Алматы облысы, Қарасай ауданы,
Береке ауылы «М.Бейсебаев атындағы
орта мектеп мектепке дейінгі шағын
орталықпен» КММ 3 «Г» сынып оқушысы
Бабаева Ақниет Рахатқызы
Туған жер – алтын бесігім.
Таяуда М.Бейсебаев атындағы орта мектебінде 3-сыныптар арасында шығармалар сайысы ұйымдастырылды. Шығарма Қазақстан, Отан туралы, Елге деген сүйіспеншілік туралы тақырыбында болды. Соның ішінде 3Г-сынып оқушысы Бабаева Ақниеттің шығармасы үздік деп танылды. Ақниет Отанға, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін аталған шығарма білдірді. Ұстазы Шолпанкулова Айгуль Абыйровна өзінің оқушысының жазған шығармасына көңілі толып, риза болды.
ҚАЗАҚСТАН.
Әрқашан да қабыл болсын ниетің,
Халқымыздың амандығын тілеген.
Тарихымыздың парағына жазылған әр халықтың сан қилы тарихы бар. Әрбір атқан таң мен батқан күн адамдарға тыныштық пен бақыт әкеледі. Біздің бүгінгі өміріміз-ең тамаша, ең бақытты шақ. Біз бейбітшілік жырын жырлайтын алтын күннің нұрынан, шуағынан нәр алатын, болашақта жарқын істерімізбен елімізді қуантатын, еліміздің ертеңіне сенетін жас ұландармыз. Біз кезінде елімізді ойрандаған қанды майдан соғыс, ашаршылық жайында оқулықтан оқып білеміз. Өткеннің бәрі-тарих. Тарихты жете білу-ел тағдырын білу. Келешекте бейбіт күннің бетін бұлт баспасын, барлық әлемдегі адамдар бейбітшілік үшін күрессе деймін.
Мемлекетіміздің аспаны ашық, әр таңы арайлы, болашағы нұрлы болса екен деп тілейміз. Әр адамның өз ортасы, туған жері болады. Менің де өз ортам, халқым бар. Әрине, ол-Қазақстан «елім», деп білемін. Осындай кең байтақ еліміз бар екендігіне қуанамын және мәңгі тыныштық болып жайнай берсін деймін. Елбасы -Н.Ә.Назарбаев атамызды, халқымыздың данасы деп біледі ел.
Сынып жетекшісі Шолпанкулова Айгуль Абыйровна