Басы » Кембридж бағдарламасы » М. Мақатаев « Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

М. Мақатаев « Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Отырар ауданы, Ақтөбе ауылы,

Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта

мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі  Жүсіпәлиева Сәуле Саркуловна

 

Сабақтың тақырыбы:   М. Мақатаев « Аққулар  ұйықтағанда»  поэмасы

Жалпы мақсаты:   Шығармадағы  өзекті мәселелерді оқушыға жеткізе білу.

Оқу нәтижесі:  Оқушылар өзіндік ойлауға,тақырыптарды талдап қорытындылауға дағдыланады.

Түйінді идеялар:

— Визуальды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат қатысушылардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.

Сындарлы және топтық жұмысқа қатысу оқушылардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді, оқушы көшбасшыныны анықтауға болады.

— Белсенділігі артады,бақылау, талдау,қорытынды жасау және дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайды.

Көрнекіліктер: АКТ,флипчарт, маркерлер, стикер, А-4 парағы.

Оқыту формасы, техн, әдістер. Оқытумен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Жас ерекшелігін ескеріп оқыту, Оқытуды басқару және көшбасшылық, ЖИГСО стратегиясы, А- 4 парағы, маркерлер, флипчарт, «Кубизм» әдісі.

 

Кезең                      Мұғалімнің іс-әрекеті         Оқушының іс-әрекеті
 

Кіріспе

 

10 минут

 

Оқушылармен сәлемдесемін, сабаққа қатысымын бақылаймын.

Психологиялық хал-ахуалды реттеймін.

Ынтымақтастық атмосферены қалыптастырамын.

Сергіту сәті:  музыка қойылады. Топқа бөлінеді. Атомдар, молекулалар.

Өткен оқу жылында өткен тапсырмаларды «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрап, жаңа оқу жылында өтілетін мтериалдарға қысқаша шолу жасаймын.

 

Мұғаліммен сәлемдеседі, кезекші мәлімет береді.

Оқушыларды әуенге сай қимылдар жасай отырып, 1,2,3,4 молекулалар бірігіп топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын

қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

Негізгі бөлім

15 минут

 

Жаңа сабаққа «Көпір саламын» 3 минут.

Сұрақтар қоя отырып, оқушыларға ЖИГСО стратегиясы бойынша жеке жұмыс жасауға 5 минут беремін. Жеке жұмыс уақыты бітті шапалақ.

Ал топпен жұмысқа 7 минут уақыт беріледі.

Оқулықпен жұмыс: Әр оқушы кейіпкерлерге сәйкесті сөздерді мәтіннен алып толтырады.

Толғаныс сатысы: Балалар поэма мазмұнымен, аққулардың тіршілігімен толық таныстық. Қалай ойлайсыздар, поэмадағы бақытсыз жан кім? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау).

 

Оқушылар «Миға шабуыл», « Ой қозғау» әдістері бойынша берілген сұрақтарға жауап береді

.Семантикалық карта

.Оқушылар топтық жұмысты өздеріне берілген тапсырма бойынша топ болып талқылайды, постер дайындайды.

Эссе :  «Поэмадағы ең бақытсыз жан кім?»

Бес жолды өлең. «Аққу-Ана-Бала» тақырыбын негізге ала отырып  сызбаға сәйкесті мәліметтерді толтырады.

 

 

Қорытынды

20 минут

 

Топтық жұмыс уақыты бітті 3 шапалақ. Топтық жұмысты жариялау сәті.

Сергіту сәті

«Өмір өзгерді сізде өзгеріңіз»

Кері байланыс

Жаңа сабаққа қатысты сұрақ-жауап

Кері байланыс:  бағалау.

Үйге тапсырма: М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын оқып келу.

 

Оқушылар топ жұмысын қорғайды.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Бүгінгі сабақта не ұнағанын, нені түсінгенін стикерлерге жазып, тақтаға жабыстырады.

Топтар бір-бірін бағалайды.

Күнделікпен жұмыс

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *