Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі химия пәнінің мұғалімі Мұхамбеталиева Элеонора Зайдуллақызы
Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар бойынша қосылыстағы элементтердің масалық үлестерін есептеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «валенттілік» ұғымын тексеру және химиялық формула арқылы элементті қосылыстардың валенттілігін және валенттілік бойынша формула құру біліктігін, химиялық формула бойынша есептер шығаруға қалыптастыру.
Дамытушылық: Элементтердің таңбаларын, валенттілікті қолданып, химиялық формула жазу және есептер шығару дағдысын дамыту, логикалық есептер шығаруға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға, өзара көмегін қалыптастыра отырып өз біліміне ғана емес, өзге оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, өзін — өзі басқаруға тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: деңгейлік тапсырмалар,
Типі: бекіту сабағы
Пәнаралық байланысы: биология, медицина.
Көрнекілігі: слайдтар жинағы, периодтық кесте, дидактикалық үлестірмелер, жетондар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, топқа бөлу, саяхат сабақтың жоспарымен таныстыру.
ІІ. Саяхаттың барысы:
І. Саяхатқа шығуға дайындық (оқушыларға саяхатқа шығу үшін бойынша әр топқа 7 сұрақ беріледі .
1 топқа:
1. Химия пәні нені зерттейді? (заттардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады.)
2. Заттар дегеніміз не? (заттар — денелерді құраушылар.)
3. Физикалық құбылыс дегеніміз не? (дене ретіндегі агрегаттық күйі ғана өзгеріске ұшырап, зат ретіндегі табиғаты өзгеріссіз қалады)
4. Химиялық реакция дегеніміз не? (бастапқы алынған заттың құрамы өзгеріп, жаңа заттар түзілуі.)
5. Молекула дегеніміз не? (молекула — заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі)
6. Күрделі заттар дегеніміз не? (екі немесе одан да көп атом түрлері болатын заттар күрделі заттар деп аталады).
7. Химиялық қосылыс дегеніміз не? (жай және күрделі заттар — химиялық қосылыс деп аталады).
2 — топқа:
1. Химияның басты міндеттері? (заттардың қасиетін зерттеу, адам игіліне жұмсау, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіптерде қолдану мүмкіндігін анықтау).
2. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (Біртекті)
3. Заттардың агрегаттық күйлері? (Сұйық, газ, қатты)
4. Қоспалар дегеніміз не? (қоспа екі немесе одан да көп заттардан тұрады).
5. Химиялық реакцияның белгілері? (тұнбаның түзілуі, еруі, газдың бөлінуі, жарық, жылу бөлінуі, иістің шығуы, түсінің өзгеруі).
6. Жай заттар дегеніміз не? (Заттың құрамына бір ғана атом түрі кіреді).
7. Химиялық элемент дегеніміз не? (заттың құрам бөлігі, жекелеген атомның бір түрі).
ІІІ топқа:
1. Химиялық формула нені көрсетеді? (заттардың құрамын).
2. Валенттілік дегеніміз не? (химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын өзіне қосып алу қабілеті).
3. Салыстырмалы молекулалық масса? ( берілген зат молекуласының массасы көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін білдіреді).
4. Салыстырмалы атомдық масса? (берілген элементтің массасы, көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан).
5. Оттегінің салыстырмалы атомдық массасы? 16
6. Химиялық формула дегеніміз не? (заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстері көмегімен шартты түрде бейнелеу).
7. Химиялық формуладағы индекс нені көрсетеді? (заттың құрамындағы элементтердің атом санын көрсетеді).
ІІ. «Менделлевий» жазығы
І кезең «Бой сергіту» сұрақтары (3 топқа 2 сұрақтан беріліп оларды талдауға уақыт бөлінеді. Әр топтан бір өкіл жауап береді, ал бәсекелес топ дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең дұрыс жауап берген топ ұтады.).
1. Бұл элементтің ең көп концентрациясы көздің қарашығында жинақталған. Рет саны 56, валенттілігі ІІ. Осы элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасын, валенттігін ата. (барий — Ва, 137, 33).
2. Солтүстік орхидеясы осы элементке бай топырақта өседі. Салыстырмалы атомдық массасы 40 — қа тең. Элементтің атын, таңбасын, рет санын, валенттігін көрсет. (кальций — Са, 20 — ІІ).
- Бұл элемент жетіспеген жағдайда өсімдіктің бойы өспейді, жемісінің жетілуі тежеледі. Рет саны 15 тең. Элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасын, валенттігін көрсет. (фосфор — Р — пэ — 15 –
- Райхан гүлінің қызғылт гүл күлтешесі бұл элемент көп болған жағдайда көкке, тіпті қара түске боялуы мүмкін. Салыстырмалы атомдық массасы 63, 5 — ке тең. Элементтің атын, рет санын, таңбасын, валенттігін көрсет. (мыс — Cu — купрум — 29 — I, II)
5. Бұл элемент тілдің сілекей безінде жинақталған. Салыстырмалы атомдық массасы 119 — ға тең. Элементтің атын, таңбасын, рет санын, валенттігін көрсет. (қалайы — Pb — 50 — II, IV)
6. Ағзадағы қанға қызыл түс береді, гемоглобиннің құрамына кіреді. Рет санын 26 — ға тең. Элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасы, валенттігін көрсет. (темір — Fe — 56 — ІІ, ІІІ)
ІІІ. «Формулалар». Деңгейлік тапсырмалар.
А деңгейі: 1 баллдық.
1) Валенттіліктеріне байланысты әр қатардағы бір «артық» элементті көрсетіңдер:
K, Na, Mg, H, Li
Ca, O, Ba, Al, Zn
Cu, O, C, Fe, P
2) Қателерді түзе:
Mg 2S 2 __ Mg 2S —— Na 2S __———— NaO _Na 2O _ІІІ, V ).
AlO 3 __ Al 2O 3_ ——— PH 2 __ PH 3__—— Fe 2O __ Fe 2O 3
3) Химиялық формулаларды жаз:
Азоттың екі атомынан тұратын оның бір молекуласы __N2_______
Мыстың бір атомы мен оттектің бір атомынан тұратын мыс оксидінің екі молекуласы ___2CuO_
Алюминийдің екі атомы мен оттектің үш атомынан тұратын алюминий оксидінің молекулалық формуласы__ Al 2O 3________
В деңгейі 2 балдық:
1) Күрделі зат Mn 2O7 молекуласындағы элементтердің массалық үлестерін тап. Ж: Mn — 49, 5%, О — 50, 4%.
2) «Калий — марганец — о — төрт» — қосылысының формуласын жазып, салыстырмалы молекулалық массасын тап. Ж: 158
3) Күкірт қышқылының формуласына H2SO4 сай элементтердің массалық қатынастарын есептеп шығарыңдар. Ж: 1: 16: 32
С деңгейі 3 балдық: Химиялық қосылыстардың формуласын анықтау:
1. Қарапайым теңіз жануары теңіз атының қаңқа сүйегі құрамында 47, 83% — стронций, 34, 78% оттек, 17, 39% күкірт болса, молекулалық формуласы қандай? Ж: 1: 4: 1
2. Сізді құмырсқа шаққанда шаққан жеріңіз құмырсқадан бөлінетін қышқылдың әсерінен ашиды. Ол қышқылдың құрамында: 26, 09% — көміртегі, 4, 35% — сутегі, 96, 50% — оттегі бар болса, қышқылдың формуласы қандай?
1: 2: 3
- «Барий ботқасы» деп аталатын асқазанды рентген арқылы тексеруде жегізетін препараттың құрамында 58, 80% барий, 13, 73% — күкірт, 27, 47% — оттегі болатыны белгілі болса, формуласы қандай? Ж: 1: 1: 4
ІV. «Шыңды бағындыр».
Мәтін — 1.
Ас тұзы NaCl адам және жануар ағзасындағы негізгі құрам бөлігі. Ересек адамның денесінде 200г. NaCl тұз болады, оның 45г қанда ериді. Тұз ағза мен ұлпаны құрайтын жасуша қызметін қалыптандырады. Адам тәулігіне 5 — 6 грамдай ас тұзын пайдаланса, жеткілікті. Тұз жетіспесе немесе күнделікті мөлшерден артып кетсе ағзаға зиянын тигізеді. артериалдық қысымның көтерілуіне әкеледі.
№1. Тұздың салыстырмалы молекулалық массасын есепте. Ж: 58, 5
№2. Тұздың қандағы массалық үлесін есепте. Ж: 22, 5%
№3. 5г NaCl тұзбен бірге ағзаға түскендегі натрийдің массасын есепте.
Ж: 1, 9г
Мәтін — 2.
Су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.
Денеде болатын күніне 2 — 4 литр су шығынының орнын қайта толтырып отыру қажет. Адам ағзасында орташа есеппен алғанда 15 — 20% – нәруыз,
0, 6% – көмірсу, 19% – май, 5, 8% – минералды тұз және 60% су болатыны есептелген.
Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді.
№1. Судың салыстырмалы молекулалық массасын есепте. Ж: 18
№2. Құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есепте. Ж: 11, 1%, 88, 8%
№3.. Ересек адамның 70кг салмағында 60% су болса, судың массасы қандай болады? Ж: 42л
V. Қорытынды.
1. Бағалау.
2. Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
- Не қиын болды?
4. Не қызық болды?
VІ. Үй тапсырмасы.