Басы » Баяндамалар » Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Байменова Гүлжан Тоқтамысқызы

Бостандық орта мектебі

География пәні мұғалімі

Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану.

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық — коммуникациялық технология. Ақпараттық — коммуникациялық технологияның дамуы  осы заманға сай білімді, әрі білікті оқушы  даярлау мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар білімде бағалау мен пайдаланудың өзгеріп отыруын талап ететін модуль. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс – тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Ақпараттық коммуникациялық технологияның пайдалы жақтары бұл модуль оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді, мұғалімдерге сабақты беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады.

Ақпараттық коммуникациялық технологияны  оқи отыра түсінгенім еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтеру болып табылады.  Оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды пайдалану.  Ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық  — коммуникациялық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Мұғалімдер  үшін ақпараттық  — коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

оқушының жеке жұмыс жасауы;

уақытын үнемдеуге;

білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;

қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

экономикалық тиімділігі;

іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері,  қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);

қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Мұғалім  сабағында ақпараттық – коммуникативті технологияның  тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі.

Менің мектебімде жаңа заманға сай жабдықталған 1 информатика кабинеті бар.  Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану  және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды  бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар,  т.б. білім беруді басқаратын электрондық оқу құралы.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындайды. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине  мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін.

Жаңа ақпараттық – коммуникативті  технологияларды  білім беруде пайдаланудың тағы бір ерекшелігі –  мектеп бітіруші түлектердің біліктілігін растау емтиханын ұйымдастыру және өткізу. Дербес компьютерлерге арнайы тест бағдарламалары енгізіліп,  мектеп бітіруші түлектер  емтиханының тест сұрақтарына өз бетінше дайындалу мүмкіндігіне ие болды.

Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс екені заманның талабын.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *