Өмірім-өнегем.
Мен, Карабалина Рауза Баянқызы 1973 жылдың 15 қыркүйегіндеҚарағанды облысы.Теңіз ауданы ,Сарыөзен кеңшарының ,Жүкей бөлімшесінде дүниеге келгенмін. Ата-анам қарапайым адамдар. Әкем-ауыл басқармасы болып, 25 жыл қызметте болған адам. Бар өмірін ауылдың өркендеуіне арнағанАнам-үй шаруасымен айналысқан,көп балалы ана. Қазір екеуі де өмірден өтті. Үйде 10 бала болып тәрбиелендік. Үш ұл және жеті қыз. Мен бесінші баламын. Ата-анам бәрімізге жоғары білім әперіп, тәрбиеледі.Бәріміз аяқтандық. Мен тұрмыстамын 2 ұлым,1қызым бар.Екі ұлым колледжді бітіріп,жоғарғы оқу орнында оқиды.. Ең кенжем ,қызым 6 жаста. Жолдасым көлік жүргізуші болып жұмыс жасайды. Ал, мен Ақмола облысы,Қорғалжын ауданы,Үшсарт негізгі мектебінде қазақ тілі мұғалімімін. Лауазымдық қызметім — директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Оқу саласындағы еңбек өтіліміме биыл-19 жыл толады. Осы мамандықты таңдағаныма қуанамын. Балалармен жұмыс жасағанды өте жақсы көремін. Ұстаз болған мен үшін керемет бақ деп есептеймін. Шығармашылық тақырыбым «Сын тұрғысын пайдалана отырып,оқушылардың тілін, ойын дамыту».
Ақмола облысы,Қорғалжын ауданы,
Үшсарт негізгі мектебінің тәрбие ісінің орынбасары
Карабалина Рауза Баянқызы