Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сын есім (презентация)

Сын есім (презентация)

Акмарал Кариева

Сын есім

Сабақтың мақсаты: Сын есім жайында түсініктерін пысықтау, сын есімнің сұрақтарымен таныстыру, сын есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту;  адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.

Психологиялық тренинг

Топқа бөліну: Зат есім , Етістік

  • Ой қозғау: Баяғы өткен заманда Етістік деген әлемде әртүрлі заттар тіршілік етіпті. Заттардың не түсі, не пішіні болмай қызықсыз өмір сүріпті. Күндердің күнінде бұл елге өте алыс жерден Сын есім қария келіп елмен танысады екен. Сонда қария аң-таң болып, әр тұрғынмен танысып, сөйлеседі: — Сенің атын кім? — деді қария заттың атымен танысайын деп.
  • — Алма – деп жауап берді ештеңеге ұқсамайтын зат.
  • — Мұнда не істеп жүрсің? – деді қария іс-қимылын білейін деп.
  • — Күз келгендіктен біз пісеміз – деп жауап береді.
  • — Сын есімнің жаны қатты ашып, барлық заттарға қуаныш сыйлайын деп сөзін бастайды.
  • — Алма сен бұдан былай, қызыл, домалақ, дәмді алмасын – дегені сол еді алмамыз қып-қызыл, домалақ болды да қалды. Солай бір апта бойы қонаққа келген Сын есім қария қол үзбей жұмыс істейді екен. Бұл елде бақыт орнау үшін бізде өзіміздің қол ұшымызды беріп көрейік. — Шөп қандай болады? (жазыл, сары) — Аспан қандай болады? (көгілдір, үлкен)

— Жарайсыңдар балалар, енді ой түйіп көрейік.

  • Сын есім
  • (заттың сынын, пішінің,түрін білдіреді

Қандай ?  Қай ?  сұрақтарына жауап береді.

Мысалы: Сәбіз ­- қызғылтсары, сопақ, тәтті
Гүл- ­ сары,домалақ, әдемі
Кітап- ­ көк, төртбұрыш,әртүрлі
Доп ­-  ақ ,  домалақ.

Мағынаны тану: «Ақ  қалпақ»-статистикалық

«Сары қалпақ» -сәттілік (сәтті  кезеңдерді  айтады)

«Қара  қалпақ» -сәтсіздік, оқып  жатқан  мәтіннің  сәтсіз  тұстарын  айтады.

«Көк  қалпақ» -аналитикалық, барлық  топтың  пікіріне  талдау  жасайды.

«Жасыл  қалпақ» -шығармашылық, жаңаша  идеялар  мен  болжамдар  жасайды.

«Қызыл  қалпақ» -сезімтал, топ  оқиғаны  оқу  барысында  бастан  кешірген  сезімдерін   тұжырымдайды. Әр тапсырма сайын  екі топ бір бірлерін  бағалау.( Жасыл ­ түсінікті, бәрі дұрыс: Қызыл­ қате көп , түк түсінген жоқпын: Сары ­ сұрағым бар.

Ақ қалпақ :  1 — жаттығу: Сөйлемдерді көшіріп жаз, және сын есімдердің астын сыз.

Гулнүр әдепті қыз. Ұстаз құрметті  адам. Көмір пайдалы қазбаларға жатады.Бүркіт ұясын биік қияға салады. Еркін көрші ауылға кетті

Сары қалпақ: 2- жаттығу: Берілген сөйлемдерді көшіріп алып,жағымды сын есімдердің  астын сыз.

Түйенің жаңа  туған ботасы әдемі, сүйкімді болады.Қап қара, мөп мөлдір екі көзі бал бұл жанып тұрады. Сол үшін қазақтар қызын сұлу ботаға теңеп, оған “Ботагөз” деп ат қойған .Бота  әдеміліктің, сұлулықтың белгісі.

Қара қалпақ: Сөйлемдерді көшіріп жаз, Жақсы  сөздердің мағынасына  қарама- қарсы    сыңарын тап. 

Жақсы, әдемі, сұлу, тәтті, ақылды,таза, ақ.

Көк қалпақ:  Берілген сөздердің түсі, дәмі, пішіні,көлемі бойынша білдіретін белгілерді кестеге орналастыр: қияр, гүл, сандық, кітап, сәбіз.

Зат атауы  түсі дәмі пішіні көлемі
алма  қызыл  тәтті  домалақ кішкентай

 

 

 Жасыл қалпақ : 5 –жаттығу:

Сурет бойынша жазылған мәтінді сын есімдермен толықтыр.

Сергету сәті: видео гүлдердің

Қызыл қалпақ :  Рекфлексия: « Менің көңіл­ күйім» Сабақ бүгінгі ұнады ма?

Ой қорыту:

Бұл екеуінің  ұқсастығы неде деп ойлайсыңдар ?

Екеуі де сөз табы

 

Зат есім деген

не?

 

Сын есім деген

не?

 

 

Үйге тапсырма:   3  жатттығу.

Б

ағалау .

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *