Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Көнерген сөздер (Презентация)

Көнерген сөздер (Презентация)

altynТөлегенова Алтын Хадимқызы

  Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Абай қазақ орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:   Көнерген сөздер

Білімділік мақсаты:                    Қазіргі әдеби тілде қолданылмайтын, бірақ

                                                мүлде керексіз сөздер емес, оқушы білуге тиісті 

                                                көнерген сөздер туралы мәлімет беру. Тарихи

                                                сөздер мен архаизмдерге мысалдар келтіре

                                                отырып айырмашылықтарын ұғындыру.

Тәрбиелік мақсаты:                   Тіл құдіретін сезіне білуге, ұлттық мінез,

                                                ұлттық намысты, әдет-ғұрыпты дәріптеу,

                                                ұлтжанды ұлан болуға тәрбиелеу.    

Дамытушылық мақсаты:        Логикалық ой қиялдарын, шығармашылық

                                                ізденістерін, сөздік қорын дамыту,  ауызекі

                                                сөйлеу  қабілеттерін жетілдіру, өзіндік ой

                                               айтуға, пікір қорғауға жетелеу.

Түрі:  Жаңа сабақты меңгерту

Әдісі: Сұрақ-жауап

Көрнекілігі:  Интерактивті тақта арқылы шығарылған кестелер,  

           суреттер. Сәукеле, кесеқап, жүкаяқ, кебіс, айбалта, семсер, садаққап,

                      найза ,сауыт. Түсіндірмелі сөздік 5-том, 7-том. Этимологиялық

                      сөздік

Пәнаралық байланыс:  Қазақ әдебиеті, жаратылыстану, тарих, бейнелеу 

                                     өнері, информатика және өмірмен байланыс

Сабақ барысы:                   І Ұйымдастыру

  Сыныпты  екі топқа бөліп, топ басшыларын сайлау. Бағалау бетшелері үлестіріледі.  Оқушыларға сабақ ұстанымдары  түсіндіріледі.

1 Адамдық ұстанымы. Өз ойларын нақты, дәл айтулары керек.

2 Белсенділік ұстанымы. Оқушылардың сабаққа толық қатысуы  керек.

3 Өзін-өзі еркін ұстау ұстанымы. Ой қорытулары, өз білімдерін іс жүзінде пайдаланулары

                                        ІІ  Еске түсіру

                     Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру

        1)  Лексика нені зерттейді?

   2) Сөздердің тура және  ауыспалы  мағыналары  дегенді  қалай түсінесіңдер?

   3) Омоним, синоним, антоним дегеніміз не? Мысал келтіріңдер

  4) Эвфемизим  мен дисфемизмнің айырмашылығы қандай? Мысал келтіріңдер.

                                              ІІІ Жаңа сабақ 

 -Балалар, мына   сызбаға  назар аударыңыздар ( Оқушыларға мысалдар оқытылып, қандай сөздер екендігі сұралынады. Олардың жауабынан кейін тақырып жазылады. Көнерген сөздер.)

                                         Көнерген   сөздер

                       

                                  Тарихи  сөздер       Архаизмдер

                                  Тарихи    сөздер

Кеңес дәуіріне дейінгі тарихи атаулар Ел басқарумен байланысты атауларХан, ханзада, патша, уәзір, би (хандық дәуірдегі)
Ұлық, болыс, аға сұлтан, ауылнай (отаршылық дәуірдегі)Қару-жараққа қатысты атаулар                                            

                                            

  Айбалта, найза, сауыт, семсер, 

                                  садаққап, садақбау, қорамсақ

Кеңес дәуірі тұсындағы тарихи атаулар Әкімшілік сөздер Қоғамдық партия, қызыл әскер, қызыл отау, социализм, коммунизм

 

           Оқушылар, таблицаны пайдалана отырып, көнерген сөздердің ережесін кім айтады?

                                       Архаизмдер

Мата атаулары:Биқасап

Дүрия

Патсайы

 Енсіз, жібектен тоқылған мата

Жылтырауық, тығыз жібек мата

Жібектің қатты  түрі

Әдет-ғұрып атаулары:Ұрын бару

Сауын айту

 

Бесік құда

 Айттырған қыздың аулына жеңгелеріне сый-сияпат алып, жасырын келу.

  Бір елде үлкен ас, той болатын болса, оны күні бұрын жан-жаққа хабарлау.

 Дәстүр бойынша  ертеде ата-аналардың бесіктегі балаларды атастыруы.

Мезгіл және қашықтық атаулары  Ет  асым   уақыт,   сүт   пісірім  уақыт,  қозы  көш  жер.
Киім-кешек атаулары:Сәукеле

Көксауыр етік

 

Кебіс

 Қызды ұзатқандағы киетін бас киім.

  Көкшіл бояуға боялып, түрлі өрнектер  салынған өкшесі биік етік.

 Мәсінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.

 

  Осы сөздерді күнделікті тұрмыста қолданасыңдар ма?( Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)

   Оқушылар, ненің суреттері бейнеленген?Олар қайда қолданылады? (Оқушылардан жауаптар алынады)

 

Үй тұрмысы, ыдыс-аяқ атаулары:Аяққап

 

Кесеқап

Жүкаяқ

  

Көшпелі қазақ халқының аяқ-табағын сақтау үшін пайдаланылатын үй мүлкі.

Ыдыс-аяқ салып жүруге арналған  зат.

Көрпе, жастық, жүк жинайтын тұғыр  ағаш.

 

              Қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес тілімізге қайта

                                    оралған көне сөздер

                                                  

 

 

Кеңес дәуірі кезінде             Бұрынғы жыл                         Ай атаулары                                                                                                               

қолданудан шығып                     атаулары                                  

қалған діни сөздер                  

 

 

Имам, мешіт, ораза,           Жылқы, қоян, барыс        Мамыр, маусым,        

             айт                                                                                    шілде

         Ендеше, тарихи сөздер мен архаизмдердің айырмашылықтары қандай деп ойлайсыздар?    Ережесін кім айтады?

                                                       ІҮ     Талдау

 1-тапсырма     Көнерген сөзді тауып, түріне ажыратыңдар. (Ауызша)

        — Датың болса, айт!- дейді хан ақырып.

 

Кеше ханның екі баласы күзетке барғанда, Кендебай да жасырынып барып отырады. (Қай ертегіден алынған?)

            Ер азамат белгісі- түзде мырза, үйде құл. (Мағынасын түсіндіріңдер)

 

              2-тапсырма.            Кім көп құрайды?

                    Қазіргі кезде қайтадан қолданыла бастаған, яғни  жаңарған сөздерден мұнара бейнесін жасаңдар. Кім көп сөз тауып жазса, соның мұнарасы биік  болмақ.

 

       3-тапсырма.  Мына мақалдардағы көнерген сөздерді атаңдар және олардың      сипатын анықтаңдар

  1. Асабасы жоқ асқа жарымас.
  2. Қараша үйден ханша шығар.
  3. Шықсаң ұзақ сапарға, арымас ат- отарба.
  4. Ынтымақ – оқ өтпес сауыт, татулық- тамаша сауық.
  5. Бақа –көлінде патша, балық- суында патша, жігіт-елінде патша.

      4- тапсырма. Соңғы екі мақалдың қандай мақсатта қолданылатынын айқындаңдар.

 

       5- тапсырма.        Шығармашылық тапсырма

  1. Киелі, саба, көн ыдыс  деген атаулар қандай ұғымдарды білдіреді?  Қазақ халқының түсінігінде қандай нәрселерді  киелі деп есептейді?
  2. Мәтінге ат қойыңдар. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, халықтың салт-дәстүрі туралы әңгімелеңдер.

     Кейуана өз даусына құлақ қойғандай іркіліп-іркіліп, ентіге сөйледі… «Қырық жыл қырғын болса да, жеті атаңды ұмытпа!- деді әжесі зердесіне тоқып алсын дегендей, әулетінің үрім-бұтағын тарқатып әкетті. -Әйтпесе мәңгүрт болып кетесің… Өз ататегін білмеген адам ешкімді де жарылқап жарытпайды. Есі бар кісі өз топырағындағы тамырын жоғалтпайды. Бергі атаң Ақтайлақты білесің онсыз да».

  • Ақтайлақ !- деді бала мінәжатты қайталағандай күбірлеп.

            Қазақ ұғымындағы «жеті ата» туралы не білесіңдер?

   — Кім жеті атасын біледі?(Оқушылардан жауаптар алынады).

    Ү. Жинақтау

Сонымен, көнерген сөздер дегеніміз не болды? Көнерген сөздердің қандай түрлері бар? Сызба бойынша сөйлеңдер.

                                                  ҮІ. Үйге тапсырма

  1. Көнерген сөздер. Ереже жаттау.
  2. 157- жаттығу. Мәтіндегі қыздың ұлттық киімдерінің атауларын теріп жазыңдар. Олардың ішіндегі көнерген атаулардың астын сызыңдар.

   Ұлттық әшекей бұйымдары деген не? Олардың суреттерін салыңдар.

  1. Наурыз, айт мерекелеріне қатысты қолданылатын тілек мәндегі сөздерді тауып жазыңдар.

ҮІІ. Бағалау

                                                       ҮІІІ. Қорытындылау

          Оқыту барысында  жас ұрпақтың оқуға деген ынтасы мен білім алуға қызығушылығын арттыру, әділ бағалау, әр істе ақылдасу оқытушының беделін арттырады, оқытушыға риза болған оқушылар білім алуда барлық жетістіктерге жетіп, белсенділік көрсетіп отырады, сапалы білім алуға талпынады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *