Басы » Алғашқы әскери дайындық » Саптық дайындық

Саптық дайындық

nurtasАлматы облысы, Панфилов ауданы, Елтінді батыр атындағы орта мектебі «коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» АӘД пәнінің мұғалімі Нұртас Ысқақұлы Үкібасов

Тақырыбы: Саптық дайындық. (Сап және оның элементтері.

  Алдын ала және орындау пәрмендері.    Сарбаздың саптануы және саптағы міндеттері).

Мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға саптың не екенін, оның элементтерімен, сапты басқарудың ретімен таныстыру. Оқушыларға сақшының міндеттерін, қаруды оқтау және оқты алып тастаудың ретін білдіру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.

Уақыты: 45 минут.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, жаттығу.

Өтілетін жер: сынып бөлмесі, саптық алаң.

Қолданылған құралдар: АӘД кітабы, плакаттар.

Сабақтың сұрақтары:

  1. Сап және оны басқару.
  2. Пәрмендер және оны беру реті.
  3. Сарбаздың саптануы және саптағы міндеттері.

Сабақтың барысы:

Кіріспе — 5 минут.

Взвод комадирінен рапорт алғаннан кейін, оқушылардың киім киісін, жинақылығын тексеремін. Тақырыппен таныстырып, сабақтың мақсатын түсіндіремін.

Саптық дайындық әскери қызметкерлерді үйрету мен тәрбиелеудің негізгі принциптерінің бірі болып табылады.

Саптық дайындық жөніндегі сабақтар әскери қызметкерлердің тәртібін күшейтеді, оларда үздік саптық сымбатты үлгілі, сыртқы түрді, саптық әдістерді нақты орындауды қалыптастырады, жауынгерлердің мұқияттылық, ептілік және төзімділік қасиеттерін дамытады.

Саптағы тәсілдер мен іс-қимылдарды ойдағыдай орындауы үшін әскери қызметкерлердің сап туралы түсінігі болуы керек, оның әлементтерін, пәрмендерді орындау ретін, сап құру алдындағы және саптағы міндеттерін білуі керек.

Негізгі бөлім — 35 минут.

Сап және оны басқару — 15 минут.

Сап әскери қызметкерлердің, бөлімшелердің және бөлімдердің өзара іс-қимыл жасаулары үшін орналасуы.

Қатар — белгіленген бір сызық бойында әскери қызметкерлердің біреуінің екіншісінің қасына орналасуы.

Сап қапталдары — саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылған кезде аттары өзгермейді.

Маңдайшеп — саптың әскери қызметкерлер тіке қарап тұрған жағы.

Саптың тыл жағы — маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ. Аралық маңдайшеп әскери қызметкерлердің арасындағы аралығы.

Арақашықтық — саптың тереңдігі бойынша (қарай) әскери қызметкерлердің арасындағы аралық.

Сап ені — қапталдар арасындағы қашықтық.

Саптың тереңдігі — саптың бірінші қатарынан, саптың соңғы қатарына дейінгі аралық.

Екі қатарлы сап — бір қатардағы әскери қызметкерлер, екінші қатардағы әскери қызметкердің ту сыртында бір қадам арақашықтықта орналасқан сап.

Қатар — екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші.

Бір қатарлы және екі қатарлы саптар жиналма немесе жайылма болуы мүмкін.

Лек — әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында орналасқан сап. Лектер бір, екі, үш, төрт және одан да көп қатарлы болуы мүмкін. Лектер бөлімшелерді жорық сапты орналастыру үшін қолданылады.

Жайылма сап — бөлімшелер бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта белгіленген арақашықтықта орналасқан сап. Жайылма сап тексерістер, санақтар, байқаулар, парадтар жүргізу үшін, т.б. қажетті жағдайда қолданады.

Жорық сабы — бөлімше лекке, бір бірінің артында белгіленгөн ара қашықтықта орналасқан сап. Жорық сабы марш жүргізудегі, ән салып салтанатты шерумен жүріп өтудегі бөлімшелердің қозғалысы үшін қолданылады.

Бағыттаушы — көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.

Тұйықтаушы — лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші.

Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер -10 минут.

Пәрмендер алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді. Мысалы: «Оң-ға», «Сол-ға», «Ай-нал».

Тек орындалатын пәрмендер де болады. Мысалы:»Түзулен», «Тіктел», «Бостан», «Саптан».

Алдын ала берілетін пәрмендер саптағылар командирдің олардан қандай әрекеттерді талап етіп тұрғанын түсіндіру үшін нық, қатты және созылмалы дауыспен беріледі.

Мысалы:»Взвод (3-взвод) — тоқта» «Қатардағы жауынгер Ешен, бері кел», қабылдауды жою немесе орындауды тоқтату үшін «Тоқтат» пәрмені беріледі.

Осы пәрменді қабылдауды орындауға дейін болған жағдай   қабылданады.

Әскери қызметшінің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттері -10 минут.

 

 

 

 

 

Әскери қызметші:

— өзінің қаруының, өзіне бекітіліп берілген қару-жарақтың және әскери техниканың жеке қорғаныс құралдардың және жабдығының тұзулігін тексеруге;

— киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге, анықталған кемшіліктерді жою үшін жолдасына көмектесуі тиіс;

-саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға, арақашықтықты сақтауға, саптан рұқсатсыз шықпауға;

— сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге және темекі тартпауға, өзінің командирінің бұйрықтары мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, оларды жылдам және нақты, басқаларга бөгет жасамастан орындауға міндетті.

Қорытынды — 5 минут

 

Түсіндіріп болғаннан кейін, қысқаша талдау жасаймын. Сабақ мақсатына қалай жеткенін, жіберілген қателіктерді айтамын.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *