Мақсаты: Ұлттық би элементерін қолдана отырып, әр оқушыны өз денсаулығын күтуге, дене бітімін жетілдіруге, спортық икемділігінің артуына жағдай жасау. Дені сау, салауатты, жаны таза, қоғамға пайда келтіретін ұрпақтарды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд көрсету, видеоролик мектеп өмірінен таңғы жаттығудағы, үзіліс кезіндегі көріністер.
Жоспар:
I.Кіріспе сөз
II. Қаражорға биі туралы шығу тарихы
IІІ. Би. (Бидің адам ағзасына тигізетін пайдасы)
ІV.Видеоролик. (мектеп өмірінен таңғы жаттығуда, үзіліс кезіндегі көріністер.)
V. Келген қонақтарға би элементтерін үйрету.
VІ.Рефлексия
I.Кіріспе сөз
«Бірінші байлық- денсаулық» деп халқымыз айтқандай, қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат-міндеттердің бірі адамның хал-ахуалы мен «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматы дені сау, салауатты болуы шарт. Әр ұлттың, халықтың сан алуан әдет-ғұрыптары адамның денсаулығын сақтап, өмірін қызықты, мағыналы етіп өткізуіне мүмкіндік береді. Олар адам денесінің қимылын жетілдіріп, күшін арттырып, ой-өрісін дамытады, көңіл-күйін көтереді.
II. Қаражорға биі туралы шығу тарихы
Қазір алты жасар баладан алпыс жастағы кəріге дейін осы қаражорға биін билеуге құмар. Өзгелер «Қара жорғаны» билеп жатқанда, сен де қарап тұра алмайсың. Қол-аяғыңды қалай қимылдатып билей жөнелгеніңді сезбей қаласың. Өйткені, «Қара жорға» біздің қанымызда бар. Ата-бабаларымыз билеген бұл би бүгінгі күні қайта жаңғырып, дәстүрге айналып барады.
«Қара жорға» биінің ғұмырына көз салсақ, кейбір зерттеушілер бидің тарихы 7 ғасырдан ары асатынын айтады.
«Қаражорғаның» тарихы тереңде жатыр. Ертеде бір байдың бәйгеде ешкімге орын бермейтін, тайпалған керемет қаражорға аты болыпты. Күндердің – күнінде байдың жалғыз қызына біреу құда түсіп келеді. Қыз кетерінде әкесіне: «Әке , қалың малымның өтеуі болсын, маған қара жорғаны берші », — депті. Жорғаны берейін десе, қимайды. Бермейін десе, жалғыз қызы. Ақырында жорғаны бермек болды. Қызы кетіп бара жатқанда бәкесі : «Қызым! қаражорғаны бір тайпалтып, жорғалатшы. Жат жұртқа әкетіп барасың ғой, бір көріп қалайын», депті. Сонда қара жорғаны ноқталы ұзын арқанымен бос қоя бередi Жануар ат су төгілмес жорғасына сала жөнеледі. Сонда ноқтаға байланған ұзын арқан толқынданып, атпен бiрге жорғалап бара жатқандай болады.
Осы әдемі көрініске қарап тұрған бiр күйшi «Қара жорға» деген күй шығарады. Бұл күйдің әсерлі болып шыққаны соншалықты, оны естіген қазақ қимылсыз қала алмаған. Бүгінде де солай. Буын-буының еріксіз босайды. Сол себепті де «Қара жорға» биі, кейіннен әні де пайда болады екен.
1 Ал біздің мектепте «Қара жорға» биін билейтін балалар бар ма?
2 Әрине бар. «Қара жорға» биі! Қарсыалыңыздар!
БИ
1. Қандай керемет би?! Бишілер сан алуан қимылдарды көрсетіп жатыр. Мұның денсаулыққа пайдасы да бар шығар?
2. Сен естімеп пе едің? Бұл биді Қазақстанның барлық түпкірлерінде билейді, тіпті жастар жиналып, алаңға да шығып билеген. Бұл би денсаулыққа да үлкен әсерін тигізеді. Оны естіп пе едің?
1 Жоқ!
2 Ендеше тыңда, сарапшыны шақырамыз.
Сарапшы.
«Қимыл бар жерде- өмір бар.»- дейді халық. «Қара жорға » биі денсаулыққа өте пайдалы. Бұл би адамның мойын, омыртқа, дене бітіміне, жүріс – тұрысына
үлкен әсерін тигізеді. Дәрігерлердің ұсынысы бойынша бұл би- өте қолайлы би. Қаражорға биінің денсаулығымызды күшейтіп, ағзадағы зиянды қалдық заттардың сырқа шығуына және артық салмақты жоюда май жасушаларының еруіне септігін тигізетіні белгілі. Бойымызды тазалап, қан айналымымызды жақсарту, біздің ойлау қабілетімізбен санамызға оң әсер береді. Сонымен қатар саулықты, салауатты өмір сүруді іске асыратын тәсілдің бірі. Енді бидің денеге тигізетін пайдасын медициналық тұрғыдан алғандағы бірнеше түрін атап өтейік:
1.Бидің қимыл-қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңіл-күйін көтеріңкі ұстауға ықпал жасайды.
2. Би қимылындағы еңкейіп, шалқайғандағы жаттығуларыда адамның ми тамырлары кеңіп, арнасынан аққан қанның көлемі көбейеді. Сол арқылы миға қоректік заттар мен оттегі көптеп келеді. Мұндай адамның көкірегі ояу, ақыл-ойы таза, күш қуаты мол болады.
3. Үнемі иіліп, көтеріліп тұрудан көздің ішіндегі қан айналымы жақсарып, оны ұстап тұрған бұлшық еттер шыңдалады. Адамның аз қимылдауы-бұлшық еттердің дәрменсіз қалуы, қан айналысының нашарлауы, ішкі ағзалар қызметі төмендеп, зат алмасуы бұзылды деген сөз. Осындай зардап тартпас үшін, адамдар жаттығулар жиынтығын кеңінен қолдануы керек. Қимыл-қозғалыстың денсаулыққа пайдасы ықылым заманынан белгілі
4. Би –жақсы ұйқының көзі.
5. Бидің жаттығулары адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді.
Иə, «Қара жорға» ғажап би! Қазір мектебімізде сабақ басталар алдында күнде таңғы жаттығу орнына барлық оқушылар, ұстаздар əуенге қосылып, «Қара жорға» биін жарыса билейміз. Бұл бір жағынан ұлттық биімізді насихаттау болса, бір жағынан дене шынықтыру жаттығуы, спорт. Биден кейін балалар өздерін сергек сезініп, сабаққа деген ынтасы артады. Бүкіл мектеп, мекемелерде «Қара жорға» биін əр қазақ билесе, нұр үстіне нұр болар еді… ( Олай болса мектепте түсірілген видеоны көріңіздер).
Мектептегі роликтер
1 Олай болса, мүмкін біздің қонақтар да би үйренуге қарсы болмас? Барлығымыз да орындарымыздан тұрып, ең болмаса 2-3 жаттығудан үйренейік?
Бидің қимылдарын үйренейік.
Рефлексия
«Қаражор¬ғаның» құдіреті сол – адам бойындағы ұйықтап жатқан рухты оятып, денеге жан бітіретіндігінде. Олай болса, бізге оны тек би деп қабылдап қана қоймай, ұлттық спортымыздың бөлінбес бөлшегіндей қарастыруымыз шарт. Бұл – «Қаражорғаны» балабақша, мектептерден бастап, дене¬шы¬нықтыру пәні арқылы жаппай меңгеру керек деген сөз. Әр буынды қимыл-қозғалысқа енгізетін бұл бидің денсаулыққа пайдасын тереңірек зерттесек, оны тіпті емдеу орындарында сауықтыру процеду-расы ретінде енгізуге болатындай. Мінекей, біз бір ғана би ретінде көріп жүрген «Қара¬жорғаның» әлі де болса, талай ашылмаған қырлары молдығына көз жеткіздік. Бір сөзбен айтқанда, ол – ұлттық рухты оятушы құрал, ол – ұлттық спорт, керек десеңіз, ол – медициналық емдеу тәсілі де.
Дендеріңізге саулық, күш-қуат тілейміз!
Бейне материал тамашалаңыздар: