Спорт ойындарындағы арнайы жаттығулардың маңызын арттыру
Бозтаева Шынар Айдарханқызы
Дөненбай ауылындағы «А.Көшкімбаева
атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
дене шынықтыру мұғалімі
«Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе»
Ғабит Мүсірепов
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата — бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан — 2050” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай — ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай — ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Ойын дегеніміз – ұшқын, құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ең басты мақсатымыз – денсаулығы мықты бала тәрбиелеу, әрі оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сәби шымыр болсын десек – денешынықтыру сабағында спорттық ұластырып, белсенд
і жаттығулар жасау қажет. Осы мақсатта біз келешекте де ұрпақтың денсаулығын сақтау әрі нығайту мақсатында тиімді іс-шараларды оннан әрі жүзеге асырамыз. Олар: спорттық ойын-сауықтар, түрлі сайыстар және отбасылардың қатысуымен өтетін кештер. Бірқатар мерекелік ойындарды атап кетсем: «Толағай», «Әкем, шешем және мен», «Эстафеталық ойындар», «Денсаулық елінде», «Көңілді жарыс», «Қысқы олимпиадалық ойындар», «Күн, ауа және су ең жақсы досымыз» және «Денсаулық» күніне арналған «Отбасы – алтын ұя» мерекелік спорттық жарыстар.
Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда. Олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтары дамытады. «Адам өркениетке бейім болу үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойынмен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді», — деп Чуковский бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Балалардың бұлшық еттері жыл сайын бір қалыпты және тұрақты түрде өсіп отырды. Алайда, әр түрлі бұлшық ет топтары күшінің жыл сайынғы өсуі бір қалыпты болмайды. Дене жаттығуларының тоғыз жастан бастап денені тік ұстайтын бұлшық еттердің күші елеулі түрде артады да, саусақ бұлшық еттерінің күші біршама тежеледі. Бұлшық еттер күшінің үдемелі түрде өсуі қыз балаларды 11–12 жаста, ал ер балаларды біршама кейінірек 12–12 жас аралығында басталады. Балаларда күш қабілетін жетілдіретін жаттығулар негізнен жүйелі түрде орындалып отыруы қажет. Кү�
� қабілетін жетілдіру кезінде денеге түсетін күш өте көп болмауы қажет. Бұл адамның жалпы өсуін кідіртеді. Күшті арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштілік, төзімділік қасиет — қабілеттерін дамытудың негізгі болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздіксіз және жеткілікті мөлшерде орындап отыруы қажет. Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін, ал көп жағдайда төзімділікті арттыратын жаттығулрадың алдында орындалғаны жөн. Күш қабілетін жетілдіру
үшін жаттығулардың төменгідей түрлерін орындау керек:
а) кермеге тартылу, биікке өрмелеу, аяқты көтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа екпетімен жатып, қолды бүгіп, жазу жаттығуларын орындау қажет.
ә) басқа ауыр салмақтар көтеру (бірнеше бала болып гимнастикалық орындықты және оны үстінде отырған оқушылармен бірге қөтеріп алып жүру) серіппелі спорт құралдарымен, баппен (гантель) көтерумен жаттығу.
Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар. Дегенмен, жоғары да аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиі қолданылады. Өйткені ол мектеп жасындағы балалардың ең қолайлы жаттығуы. 10–13 жастағы оқушыларға белгілі бір деңгейдегі күш, төзімділік қабілеттерін жетілдіретін жаттығулар керек. Себебі 10 жасқа дейінгі балалар жиі алаңдап, белгілі бір деңгейде күш жұмсауға қабілетсіз болса, 10 жастан кейін күш қабілеті едәуір артады. Төзімділік қабілетін жетілдіру үшін бірінші кезекте күрделілеу жаттығулар пайдаланылады.Бұлар: аласа
кермеге тартылу, гимнастикалық қабырғаға және орындыққа қолды тіреп, бірнеше рет бүгіп — жазу, онша ауыр емес заттарды көтеру.
