
Мың теңге- Үлкенге — ________ , _________ — ізет.
Мың теңге— Әдепті бала -_______ бала, ________ бала – сорлы бала..
Мың теңге Дос_______айтар, Дұшпан_______ айтар.
Мың теңге- Көз — ________, Қол — __________ .
- Екі мың теңге- Үзіндіден кірме сөзді тап.
Дастархан жайып құрметтеп,
Төкті түрлі жемісті
Жез самаурын қайнаулы,
Союға бағлан байлаулы
- Екі мың теңге- . Мына үзіндіден көнерген сөзді тауып, көнерген сөздің қай түріне жататынын айт.
Айтулы ерлер бар екен,
Жүйріктері баптаулы.
Найзалары саптаулы ,
Дұшпанға атар жебесі.
Қорамсақпен қаптаулы.
- Екі мың теңге- Синоним сөздерді тап
А)амандасу,есендесу В)бал,әсем С)сұлу,сүлгі D)тарих,қақпа
Екі мың теңге- 2. Мамандықтарыңызға қатысты кәсіби сөзді тап
А) мата В) тежеуіш С)сүргі D)пернетақта
Бес мың теңге — Антонимнің анықтамасы
А)қарама-қарсы сөздер В)мағынасы жақын сөздер
С)Сыпайы сөздер D)Дыбысталуы бірдей,мағынасы басқа сөздер
Информатикаға байланысты сөздерді тап:
А)бөлшек,квадрат В)жер шары,жұлдыз С) компьютер,жергілікті желіс
D)лексика,тарихи сөз
Бес мың теңге-Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөзді қалай атайды?
А)Кірме В)Диалкет сөз С)Эвфемизм
D)Кәсіби
Мақалдың жалғасын тап:
Оқу білім бұлағы…
А)еңбек-ырыстың бұлағы В)еңбек-бақыттың шырағы С)білім-өмір щырағы
D)жер-ырыстың кіндігі
10 000 теңге-берілген сөзді сөз құрамына талдау:
БАҒДАРЛАМА-ШЫ-ЛАР-ДЫҢ
10000 теңге-берілген сөзді сөз құрамына талда:
КОМПЬЮТЕР-ЛЕР-ІҢІЗ-етістіктің бұйрық рай-көпше түрі,ІІ жақ сыпайы түрі-
ДІҢ
Тест сауалдарына жауап беру.
- Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Құлақ салды.
- B) Құлақ етін жеді.
- C) Баспасөз – қоғамның құлағы, тілі.
- D) Құлағым ауырып жүр.
- E) Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.
- Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз.
А) Күн сәулесі нұрын шашады.
- B) Терезеден күн түсіп тұр.
- C) Күнсіздерге күн болған.
- D) Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды.
- E) Күн ыстық екен.
- Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Бұл іс менің қолым екен.
- B) Өз қолымен берді.
- C) Әділ, Шалабайлар – байдың қол шоқпары.
- D) Қолдың қысқалығынан бұл жолы да мардымды ештеңе бере алмады.
- E) Көкеңе айтарсың, қолы ұзын адам емес пе?
4.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.
А) Қолымен істегенді мойнымен көтереді де…
- B) Бала-шағаға мойын-сойын да тамақ.
- C) Аққудың мойнындай мойын көз алдынан кетер емес.
- D) Компьютер алдында көп отырғандықтан, мойным қарысып қалыпты.
- E) Күнде-күнде мойнына массаж жасатады.
5.Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.
Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен.
А) Жүзіктің.
- B) Көзінен.
- C) Өткендей.
- D) Пысық.
- E) Жігіт
.
6.Көп мағыналы сөзді табыңыз.
Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр.
А) Жақындаса.
- B) Обаның.
- C) Басында.
- D) Жалпиған.
Е) Адам.
7.Мақалды табыңыз.
А) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды.
- B) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
- C) Өңім екенін, түсім екенін білмедім.
- D) Ғылым таппай мақтанба.
- E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
8.Диалект сөзді табыңыз.
А) Қуырдақ.
- B) Қамыр.
С) Табақ.
- D) Кәсе.
- E) Қазан.
- Кәсіби сөзді табыңыз.
А) Жапырақ, гүлдесте.
- B) Қоза, терімші.
- C) Өсімдік, жеміс-жидек.
- D) Жүзім, құлпынай.
- E) Сәбіз, қарбыз.
- Диалект сөзді табыңыз.
А) Нағашы.
- B) Құдағай.
- C) Бөле.
- D) Абысын.
- E) Құдаша.
- Кәсіби сөзді қатарды табыңыз.
А) Қауын, қала.
- B) Есік, қақпа.
- C) Көзілдірік, дәрі-дәрмек.
- D) Компьютер, монитор.
- E) Әңгелек, торлама.
- Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Оңтүстікте қыс тез өтеді.
- B) Кәрі тарих – кәрі шежіре.
- C) Болыс сайлауы болады деген лақап жұртқа тез тарады.
- D) Үйдің іші ала-көлеңке.
- E) Біраздан кейін көзден біржола ғайып болды.
- Көнерген сөзге жатпайтын қатарды анықтаңыз.
А) Жарық жұлдыз, қызыл қайың.
- B) Ханша, ханшайым.
С) Қызыл отау, кебеже.
- D) Дойыр қамшы, қалқан.
- E) Мауыты, батсайы.
14.Көнерген сөздің қанша топқа бөлінетінін анықтаңыз.
А) 5.
В) 6.
- C) 4.
- D) 3.
- E) 2.
15.Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Төр бөлмеде шам жағылды.
- B) Кәдуілгі, ағаш арасына ықтай қыстаған ауыл.
- C) Қайсар Күреңтөбелді ерттей бастады.
- D) Күреңтөбел мен Көкдауылдан қасқыр құтылған емес.
Е) Қасындағы бар жолдасына қоржын тола манат, мақпал, сәлемдеме берілді.
16.Көнерген сөзді қатарды анықтаңыз.
А) Ұл-қызыңның игілігін көр, жақсы ана.
- B) Қолымнан домбырамды қалды тартып.
С) Жанбота, өзің болыс, әкең Қарпық.
- D) Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше.
- E) Аттар ерттелгелі де бірталай уақыт болған еді.
17.Кірме сөздердің қай тілден енгенін анықтаңыз.
Мектеп, тәрбие.
А) Орыс.
В) Араб.
- C) Парсы.
- D) Моңғол.
- E) Түрік.
- Моңғол тілінен енген сөзді табыңыз.
А) Емле.
- B) Алматы.
- C) Бәтеңке.
- D) Жарлық.
- E) Қарқаралы.
19.Араб тілінен енген сөзді табыңыз.
А) Мектеп.
- B) Қарындаш.
- C) Баспасөз.
- D) Сөмке.
- E) Оқулық.
20.«Жұмыртқа» сөзінің диалектілік баламасын табыңыз.
А) Ас.
- B) Ауқат.
- C) Тағам.
- D) Өнім.
- E) Тұқым.
Кілті :
1 д ,2 с, 3 в,4 а,5 в,6 с,,7 е,8 д,9 в,10 в,11 е,12 с,13 а,14 е,15 е,16 с,17 в,18 д,19 а,20 е.
VІ. Мүше беру – оқушы білімін бағалау. Той дастарханында отырған қонақтарға табақтан мүшелер таратады екен. Мен сіздерге бүгін сабақ барысында тапсырмаларды орындағандарыңа байланысты баға таратамын.
VІІ. Той тарқар— үй тапсырмасын беру.Ереже жаттау.Кәсібімізге байланысты 10 сөзді орысша-қазақшаға аударып келу.
VІІІ. Той батасы – қорытынды сөз.
Той батасы
Көкірегі ояу, көзі ашық білімді болыңдар,
Үйреткенді ұғып алар ілімді болыңдар.
Ойларыңды іркілмей айтар батыл болыңдар,
Білімге құштар, ақылды болыңдар.
Тіліңде қандай заңдылықтар бар
Біліп алу- парыз, жақын болыңдар.
Ұлтыңды сүйер намысты болыңдар! Аумин