Алматы облысы, Панфилов ауданы,«Елтінді батыр атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Е.Д.Тонереков
Волейбол.Допты жоғарыдан төменнен қабылдау әдісі Доптыжоғарыдан төменнен қабылдау әдісі
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға волейбол орнындадоптытөменненқабылдауәдісінтолықмеңгерту, үйретуарқылы волейбол ойынынадегенқызығушылықтарынарттыру.
Дамытушылық:Оқушылардыңқимыл-қозғалысәрекетінарттыру,және ептілікке икемділікке баулу.
Тәрбиелілік:Оқушылардың теориялық алған білімдерін дамыта отырып,қоғамдық белсенділік пен ұйымдастырушылық қабілетіне қарай жеке тұлғана қалыптастыру.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар:волейбол доптары,ысқырық,тор,жалаушалар.
Өтетінорын:Спорт зал.
Түрі:Жаңасабақ,үйрету сабағы
Әдісі:Түсіндірме, практикалық және теориялық
Бөлімі | Сабақтың мазмұны | Уақыты | Әдістемелік нұсқаулар |
Дайындық бөлімі | 1.Оқушыларды сапқа тұрғызу,кезекші баяндамасы,сәлемдесу,тізім бойынша түгендеу.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
|
1 мин | Спорттық киімдеріне назар аудару. Қысқа-нұсқа тез-тез түсінікті етіп баяндау. |
2.Саптағы жаттығулар. «Оңға»және «Солға» «Кері айнал»командаларын орындату. | 1 мин | Бұйрықты дауыс,анық түсінікті. Саптағы жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау. | |
3.Жүріс және олардың ерекшеліктері:-алаңды айнала жүру,қол жоғарыда алақан ішке қаратылады,аяқтың ұшымен;
-қол желкеде кеудені керіп аяқтың сыртқы қырымен; -қолды белге қойып өкшемен жүру; |
3 мин | Денені түзу ұстау.Толық аяқтың сыртымен,ішімен жүру. | |
-спорттық жүріспен және жеңіл жүгіріспен; -оң қапталмен және сол қапталмен; -тізені жоғары көтере жүгіру; -аяқтың қырына алақанды тигізе жүгіру; -бір қырымен жүгіру; -артқа қарап жүгіру; Тыныс алуды қалпына келтіру.Қолды жоғары көтереміз,қолды жоғары көтергенде өкше көтеріліп демді ішке аламыз,қолды төмен түсіргенде демді шығарамыз. |
5 мин | Денені түзу ұстау,аяқтың ұшымен.
Қол төмен-дем шығару |
|
5.Жалпы арнайы дамыту жаттығулары Төрт қатарлы сапқа тұрғызу,жартылай оңға бұрылу.Қол белде оңға солға басты айналдыру.қол иықта алға артқа айналдыру.Оң қолды жоғары көтереміз,сол қол белде,сол жаққа иілу.Қолды белге қойып белді айналдыру.Аяқты иық кеңдігінде саусақтар біріктіріліп,екі қолды айналдыру.Алақанды оң аяққа сол аяққа тигізу.Орында оң сол қос аяқпен секіру. | 4 мин | Денені түзу ұстау,қолды түзу созу,бүгілу иілу дағдыларын меңгерту. | |
Допты жоғарыдан қабылдауды меңгерту. | |||
Негізгі бөлімі | 1.Әріптесіне бетпе бет қарап ара-қашықтығы 7-8 м допты жоғары лақтырып қайтандан қабылдап,ары қарай әріптесіне көтеріп беру,бір-біріне қайталаут.с.с.
|
4 мин | Жаттығудың дұрыс жасауын қадағалау.Отыра және жантая құлап допты қабылдау. |
2.Бірінші оқушы допты жоғары көтеріп,қарама-қарсы жұбына береді,жұбы допты көтеріп қабылдап -береді.Ара-қашықтық 8-10 м ара қашықтық
|
4 мин | Жұбыңа қолына дәл беруге дағдыландыру.Саусақтың ұшымен допты жеңіл беру. | |
3.Оқушы допты құрбысының қолына береді,ол допты төмененен екі қолмен қабылдап қайта береді.8-10 м | 4 мин | Допты жоғарыдан биік беру | |
4.Допты тор арқылы алмастыруды меңгерту.Ара қашықтығы 8-9м. Әріптесіне бетпе-бет қарап тұрып,допты сол алақанға бүгілген оң алақанмен допты ұрып әріптесіне беру,және саусақ ұшыменбиіктікке қабылдау.
|
4 мин | Торға оқушы тиіп кетпеуін қадағалау. | |
Допты төменнен қабылдауды меңгерту | |||
1.Волейболист ойыншысының екі қолмен төменнен қабылдау тұрысы. | 4 мин | Аяқ жартылай бүгіледі,қолды созып төменнен алу әдісін көрсету. | |
2.Бір оқушы допты әріптесіне қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап қайта береді. | 4 мин | Төменнен қабылдауды игерту. | |
3.Бірінші оқушы допты еденнен әріптесіне береді,қарсыласы төменнен қайта береді.7-10 м | 4 мин | Бірнеше рет дұрыс орындау. | |
Қорытынды | 1.Сабақта өтілген жаттығуларды қайталау.2.Оқушылардың білімдерін бағалау.
3.Үйге тапсырма беру.Допты жоғарыдан төменнен қабылдау әдісін үйреніп келу.
|
3 мин | Өз бетінше орындауға дағдыландыру. |