Басы » Мектепке дейінгі білім беру » Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы   

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық. Қатынас

Бағдарлама тараулары: Жапсыру.

Тақырыбы: Менің сүйікті кітабым

Мақсаты:  Балалардың кітап жасау үшін мазмұнын өзі таңдап алуды үйрету, бейнеленген заттың көлеміне сәйкес бетінің өлшемімен келісу, қиюдың әр-түрлі әдіс-тәсілдерін таңдап алу: симметриялы және қосарлы. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өздерінің жақын адамдарына және басқаларына сыйлық жасауды үйрету.

Құрал-жабдықтар:  кітапшалар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, сүлгі.

Сөздік жұмыс: кітап

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушы

  1. Ұйымдастыру
  2. Баланың сабаққа назарын аударту
  3. Психологиялық сәт «Жүрек жылуы»
 

 

 

Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

 

 

Іздену-

ұйымдастырушылық

 

 

 

  1. Жұмбақ жасыру:

Қабат-қабат қапталған,

Асыл сөзбен апталған

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.(кітап)

Жұмбақтың жауабын шешкеннен кейін,кітаптың суретін көрсету.

5.Сурет бойынша талдау.Кітаптың түр-түсіне назар аударту.

6.Балалардың өздігінен жұмыс істеуге бағыт-бағдар беру.

Оларға шаблон тарату.

 

Балалар жұмбақтың жауабын шешу.

 

 

 

 

Балалар кітаптың қандай геометриялық фигуралардан жасалғанын айтады

 

Шаблонды бастырып, қайшымен жұмыс жасайды.

 

 

Рефлексивті-

корригиялық

Балалармен бірге жұмыстарын талдау. Жақсы жасалған жұмыстарды көрсету.

Мадақтау.

Балалар жұмыстарын талдайды.

 

 

Болжамды нәтиже:

Білу керек: геометриялық фигураларды ажырату, қайшымен жұмыс жасауды білу

Қалыптасқан әдет:  қайшымен жұмыс жасау, желімдеу

Істей біледі: Кітапты кітапшаның өлшеміне сәйкес жапсыра алады

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *