Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха ауданы
«Комаров атындағы орта мектебі» КММ
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Тоқашев Шалқар Оралғазыұлы
11 – сынып. Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сән туралы түсінік.
Мақсаты: Жалпы сән туралы жан — жақты түсінік беру. Жалпы түс үйлесімділіктері мен киім кию мәдениетін қалыптастыру.
Білімділік: Оқушыларды «сән», «стиль», «костюм», «силуэт» ұғымдарымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушыларды талдау жасауға және киім стилінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдістері:
• Суретті — түсіндірмелі (әңгіме, дидактикалық материалдармен жұмыс, үлгілерді көрсету)
Көрнекілік және құрал — жабдықтар: суреттер, сән журналдары, оқулық, дәптер, қарындаш, маркер, плакат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа тақырыпқа шолу.
ІІІ. Топтық жұмыс.
- Оқушыларды үш топқа бөлу
- Ынтымақтастық атмосферасы
- Берілген мәтінді жекелей, жұппен, топпен талқылайды
- Мәтінге ашық, жабық сұрақтар дайындап, топтар бір-біріне қояды
Сән туралы түсінік.
Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.
Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киді..
Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
Костюм ( франц. Costume – киім — кешек ) – белгілі бір ұлттың, дәуірдің, әр түрлі қоғамдық топтардың тұрақты киім үлгісі. Костюм — өнер туындысы Киім үлгілерінің пішіндерінің алмасуы қоғаммен бірге өзгеретін әр дәуірдің эстетикалық идеалын, көркемдік бейнесін көрсетеді.
Стиль ( лат. Stylus) – мәнер, сипат, ерекшелік. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым — қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі.
Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.
Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді.
Оның негізгі белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі.
Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет — костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет — жейде кіреді.
• Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;
• Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата;
• Түстері қатты ашық емес және нәзік;
• Аксесуарлары мен әшекейлері ұстамды;
• Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ — киімдер.
Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.
Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль (этникалық стиль) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлтық ою — өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап дамытуда. Көненің құндылықтарын біздің заманымызға жеткізуге тырысады.. Үйлесімді түстер: Қара — қызыл, қара — ақ, жасыл — сары, қоңыр — сары, ақ — сары т. б.
ІV. Материалды бекіту
1. «Сән», «стиль», «костюм» ұғымдарына анықтама беру.
2. Классикалық стиль дегеніміз не?
3. Спорттық стиль дегеніміз не?
4. Романтикалық стиль дегеніміз не?
5. Фольклорлық стиль дегеніміз не?
Ү. Сабақты қорытындылау. «Сән стилі» тақырыбына поспер құрап, қорғау
ҮІ. Бағалау. Бағалау парақтары бойынша оқушылар бір-бірін бағалайды
VІІ. йге тапсырма: «Қазақстандық сәнгерлер» тақырыбына реферат