Басы » Cыныптан тыс » Жүйрік болсаң, озып көр

Жүйрік болсаң, озып көр

 Жазира Сексенбай

«Жүйрік болсаң, озып көр»

/Танымдық сайыс/

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік:         Оқушылардың математикаға қызығушылығын, зейінін арттыру, сыныптың көшбасшысын анықтау.

Дамытушылық: Ой – өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:         Оқушыларды белсенділікке, алғырлыққа баулу.

 

Мұғалім: Уа, халайық, халайық,                   Мұнда қызық табылар,

Бәріңе жар салайық.             Жұмбақ, есеп-бәрі бар.

Бүгінгі кеш төрінде,              Ал, сайыскер, балалар,

Математика елінде,               Білімдеріңді сынайық,

Есеп шешіп жарысып,          Балалардың ішінен

Жұмбақ шешіп аңдысып,     Ең жүйрігін табайық.

Шабыт тасып, шалқысып,

Көңілді кеш жасайық.

Мұғалім:

  • Құрметті ұстаздар, оқушылар, сіздерді 3Ә класс оқушыларының арасында өтетін «Жүйрік болсаң, озып көр» атты танымдық сайысты көруге шақырамыз.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Бәрінен де ең бастысы-барлығының

Қатты істейтін миы бар,-дей келе осы сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.

  1. Телғара Диана Еспанов Азамат
  2. Шора Айбатыр Жаханша Бекарыс
  3. Ерсін Айбек Мұхтар Рамазан

 

І кезең       «Қас қағым сәт»

-Алдымен өз ұяшықтарыңыз таңдап аласыздар, 7сұрақ беріледі, 1минуттың ішінде нақты, әрі тез жауап берулеріңіз керек. Бұл кезеңде ең жоғарғы ұпай-7 ұпай. Жауаптар санына қарай бағалаңыздар. Әр кезең бойынша ұпайы төмен 1 оқушы сайыстан шығып отырады, ең соңында ең жүйрік оқушы қалуы тиіс. Олай болса сайысымызды бастаймыз.

№1 ұяшық сұрақтары

  • Көбейтіндінің мәнін табу үшін қолданылатын амал қалай аталады?
  • Жұп сандар дегеніміз не?
  • Егер тырна бір аяғымен тұрса 3кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
  • Кез-келген санды 1-ге бөлгенде не шығады?
  • 5км-де неше метр бар?
  • Асханаға 100кг пияз және одан 3есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді?
  • 27-нің үштен бір бөлігі қанша?

№2 ұяшық сұрақтары

  • Көбейту мен бөлу өзара қандай амалдар?
  • Тақ сандар дегеніміз не?
  • 1т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?
  • Жақшасыз өрнекте алдымен қандай амалдар орындалады?
  • Екі нүктенің арасындағы түзу.
  • 1 метр неше сантиметрге тең?
  • Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?

№3 ұяшық сұрады

  • Бөлудің компоненттерін ата.
  • Ұзындықтың өлшем бірлігі.
  • Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды?
  • Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
  • Бұрыш түрлерін ата.
  • 2 тәулікте неше сағат бар?
  • Төрт қойдың неше аяғы бар?

№4 ұяшық сұрақтары

  • Көбейтудің компоненттерін ата.
  • Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?
  • 7т-да қанша кг бар?
  • Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін еске түсір.
  • 18-дің жартысы нешеге тең?
  • Шаршының ауданын қалай табамыз?
  • Бөліндінің мәнін табу үшін қолданылатын амалды қалай атаймыз?

№5 ұяшық сұрақтары

  • Қалдық әрқашан бөлгіштен қандай болады?
  • Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура.
  • Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
  • 4 сағатта қанша минут бар?
  • Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
  • 19-ның ширегін тап.
  • Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш қалай аталады?

№6 ұяшық сұрақтары

  • Санның бестен бір бөлігін табу үшін не істейміз?
  • Санды нөлге бөлуге болады ма?
  • Қолда 10 саусақ болса, 10 қолда неше саусақ болады?
  • 14-тің жартысы неше?
  • Бота бар ақшасының жартысын жұмсағанда, өзінде қалғаны 50 теңге, Ботада қанша ақша болған?
  • Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?
  • 1 ц неше кг бар?

 

ІІ кезең      «Қызықты жұмбақтар»

№1

Ортаға әкеп тосты Оспан

Отыз жеті қаламды.

Тиді әркімге қос-қостан,

Балалардың бәрі алды.

Өзгелерден бір қалам

Артық тиді Күләшқа.

Береді айтып кім маған,

Неше жан бар класта?                    /19жан/

№2

Ағам бізді жинады,

Сегіз қолғап сыйлады.

Бірін кидік оң қолға,

Бірін кидік сол қолға.

Қамқор болған ағамыз

Біздер қанша баламыз?                 /4 бала/

№3

Самал қаппен арқалап,

Бес қауыннан тасыды.

Қабы болмай ал Талап

Қос қауыннан тасыды,

Осы ретпен сабылып,

Екеуі әбден шаршады.

Тасып алған қауынның

Қанша болды бар саны?      /70 қауын/

№4

Портфелімде әуелі

Он үш жаңғақ бар еді.

Науат пенен Маратқа,

Самат пенен Сағатқа,

Апасына Қанаттың

Екі – екіден тараттым.

Қанша жаңғақ қалғанын,

Айта қойшы, ал, жаным!      /3 жаңғақ/

№5

Бір топ бала тоғаннан

Он бес балық ұстадық.

Бөліскенде оларды,

Тиді әркімге үш балық.

Сынайын ал бір сені,

Бала саны қанша еді?           /5 бала/

 

ІІІ кезең    «Кім жүйрік?»

  • Оқушылар алдарындағы есепті 3 минутта шығарып, жұмбақты

шешіңіздер. Бірінші болған оқушы алдарындағы геометриялық фигураны көтеріңдер. Жоғары ұпай -10 ұпай. Егер есепті 1-ші шығарса -10 ұпай, 2-ші шығарса-9 ұпай, 3-ші шығарса – 8 ұпай алады.

 

 

ІҮ кезең    «Логика әлемінде»

№1

Теплоход айлақтан 800 сағатта шығып, 1500 – де келесі айлаққа жеткен. Егер жолда 2 рет тоқтап, ұзақтығы 35 минуттық екі үзіліс жасаса, ол жолға қанша уақыт жұмсаған?

/Ж: 5 сағат 50 минут жұмсаған/

№2

Сурет қандай геометриялық фигуралардан құралған? Қанша үшбұрыш, дөңгелек және шаршы салынған?

/14 үшбұрыш, 8 дөңгелек, 1 шаршы/

 

Ү кезең       «Жеңімпаз»

  • Оқушылар математика сабағында өтіп жатқанынымыздай көбейту,

бөлу амалдары бойынша есептер шығарамыз, енді бұл кезеңде тез қимылдауға тырысыңдар. Бұл кезең 10 ұпаймен бағаланады. Интерактивті тақтадағы электронды оқулық тапсырмаларына  назар аударайық.

 

  • Оқушылар, біз міне бүгін ең жүйрік, алғыр оқушыны таптық.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші 9 оқушының ішінен суырылып алға шыққан ең алғыр, ең білімді Жаханша Бекарысты  құттықтаймыз.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *