Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Зат есімнің септелуі

Зат есімнің септелуі

А.М.Мухаева,

қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі

«№1Теректі орта мектебі»КММ

Теректі ауылы,  Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы

Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы алған білімдерін толықтырып,септіктің жалғауын дұрыс қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіріп,сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік:  салт-дәстүрімізді қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, өзбеттік жұмыс, тақтамен жұмыс, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,слайдтар,стикер,бағалау-парағы,интерактивті тақта,маркерлер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым,дара тілім!

-Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі-туған тіліміз- қазақ тілі сабағы.

-Ендеше өткен тақырыпты еске түсіріп, үй тапсырмасына көз жүгіртейік.

-Алдымен оқушылар 3 топқа, яғни 3 ауылға бөлінейік.

(Оқушыларға таратылған сөздер қай септікте екенін тауып, сол ауылға қоныстанады.)

  1. Атау, ілік 2. Барыс,табыс      3.Жатыс,шығыс,көмектес

Қоныстарың жайлы болсын!

Бүгінігі сабақтың мақсаты:Зат есімнің септелуі туралы алған білімдеріңді толықтырып, септіктің жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйренеміз.

«Білім пердесі»тақтада ілініп тұр. Әр тапсырмаға  жауап берген сайын сыйлық беремін. Сол сыйлықты тақтаға іліп отырасыңдар. Ең көп жинаған оқушы жеңіске жетіп, жақсы бағаланады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ал, балалар үйдің үлкендері жол жүріп кеткен екен. Онда бәріміз жиналып «Бастаңғы»жасайық.

Бастаңғы дегеніміз не? …

Жарайсыңдар!

2.Үйге берілген тапсырманы тексерейік.

1.43-жаттығу. Барыс септігінің жалғауын жалғап, көшіріп жазу.

2.Ережені  жатқа жазу .

(3оқушы берілген парақшаларға ережені жатқа жазады)

 «Аударыспақ» ойынның шарты:

3 қатарға 3 түрлі- түсті қағазға жазылған өлең үзінділері беріледі. Өлеңді оқып, қандай өлең үзіндісінен алынғанын және авторын табу керек.Сол тақырыпқа сай мақал-мәтелдер жазу және соның ішінен  зат есімді табу.

Жауабы: 1.Туған жер                   2.қазақ тілі                         3.білім

«Бәйге» шарты:

Слайда көрсетілген ұлттық бұйым атаулары тауып септеу.

(үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс)3 оқушы тақтада жұмыс жасайды.

Сергіту сәті

«Тобық тығу» ойынның шарты: Көздеріңді жұмсаңдар, мен  бір баланың артына тобықты  жасырамын. Кез келген баланың есімін атап, «Тобығым қайда?» дегенде  қай баланың артына жасырынғанын айту керек.

Мәтін құрау «Сыбаға»  деген тақырыпқа мәтін құрап,септелген зат есімнің атын сызамыз.

«Теңге алу» Септікті, шапшаңдықты сынап көрелік!

Тест сұрақтарына жауап береміз.

(Бір-бірінің дәптерлерін ауыстырып, тексеріп, бағалайды.)

 Сабақты қорытындылау.

 «Қалау»  -көршілеріңнен  ұнаған затты , қалағандарын сұрайды.Бүгінгі сабақта қайталанған септіктерді байланыстырып, сурет салу.(модельдеу)

 

Бағалау «Білім-пердесі» бойынша қорытынды жасап оқушыларды бағалау.

Үйге:  «Салт-дәстүрің-салтанатың» эссе жазу.

Жақсы сөз -жарым ырыс!

Бүгігі сабақты ізгі тілекпен аяқтайын деп тұрмын.

«Құттыға жеміс тола ма?

Бір-бірлеп теріп алмассаң.

Әп-сәтте өсе қоя ма?

Еккен дәнін ойласаң.

Білімде сондай қарағым.

 Біртіндеп сіңер сондай бойыңа

Ұғып ал, білім боларын,

Ұғып ал, білім боларын,

Шам-шырағың жолыңда»- деп сабағымды қорытындылаймын.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *