Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі
26 марта 2015
Кембридж бағдарламасы, Қазақ тілі мен әдебиеті
1,403 рет қаралды
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні |
Мазах Мақтагүл
|
7Ә сыныбы
17 оқушы
|
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Шағалалы орта мектебі |
7- апта |
|
Сабақтың атауы |
Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі |
Сілтеме |
Қазақ әдебитеі. 7 сынып. Алматы «Атамұра» 2013 Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева, Қ.Жаманбаева. Слайдтар. Суреттер. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. |
Жалпы мақсаты
|
Мақсаты: Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесіне талдау жасайды, кейіпкерлерге мінездеме бергізе отырып, ән өнерінің, әншілік өнердің құдіретін түсіндіремін. |
Күтілетін нәтиже |
- Ұйымшыл болуға үйренеді;
- Логикалық ойлау қабілеті артады;
- Жүйелі ойлауға үйренеді;
- Оқушылардың өзіне деген сенімі артады;
- Бі лім-білік дағдылары қалыптасады;
- Өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік алады.
- Ынталанады
- Сабақ бойынша логикалық қорытынды жасайды.
|
Түйінді идеялар |
Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Шабыты келмесе де зорланып айтады. |
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
- Тренинг «Үшеудің суреті» (3 мин.)
- Қобыз, домбыра, жетіген аспаптары арқылы оқушы-ларды топқа бөлемін. (1 мин.)
- Үй жұмысын тексеру мақсатында екі түрлі тапсырма ұсынылады. 6 мин.
- Мариям Жагор деген о«рыс қызы» әнін орындату (1 мин)
- Топтық жұмыс ЖИГСО2 (әдісімен топта талқылау және түсіндіру постерді дайындау 10 мин, ал қорғау 4 мин. Әр топқа. Әмірхан туралы постер қорғалғанда өз дауысымен айтылған «Балқадиша» әнін тыңдатамын.
- Әр топқа талқылауға сұрақ ұсынамын. Бірнеше келісетін пікірлерін білдірсе, бірнеше келіспейтін пікірлерін білдіруі тиіс.6 мин
- Үйге тапсырма беру 1 мин
- Бағалау 3 мин
- Рефлексия 2 мин
|
Оқушының іс –әрекеті
- Тренинг нәтижесінде оқушылар өзіне жүктелген тапсырманы қатесіз орындап шығуы керек. Біреуі қате жіберсе, барлығының жұмысы нәтижесіз болып қалуы мүмкін.
- Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топ басшысын тағайындап алады. Ол оқушы топ мүшелерін бағалап отырады.
- Тапсырманы орындайды. Бірінші тапсырма топпен орындайды. Топтар жұмыстарын ауыстырады. Экраннан дұрыс жауап беріледі. Бір-бірін тексеріп бағалайды. Келесі тапсырманы әр топтан оқушылар шығып орындайды.
- Барлығы ән айтады.
- Домбыра тобы: Әңгіменің композияциялық құрылысы.
Қобыз тобы: Әнді сүйсең, менше сүй
Жетіген тобы: Әнші жігіт – Әмірхан. Оқушылар ойлана отырып, пікірлерімен бөлісе отырып постерді дайындайды.
- Домбыра тобы: Неліктен Әмірхан әншілік өнерімен байымады?.
Қобыз тобы: Әмірханның Ақтамақты алып қашуы дұрыс па?
Жетіген тобы: Әмірханның тек қана ән өнеріне берілгені дұрыс па?
- Үйге берілетін тапсырманы жазып алады.
- Ынталанады
- Сабақ бойынша логикалық қорытынды жасайды. «Сабақтан алған әсерім» стирерге жазады.
|
|
|
«Әнші» әңгімесі әдебиеті Ж. Аймауытов жоспар қазақ әдебиеті ҚМЖ қысқа мерзімді жоспар. 2015-03-26