Талдықорған қаласы
№14 орта мектеп-гимназиясының
тарих пәні мұғалімі
Семия Әділет
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Алтын орда (ХІІІ ғасырдың ортасы – ХҮІ ғасырдың басы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Туған жердің тарихын, соның ішінде ХІІІ ғасырдың ортасында Шыңғысхан бөлген ұлыстардың бірі, Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы мемлекеттердің бірі Алтын орда туралы толық түсінік беру. Дамытушылық: Алтын орданың құрылуы, Батыйдың Батысқа жорықтары, мемлекеттің қоғамдық құрылысы, гүлденуі, әлсіреу кезеңдеріне тоқтала келе, оқушылардың өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Өз Отанының тарихын біліп қана қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, ерлікке, адамгершілікке, қандай да болсын басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Шаталовтың тірек-сызба схемалары, СТО стратегиялары, ауызша баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, карта, суреттер, хронологиялық кесте, слайдтар, А3 қағаз, маркер, түрлі-түсті қағаз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
— Оқушыларды тексеру, назарларын сабаққа аудару.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді:
1.«Жошы» тобы – көк түс
- «Шағатай» тобы – жасыл түс
- «Үгедей» тобы – сары түсті таңдайды.
Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.
ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру.
- Топтастыру. «Шыңғыс хан кім?» постер