С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі
Пән мұғалімі: Алдабергенова
Гульнар Каиржановна
Сабақтың тақырыбы: Аралас сандарды қосу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жай бөлшектер тарауын қайталай отырып,аралас сандарды қосу ережелерін меңгерту,есеп шығара білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойларын тұжырымдау. Өз бетімен қорытындылау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, зеректілікке, шыдамдылыққа, өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Microsoft Power Point презентациялары, электрондық оқулық
Сабақтың әдіс – тәсілдері: интерактивті әдіс, түсіндіру, сұрақ – жауап, жеке жұмыс
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Кайырлы таң құрметті оқушылар. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Қайталау сұрақтары:
— Жай бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымда.
— Аралас сан дегеніміз не?
— Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?
— Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай қосылады?
- Тарихи анықтамалар
Мұғалім: Жай бөлшектер жайлы тарихи мәліметтерге көңіл аударайық. (слайдта көрсетіледі )
Атау | Уақыты | Ұлты | Тегі |
Бөлшек сызығы,
бөлшек |
ХІІ | Итальян | Леонардо Пизанский |
Алым, бөлім | ХІІ | Грек | Максим
Плануд |
Б.з.д.
287-212 |
Грек | Архимед | |
Бөлшек туралы толық мәлімет | ХХ | Орта Азия математигі | Әл-Хорезми |
- Электрондық оқулықтың көмегімен жаңа тақырыпты түсіндіру
Математика Жай бөлшектер модулі Аралас сандарды қосу мен азайту тақырыбындағы аралас сандарды қосуды түсіндіру (1 бет, 2 бет)
Анықтаманы қорытып шығару:
Бөлімдері бірдей аралас сандардың қосындысын табу үшін, аралас сандардың бүтін бөліктерін жеке, бөлшек бөліктерін жеке қосып, қосындыны аралас сан түрінде жазу керек.
Мұғалім: Оқушылар соңғы тыңдаған мысалдарында қандай аралас сандарды қостыңдар?
Оқушылар: бөлімдері бірдей аралас сандар
Ендеше бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін:
1)Аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек.
2)Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу ережесі бойынша қосу амалы орындалады.
Енді бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосуды қарастырайық.
Математика Жай бөлшектер модулі Аралас сандарды қосу мен азайту тақырыбындағы аралас сандарды қосуды түсіндіру (4 бет)
Мұғалім: Осы қарастырылған мысалдарды дәптерлерімізге жазып алайық. (слайдта көрсетіледі)
1)
2)
Қысқаша: .
- Есептер шығару
а) ЭО Тапсырма 1, Тапсырма 3. Оқушылар жеке орындарында орындайды.
ә) Оқулықпен жұмыс № 639 (1, 2, 5, 6), № 645 (1, 3, 5, 7, 9), №647 (2, 4, 6, 8)
- Сабақты бекіту
Оқушылардың алдарында жатқан кестеге нені түсініп, нені түсінбегенін жазғызу
Нені түсіндім | Нені түсінбедім |
- Сабақты қорытындылау:
— Аралас сандар қалай қосылады?
— Натурал сан мен аралас санның қосындысы қалай табылады?
Үйге тапсырма: §4.2, ереже жаттау №639 (1, 3, 5, 7), №640, №649
Бағалау