Алматы облысы, Панфилов ауданы, «Елтінді батыр атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Е.Д.Тонереков
Баскетбол. Екі қадам басып секіре допты себетке салу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға баскетбол ойынының қауіпсіздік ережесімен таныстыру,ойын әдіс- тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық:Оқушыларды допты себетке бағыттауға және жылдам шапшаң алып жүруге ептілік төзімділік қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелілік:Оқушыларды ұйымшылдыққа ұжымдыққа команда болып жұмыс істеуге,саламатты өмір салтын насихаттауға тәрбиелеу.
Сабақ өтетін орын Спорт зал
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар баскетбол доптары, ысқырық ,уақыт өлшегіш
Тәсілі: түсіндіру,көрсету,жұптық ,топтық және жекелей жұмыс
Сабақ бөлімі | Сабақтың мазмұны | Уақыты | Әдістемелік нұсқау |
Д а й ы н д ы қ
б ө л і м і |
Оқушыларды сапқа тұрғызу .Кезекші баяндамасы .Сәлемдесу.Тізім бойынша түгендеу.Сабақтың тақырыбы мен міндеттерін таныстыру.
Оңға және солға кері бұрылу командаларын орындау.Жүру жаттығулар топтамасы. Алаңды айнала қадам басу. Аяқтың ұшымен жүру,қолды жоғары созып,алақанды бір –біріне қарату. Өкшемен жүру,қолды желкеге қою. Аяқтың ішкі қырымен жүру, сыртқы қырымен жүру қол бүйірде. Спорттық жүріспен жүру. Оң жақ және сол жақ қапталмен жүгіру. Тізені жоғары алақанға тигізе жүгіру. Аяқтың сыртқы қырын алақанға тигізе жүгіру. Өкшені алақанға тигізе жүгіру. Жай жүріске ауысу. Тыныс алуды қалпына келтіру.Төрт қатарлы сапқа тұрғызу.Мойынға жасалынатын жаттығу қолды белге қойып, мойынды оңға төрт рет,солға төрт рет айналдыру. Иыққа жасалынатын жаттығу, қолды иыққа қойып алға қарай төрт рет, артқа қарай төрт рет айналдыру. Қолға жасалынатын жаттығу .Қолды алға созып қолды қайшылаймыз,буынды айналдырамыз ішке төрт рет сыртқа төрт рет. Қолды желкеге қойып, оңға қарай төрт рет, солға қарай төрт рет айналдыру. Қолды толығымен алға қарай төрт рет, артқа қарай төрт рет айналдыру. 16-санақ жаттығуын жасату. Қолды белге қойып, оңға төрт рет, солға төрт рет айналдыру. Сол қолды жоғары көтеріп, оң қол белде оң жаққа екі рет иіліп, сол жаққа екі рет иіліп жасалынатын жаттығу.
|
10-15 минут
3-4 рет
3-4 рет
3-4 рет
3-4 рет
|
Спорттық киіміне
назар аудару.Дауыстап анықтап айту.
Денені сәл артқа қарай шалқайтып ұстау.
Жаттығудың дұрыс жасауын қадағалау. |
Н е г і з г і
б ө л і м і
Қ о р ы т ы н д ы
б ө л і м і
|
Сапқа тұру.Жаңа сабақты түсіндіру. Баскетбол ойынының қауіпсіздік ережесін және әдіс- тәсілдерін үйретіп көрсету.Оқушыларды сапқа тұрғызып, бір-бірден допты себетке екі рет аттап лақтыруға үйрету.Баскетболшының негізгі әрекеті допты қарсылыс серігіне беру арқылы себетке лақтыру ұстау.Қағып жіберу әрекетін баскетболшылар көбінесе ұстауы қиын жағдайда қолданады. Ықшамдалған ережемен баскетбол ойнау үшін оқушылар өз орнын білуі керек.Ойында допты алып жүрудің бірнеше тәсілдері: допты екі қолмен алма-кезек алып алып жүру, бір қолмен алып жүру , допты алып келе жатып кілт тоқтау, бұрылулар мен секірулер ,әуеде келе жатқан допты тоқтату,тоқтату арқылы допты төменнен және жоғарыдан беру. Оқушының өз орнын таба білуі және дұрыс әріптесіне доп бере білуі болып табылады. Сигнал берілген кезде тоқтау.Алдау тәсілдері бірнеше әдістерден тұрады: «лақтыру» ,«ұру», «тоқтату», «алып кету» және т.б. Қандай жағдайларда айып добы беріледі.Баскетбол ойынының әдіс тәсілдері көп,ойыншы допты екі адымнан артық аттап жүріп кеткен жағдайда, орталық сызықтан өтіп барып допты артқа берген жағдайда «зона»орталық сызықтан өту.Айып алаңында ережені бұзған жағдайда айып добы,екі ойыншының арасында қауіпті ойын болғанда,итеріп жығу әрекеті т.б. Баскетбол ойыны икемділікті, жылдамдықты, шапшаңдықты, күштілікті, төзімділікті және сонымен қатар қозғалыс үйлесімділігін жетілдірудегі маңызы зоройынның бірі болып табылады. Сергіту сәті.Көзді жұмып 60 рет санау арқылы саптан алға шығу.
Қорытынды бөлімі. Сапқа тұрғызу. Жаңа сабақты қорыту. Жаңа сабақта жіберген қателерін кемшіліктерін түзету, жетістіктерін айтып өту. Спорт залдан саппен шығару.
Үйге тапсырма беру.
Допты жоғарыдан және еденнен шоршытып берген допты қабылдау әдістерін қайталау және ауысу кезінде әр оқушы өз орнын таба білуі. Допты ойынға қосу .
Оқушы білімін бағалау. Сабақты аяқтау.
|
15-25 м
3-5 м |
Ойын кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.Орында допты ұстау және жүгіріп келіп қарсыласына беріп допты себетке салу арқылы орындау тәсілін көрсету.Дағдылық қасиеттерін қалыптастыру.
1.Секіру кезіндегі лақтыру
2.Жоғары секіру
3.Алма-кезек алып жүру
4.Екі рет аттап допты себетке салу
Ойын кезінде әр оқушы өз орнын таба білуі.
Сапқа тұрғызу. Оқушылардың қимыл -қозғалысын ойындарын сабағын бағалау. |