Жылдамдық қабілетін жетілдіру үшін ең бірінші қозғалыс шапшаңдығын арттыруға арналған жаттығулар пайдаланады. Қозғалыс шапшаңдығын дамытуда қайталау тәсілі қолданылады.
Әрбір келесі қимыл — әрекет бұрын көрсетілген шапшаңдықты арттыру міндетін алға қоюы керек.
Дене шынықтыру және спорт жаттығулары организімді нығайту мақсатында орындалады. Соның нәтижесінде денеге мынандай сапалық өзгерістер іске асады.
1) Сыртқы дене бітімі өзгеріп әдемілене түседі.
2) Қимыл — қозғалыс жасау қабілеті артады, яғни дене иқемді, епті бола түседі де, жасалған қимыл — қозғалыстары бір — бірімен өзара үйлесімді, сәнді болып шығады.
3) Дене шынықтыру және спорт жаттығуларының негізгі бұлшық еттердің қимыл — қозғалыс жасауы болып табылады.
Спорттық машықтанудың басты әдісі — жаттығу, яғни қимылды немесе қозғалысты қайталап орындау әдістік-тәсілдік, моральдық, ерік және ілімдік секілді дайындықтың құралдары мен түрліше міндеттеріне қатысты одан әрі дами түседі. Спортшыны тәрбиелеу, Спорттық машықтану жүйесінде моральдық жене ерік дайындығына маңызды мән беріледі. Ол спортшының барлық жолында — оның алғашқы қадамдарынан спорттық шеберліктің шыңын бағындырғанша іске асырылады. Спорттық машықтану жоспарлау — бұл болашағы көпжылдық жоспарлау. Онда спорттық машықтану ғылы�
�и негізделген жоспарлауға ерекше мән беріледі. Жас спортшылармен жүргізілетін жұмыстың келешегін жоспарлау өте маңызды, өйткені ол өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дамуы мен өсу заңдылықтарын есептей отырып жаттығу барысын соларға ыңғайлап құруға мүмкіндік береді.
Спорттық дайындық — дене және ерік қасиеттерін, шеберлікті дамытып, жетілдіру жатады. Спорттық машықтанудың басты құралы есебінде қарастырылатын, дене жаттығуларын тұрақты орындаудың арқасында жүріп жатады. Олар төмендегідей үш негізгі топтарға бөлінеді.
1. Спортшы маманданатын спорт түріндегі жаттығулар
2. Спортшының жалпы дене дайындығының мақсаттарында қызмет ететін жан-жақты дамытатын жаттығулар;
3.Таңдап алған спорт түрінде қолдануға келетін дене қасиеттерін дамыту үшін, сондай-ақ әдістер мен тәсілді жақсы меңгеру мақсатындағы арнайы жаттығулар.
Спорттық машықтанудың қазіргі жүйесінде арнайы жаттығулар жетекші спортшылардың жаттығу тәжірибесінде кеңірек қолданыла отырып, елеулі орынға ие болуда. Арнайы жаттығулардың жәрдемші қимыл-қозғалыстардың «байланысуы» мен жекелеген бөліктері үйретіліп, тұрақталады. Осымен бірге әдістерді қайталауда да дене қасиеттерінің дамуына себепші болады.
Дене шынықтыру және спорт жаттығуларын орындау адамның жан — жақты өсіп жетілуіне қолайлы жағдай туғызады.
Елбасы казіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни, дені — сау, білімді, білікті, жан — жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі. Бұны Елбасы жолдауындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған» деген жолдарынан байқауымызға болады.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, дене тәрбиесі — барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы — қозғалыс, қоз�
�алыссыз тіршілік болмақ емес. Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп белгілі бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Атам қазақ бірінші байлық — денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты болмақ. Бұл сөз кезегінде жақсы оқуға жемісті еңбек етуге деген ынта — жігерді арттыруға септігін тигізеді.
Пайдалынылған әдебиет
1. 1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Астана, 2012
2. 2. Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 2 желтоқсан № 490-І, Астана