Басы » Алғашқы әскери дайындық » Тактикалық дайындық

Тактикалық дайындық

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Елтінді батыр атындағы орта мектебі «коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» АӘД пәнінің мұғалімі Нұртас Ысқақұлы Үкібасов

 

Сабақтың тақырыбы: Тактикалық дайындық.

 (Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті).

Мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті мен қимыл-қозғалыстарды қалай жүзеге асыратынын түсіндіру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Бірлікшіл, ынтымақшыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:  әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың орны: жаттығу алаңы

Көрнекілігі:  плакаттар, Калашников оқу-жаттығу автоматы,                                       каска.

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім.                                                                І. Ұйымдастыру – 3 мин

Взвод командирі сапқа тұрғызады, әскери оқытушыға рапортын

береді.

Сәлемдесу. Әскери формасына, сырт пішіндеріне назар аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру5 мин

  1. Атыс жүйесі дегеніміз не?
  2. Атыс жүйесі бөлімшеде қалай ұйымдастрылады?
  3. Қорғаныста бөлімше командирі қандай графикалық құжат дайындайды.

ІІІ. Жаңа сабақ. 25-30 мин.

Тақырыпты және оның мақсаттарын хабарлау — 2 мин.

ІV. Негізгі бөлім. 25 мин.

Бірінші оқытылатын сұрақ — 10 мин.

Жауынгердің ұрыстағы міндеттері: Жеңіске жету жеке жауынгерлердің, бөлімшелердің танк және машиналар экипаждарының, зеңбіректер мен минатқыштар есептобының және т.б.табысты қимылына байланысты болады. Әрбір жауынгер қарсыластың тірі күші мен ұрыс машинасын неғұрлым көп жойған сайын соғұрлым шабуылдағы бөлімшенің алға жылжуы тез және қарсылас үшін қорғаныс тұрақты және берік бола түседі.

Жауды жеңу үшін әрбір жауынгер өз қаруы мен ұрыс техникасын жетік біліп, оларды ұрыста шеберлікпен қолдануы тиіс.

Жауынгер өз міндетін, қарсылас танктерін басқа да сауытты машиналары мен танкіге қарсы құралдарының жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың әлсіз және күшті түстарын жақсы білуі тиіс,ұрыс барысында тыңғылықты бақылау жасай алуы   т/б міндеттер жүктеледі.

Екінші оқытылатын сұрақ – 15 мин  

Жауынгердің ұрыстағы қозғалысы.

a1

 

Қазіргі заманғы ұрыста жауынгер қарсылас оғы астында кез-келген жерде тез және жасырын қозғалып қарсыласты үздіксіз бақылап, өз қаруынан атыс жүргізе отырып оны жоюға қабілетті болуы тиіс.

Ұрыста жергілікті жер мен қарсылас атысының әсер ету сипатына б/ты жауынгер ЖҰМ-да /БТР-ДА/ танкіде жылжи алады, ал жаяу ретпен қимылдаған уақытта жеделтетіген адым немесе жүгіріспен жүгіре өру н/се жер бауырлай қозғалу ретімен жылжиды.

a2

 

 

 

 

 Жер бауырлай жылжу

 Бөгеттерден өту. Ұрыс жағдайында жауынгерге әр түрлі бөгеттерден жиі өтуге тура келеді. Бөгеттерден тоқтаусыз ұрыс барысында шабуыл екпіні немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей және қарсылас күтпеген жерлерде өту өте маңызды. Инженерлік бөгеттер. Қазіргі заманғы ұрыста  әр түрлі инженерлік бөгеттер, әсіресе миналанған алаңдар, сымды бөгеттер т/б қолданылады. Барлық жарылмайтын бөгеттер әдетте атыспен тасаланады және миналанады. Ұрыста жауынгерлік міндетерді тез және табысты орындау үшін жауынгер инженерлік бөгеттерді тауып, олардан өту шеберлігін шебер меңгеруі тиіс.

a3

          Қойылған  миналардың бүркенішін ашу белгілері.

  

Сымды бөгеттерден өту

 

  1. V. Қорытынды бөлім – 5 мин

Оқушылардан сұрақтарға жауап алу

1.Ұрыстағы жеңіс кімге байланысты?

  1. Ұрыста әр жауынгер нені білуі тиіс?
  2. Бөгеттерден өтудің қандай тәсілдерін білесің?

 

  1. Сабаққа талдау және оқушылардың

білімдерін бағалау. 3 мин                 

 

VІІ. Үйге тапсырма.  §6. 129-137- беттер. 1 мин

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *