ШҚО, Аягөз ауданы
«А.Көшкімбаева» атындағы орта
мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Бозтаева Шынар Айдарханқызы
Ата-аналармен сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Спорт сүйген жанұя» атты
НАМЫС-ДОДА жарысы
Мақсаты: Жанұяның спортқа, эстафеталық ойынға қызығушылықтарын арттыру. Бала мен жанұя арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қажетті құрал –жабдықтар: доптар, атрибуттар, жұмсақ ойыншықтар, жеміс суреттері, жәшіктер, кабиналар, маскалар.
Қатысушылар: бастауыш класс оқушыларының ата-аналары.
Жарыстың жоспары:
1. Командалар таныстыруы
2. «Жеміс жинау»
3. «Шеңберге доп салу»
4. «Арбакеш»
5. «Тапқыр»
6. «Көмекші»
7. «Арқан тарту»
Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанарма
Намыс пен спорт жарыста
Тәрбие тәлім табар мән
Бұл бәйге намыс бәйгесі
Кім жүйрік болса, сол алда.
— Қош келдіңіздер спорт сүйер қауым. Жарысқа бастауыш класс оқушыларының әкелері мен аналары қатысатын «Спорт сүйген жанұя» атты жарысымызды бастаймыз.
— Ортаға топтарды шақырамыз, әр топта 3 әке, 3 ана қатысады.
1- топ -Қызғылт түсті футболкада – «Қыран» тобы
2- топ-Сары түсті футболкада – «Сұңқар» тобы
3- топ-Ақ түсті футболкада – «Тұлпар» тобы
4- топ-Көк түсті футболкада – «Жігер» тобы
Әділқазылар алқасымен таныстыру
— Командаларды дене қыздыру үшін, ортаға биші қыздарымызбен бірге «Қара жорға» биін билеуге шақырамыз.
— Жарысымызды бастаймыз. Ойын шарттарымен таныстыру:
1. «Жеміс жинау» жарысы деп аталады, бұл ойынның шарты :
Эстафеталық жарыс. Топ мүшелері кезектесіп жүгіріп келіп, жіпке тізілген жемістердің біреуін алып, қайтадан жүгіріп қайтады, келесі ойыншы ойынды жалғастырады.Жарыс уақытқа беріледі. Қай топ көп жеміс жинайды, соған сәйкес бағаланады.
/Әр тур сайын әділқазылар жарыстың бағасын береді/
2. «Шеңберге доп салу жарысы» оның шарты:
Топ мүшелері эстафеталық жүгіру арқылы шеңберге кезекпенен доп салады. Әр топ мүшелері допты бір рет қана лақтыра алады. Түскен доп саны ұпай санына қосылады.
3. «Арбакеш» жарысы. Шарты:
Бұл жарыс жылдамдыққа берілген. Топ мүшесінің біреуі жылқының маскасын киеді. Екеуі қолдарын айқастырып ұстап, арба есебінде болады. Үшінші ойыншы арбакеш есебінде жылқының беліндегі жіпті ұстап отырады. Қай топ жан-жаққа шашырамай, бұрын мәреге жетсе,сол топтың ұпайы артады.
/ 3 турдан соң оқушылардың спорттық биі орындалады/
4. «Тауып көр» ойыны. Шарты:
Бұл жарыс қарсы командалар арасында маскаларды қолдану арқылы өтеді. Бірінші топтың мүшесі қасқыр болса, екінші топтың мүшесі қоян болады. Қоянның көзі байланады. Екі кабина қойылады. Оның біріне қасқыр, екіншісіне сәбіз жасырынған. Қоянның көзі шешілген соң, ол екі кабинаның біреуін таңдайды. Егер қасқыр шықса, қоян мәреге дейін қашып құтылу керек. Қасқыр қоянды ұстап алса, ұпай беріледі.Егер де ұстай алмаса қарсы топқа ұпай беріледі. Егер сәбізді таңдаса, еш қорықпастан алып кетеді және ұпай өздеріне бұйырады.
5. «Көмекші» ойыны.Шарты:
Ойыншының көзі байланып, жерде жатқан жұмсақ ойыншықтарды жинап, оны өз тобының жәшігіне апарып салу керек. Оған көмекші болып, жәшік ұстап, бір ойыншы «оңға қарай»,«солға
қарай», «тура жүр» деген командаларды өз тобындағы ойыншыға дауыстап айтып тұрады.Көп ойыншық жиналса, ұпай саны артады.
6. Соңғы ойын түрі қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тарту» . Жреби тастау арқылы топтардың қатысу реті анықталады. Команда мүшелері толық қатысады.
Әділқазылар жарысты сараптай келе, жүлдегерлерді анықтайды. Жүлдегер топтар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталады.
Жүргізуші:
Спорт деген азанда
Алады да тұрғызып,
Еріншектік аз онда
Бастайды ойын бір қызық
Аязда да тоңбайсың
Ыстықта да солмайсың
Сергектікті қолдайсың
Жалқаулықты сүймейсің
Бақыт сенен қашпайды
Өнер білген пайдалы
Спорт соның айғағы.
Спортпен шұғылданып жүрейік, ағайын.