Г. І. Шәкір. Қызылорда облысы.Қазалы ауданы.
Ақтан батыр ауылы. №190 қазақ орта мектебі.
Сабақтың мақсаты; оқушыларды елінің келешегі ушін, екі майданда да қалтқысыз еңбек еткен ардагер Ж. Өтепбергенов атамыздың кісілік келбеті мен адами қасиеттерін, биік тұлғасын, халқына сіңірген еңбегін танып білуге,тағылым алуға үйрету, патриоттық тәрбие беру.
Көрн-гі: «Ұлы ерлікке-мың тағзым» атты көрме, слайдтар.
Іс-шараның өтілу түрі: ауызша журнал
Кітап көрмесі: «Ұлы ерлікке – мың тағзым.»
«Мейірім-шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық -қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай,келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халықта бақытты, Сол перзент екі майданның да ардагері-Ж.Өтепбергенов атамыз»
Д.Неру.
Кітапханашы: Міне, адамзат тарихындағы сұрапыл соғыстың біткеніне де биыл 70 жыл толып отыр.Бұл мереке –бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығының айғағы,Отанын қорғаған жауынгерлер айбыны,Ұлы Жеңісті жақындатқан тылдағы ерлік еңбектің мәңгі өшпейтін белгісі.Соғыс жылдары майданға республика бойынша 1 миллион 200мың, оның ішінде облыстан 150мыңдай, Қазалы өңірінен10770,Көларық ауылдық округінен170-ке жуық адам аттанған.Содан 600мыңдай адам, оның ішінде облыстан 30 мыңдай, ал ауданнан 4541, ауылдан 133 жауынгер елге оралмаған.
Жеңіс! Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс!
Иә,сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап,сағаттап сарыла күтті.Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды,тілектері орындалды.Бірақ ,сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында жаумен жан аямай шайқасып,ерліктің ерен үлгісін көрсеткен аталарымыз қаншама…
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы.
Барша халық басын иіп бір минут.
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.(бір минут үнсіздік)
Жүргізуші;
«Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің,
Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар алдыңда із қалдырсаң,
Шын бақыт , осыны ұқ , мәңгілік өлмейсің»-
деп ғұлама ойшыл Шәкәрім атамыз айтқандай,бүгінгі сабағымыз елінің келешегі үшін екі майданда қалтқысыз еңбек еткен, еңбегімен ел ағасы болған ардагер Ж,Өтепбергенов атамыздың өміржолымен таныстыруға арналмақ.
1-беті; Ұлы Жеңіс жолында. (Журналдың әр бетінің атауын интерактивті тақтадан көрсету )
1-оқушы; Ауыртпалығы таусылмас шежіреге айналған сол ауыр жылдарда туған елін, жерін қорғағандардың қатарында Сыр бойының ,соның ішінде қасиетті Қазалы өңірінің үлгі-өнеге тұтар азаматы Ж.Өтепбергенов атамыз болған.(Слаид; Ж.Өтепбергеновтің суреті)
Ж.Өтепбергенов 1925 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жиделі ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын 1942 жылы трактор бригадасының есепшілігінен бастаған.1943 жылы Совет Армиясы қатарына алынып, І-Украйна майданына соғысқа аттанған.Соғыс майданында қатардағы жауынгер болып, қолына қару алғаннан бастап,№122 артиллериялық полк құрамында №4 атқыштар бөлімшесінің командирі болып, сержант атағын алған.Польша, Германия және Чехословакия жерлерін жаудан азат еткен.Осы соғыста көрсеткен ерлігі үшін екі рет «Ерлігі үшін», «Берлинді азат еткені үшін», «Прага қаласын азат еткені үшін» медалдарымен, 23 маусым1945 жылыСовет Одағының Жоғарғы қолбасшысы маршал И.В.Сталиннің «Алғыс хатымен» марапатталған.(Слаид: наградаларын көрсету)
2-беті; Жеңістен соңғы жемісті жылдар.
2-оқушы; Отанды қорғау жолындағы жеңістен кейін далада да, қалада да қайнаған жұмыс, нағыс қарбалас еңбек майданы басталды. Ж.Өтепбергенов 1946жылы елге оралған соң Қызылорда ауылшаруашылық техникумына оқуға түсіп,1948жылы бітіріп шыққан. Осы жылы КПСС мүшесіне қабылданған.
1948-1950 жылдар аралығында Қармақшы ауданының Ақжар совхозында «Аға агроном »,кейін осы ауданның ауылшаруашылық бөлімінде бас агроном, ал1951-1952 жылдары осы ауданда ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі болған.
3-оқушы;1952-1958 жылдары Қазалы ауданындағы МТС-та трактор бригадасының есепшісі, кейін ауылшаруашылық бөлімінде агроном, 1958-1959 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметін атқарған. Осы жылы №18 сайлау округі бойынша аудандық советке депудат болып сайланған.
1959-1985 жылдары «Бірлік», «Өркендеу» және «КПСС ХХІІ-съезі» атындағы совхоздарда бас агроном болған.
3-беті;Жемісті жылдардың жемісі.
4-оқушы; Осы жылдар аралығында ,1966жылы облыстың Кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы», 1973жылы «Құрмет белгісі» орденімен,1974жылы облыстық Ауылшаруашылық бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.Ал 1975жылы Ұлы Отан соғысының 30 жылдығына байланысты,1980 жылы «Окябрь революциясы» орденімен, 1981-1983 жылдары екі рет Қызылорда облысының «Таңдаулы агроном» деген атақ берілген.
5-оқушы;Бас агроном Ж.Өтепбергенов1985 жылы Социалистік жарыста І-дәрежелі Дипломмен марапатталып, «Аудан чемпионы»атағы,1985 жылы «Жеңістің 40 жылдығына» байланысты медалімен марапатталған. (наградаларын көрсету )
1985 жылдың желтоқсан айынан бастап,зейнеткерлікке шыққан.Ауылда ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
1995 жылы Ұлы Отан соғысының 50 жылдығына байланысты және Кеңес Одағының маршалы К.Г. Жуков медалімен марапатталған.
1997жылы шілде айының 25-і күні 72 жасында өмірден өткен .
4-беті;Көптің құрметіне бөленген жан.
6-оқушы; Ж.Өтепбергенов ауылшаруашылығын өркендету арқылы аса бағалы дақыл Сыр күрішінен мол өнім жинау жолында ,агроном ретінде бойындағы бар күш-жігерін, бай тәжірибесін,ұйымдастырушылық қабілетін жұмсап, көптің құрметіне бөленген жан.
7-оқушы;Өзімен жұмыстас болған, еңбек майталмандарын айтар болсақ; Социалистік Еңбек Ері Ә.Дінісламов,Р.Қабақбаев, Р.Тиыштықбаев, Қ,Айекеновалар; ал бригадирлер С. Бишаев, Т.Жайманов,С. Өмірзақов, Ә.Охасов,К.Ерғалиев,Е. Рысбаев т. б.Аудан, облыс аймағында еңбек етіп жүрген ізбасарлары көптеп саналады. Мыс; Ұ.Оралбаев, Б. Теміров, Д. Тұяқбаев, Ж. Рамбердиев т. б. (Слаид; еңбек майталмандарының суреттері)
5-беті; Бақытты жанұя басшысы.
8-оқушы;Ж.Өтепбергенов тек бақытын еңбектен тапқан абзал азамат ғана емес,ол жанұясының басшысы, ардақты әке, аяулы ата болған. Жары Омар Хадиша апа екеуі 11 баланы тәрбиелеп, ұясынан ұшырған. Олардың әрқайсысы өздері қалаған оқу орындарынан білім алып, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде.(Слайд: жанұя суреттері)
6-беті; Тағылымы мол тұлға.(көз көргендерінен ой толғаныс)
Соғыс кезінде және одан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру оңай болған жоқ.Әр кезеңнің өз талабы, өз міндеті болды. Сондай қиын қыстау кезеңдерде үлкен ұйымшылдық қабілет талап етілді.Мен Ж.Өтепбергенов «Ат ауыздығымен су ішіп,ер етігімен су кешкен» заманда қашанда еңсесі түспей, жоқтан бар жасаған нар тұлғалы азаматтың бірі деп санаймын.Сол кезеңдерде атқарған іс-қимылын кейінгі ұрпаққа өшпестей өнеге деп есептеймін.
С.Өмірзақов-еңбек әріптесі
Мен, Ж.Өтепбергеновпен көп жыл жұмыстас болдым.Ол кісі жұмыста ұйымшылдық қабілетімен, мәселені әділ шешетіндігімен,адалдығымен күріш егісін дамытуға көп үлес қосты.Ол өзінен кейінгі жастарға, өз ақылын аяған жоқ. Ж.Өтепбергеновтің еңбек жолы ел есінде.Өмір жолы кейінгі жастарға үлгі болатындай тұлға деп есептеймін.
Б.Теміров- ізбасары
7-беті;Ер есімі – ел есінде.
Кітапханашы; Ж.Өтепбергенов қай жерде де ауылшаруашылық саласын дамытуға өз үлесін қосқан азамат. Өз еңбегінің арқасында қашанда ел жүрегінде . «Адамдық қалыпты биік ұстау — кімге де болса, үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі осы, адамзаттық жол да осы» — деп Д.Қонаев атамыз айтқандай, сендер де бақытты ұрпақ ретінде ерекше жаралған ұлы- бабалардың қатарында,өмірде мейірбандылықтарыңмен, ел еңсесін көтеруге,игі істер атқаруға қызмет етіңдер.
Осы сабақ арқылы Ж.Өтепбергеновтің кемел ақылы, дархан мінезі, ұйымдастырушылық қабілет – қарымы сендерге үлгі-өнеге болсын. Оның барға тасымай, жоққа жасымай, үлкеннің де, кішінің де, қарапайым еңбек адамының да есінде қалуы кездейсоқтық емес.
Пайдаланған әдебиеттер;
Ортаймаған қазаны- Қасиетті Қазалы ,1998 жыл.[1бет]
Боздақтар, 1997 жыл. [5бет]
Ұлы Жеңіс жолында, 2000 жыл. [13бет]
Бейбіт өмірімізді қадірлей білейік, 1996 жыл. [3бет]
Тамыры терең , тарихы кенен Қазалы, 2008жыл. [52бет]
Өмір мұраты, 2008 жыл. [62бет]
Қазалы газеті ,2010 жыл. [3бет]