Атырау облысы Құрманғазы ауданы
Абай қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазақ әдебиеті 9-сынып
Сабақтың тақырыбы:Жасымда ғылым бар деп ескермедім
(Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы)
Мақсаты:
- Білімділік: Оқушыларды Ұлы ақын — А.Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу.
- Тәрбиелік: Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.
- Дамытушылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру
Бүгінгі көңіл-күйлеріңіз қандай?
Сыныпты үш топқа бөлу
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа сабақ
- Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Кім қай өлеңін жатқа айта алады?
Өлеңдері:
- “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”
- “Интернатта оқып жүр”
- “Қалың елім,қазағым, қайран жұртым”
- “Адасқанның алды-жөн, арты-соқпақ”
- “Сабырсыз, арсыз, еріншек”
- “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат” т.б
Жоспар:
- Абай-қазақтың бас ақыны
- Абай және қазақ, Шығыс әдебиеті
- Абай және орыс, Батыс әдебиеті
- “Ғылым таппай мақтанба” өлеңі
(Әрбір топ өздеріне берілген тақырыпты қорғайды, түсіндіреді)
Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен.
Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 13 жасында қайтарып алады. Абайдың медреседегі оқуы осымен аяқталады.
ІҮ Аудармалары:
Пушкиннің:
- “Евгений Онегин” романынан үзінділер
- “Татьянаның хаты”
И.А.Крыловтан:
- ”Қазаға ұшыраған шекпен”
- “Шегіртке мен құмырсқа”
- “Бақа мен өгіз”
- “Піл мен қанден”
- “Есек пен бұлбұл”
Лермонтовтың:
- “Бородино”
- “Теректің сыйы”
- “Демон”
- “Жалау”
- “Жартас”
- “Қараңғы түнде тау қалғып”
«Қараңғы түнде тау қалғып» әнін тыңдату
Түйін
Мансап үшін оқыма, біліміңді, пайдаңды халқыңа жұмса, ел қамқоры- азамат бол.
Абай
Ү.«Мен қандаймын» (оқушылардан өздерінің бойындағы жақсы және жаман қасиеттерін санамалап айтқызу)
ҮІ. Өміршеңдік ережесі (талдау)
ҮІІ Сергіту сәті
ҮІІІ Топтық жұмыс
- Ітоп.Абайдың ұлы ақын болуының бір сыры сурет салып оған жан бітіруінде. “Қыс” деп аталатын өлеңнің бір шумағын жатқа жазып, ішінен етістіктерді табыңдар
- ІІ топ.“Адам жанының қасиеті”. Бұл шартта адам өз бойындағы рухани қасиеттерден “кірпіш” қалап үй тұрғызу ұсынылады.
ІІІ топ Ойтолғау. Менің арманым
Қорытындылау.
Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 45 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.
ІХ. Абай ұрпақтары туралы
Х Үйге тапсырма
ХІ Рефлексия. Бүгінгі сабақтан алған әсерім
ХІ Бағалау