Мақтарал ауданы, Асықата кенті
«Жеңіс» мектеп – гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алтынбаева Бибісара
Тарих пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы реформа
Сабақтың мақсаты: 1. Ресей империясының отарына айналған Қазақстанның 1867-1868
жылдардағы реформа бойынша саяси басқару жүйесіндегі өзгерістер,
реформаның дайындалу жолдары, реформаның мазмұны мен мәні,
реформаның Қазақстан жеріндегі кейінгі зардаптары туралы түсінік
беру.
2.1867-1868 жылдардағы реформаны оқыта отырып, оқушылардың
логикалық ойлау, еркін сөйлеу, өткен мен жаңа тақырыпты
салыстыру арқылы мағынаны ажырата білу қабілеттерін одан әрі
дамыту.
- Реформаның мазмұны мен мәнін аша отырып, балаларды
ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Керекті құралдар: Қазақстанның саяси картасы, интерактивті тақта, сызбалар.
Методикалық әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақтар қою.
Сабақ құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі.(2-3 мин.)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.(10-12 мин.)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.(2-3 мин.)
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту: (20 мин)
а) ой шақыру;
ә) жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;
б) сабақ жоспарымен таныстыру;
в) реформаны дайындау жұмыстары жөнінде ауызша баяндау, сызба
арқылы түсінік беру;
г) оқушыларға оқулықпен жұмыс тапсыру;
ғ) дәптермен жұмыс;
Ү. Жаңа сабақты бекіту(3-4 мин.)
ҮІ. Қорытынды(2 мин)
ҮІІ. Үй тапсырмасы(1 мин.)
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин.)
а) сәлемдесу, түгелдеу;
ә) оқу құралдарын тексеру;
б) бала зейінін шоғырландыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (10-12 мин.)
Топтарға ауызша тест сұрақтарын қою:
І топ:
- ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан шәкірттері қай тілде оқытылды? (араб тілінде)
- Азиялық училище қай жылы ашылды? (1789 ж.)
- 1850 жылы Орынбор шекаралық комииссиясының жанынан қандай мекемелер ашылды?
(орысша білім беретін мектептер)
- ХХ ғ. 20-30 жылдарында Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог,
академик: (А.Н.Самойлович).
- Сүйінбай Аронұлы ақындық өнерге қанша жасынан машықтанған? (14-15 жастан).
- Қазақ халқында дамыған қолөнер салалары: (тоқымашылық, киіз басу, ағаш, металл,сүйек,
мүйіз өңдеу).
ІІ топ:
1.ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда ағарту ісі балаларға нені үйретті? («Шариғат-ұл-иман», «Әптиек» сияқты діни мазмұндағы кітаптар ислам қағидаларын үйретті)
- 1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынбордағы әскери училищелер немен айналысты? (Ресей билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлау ісімен)
3.1833 жылы А.С. Пушкин Қазақстанның қай қаласында болды? (Орынбор)
- 1848-1849 жылдары Г.С.Карелин Қазақстанның қай өңірін зерттеді? (Каспий теңізі маңын).
- «Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанған ақын» (Сүйінбай)
6.Қазақ ауылдарында шаруашылыққа арналған төбесі күмбез тәрізді шошала қандай мақсатта
тұрғызылған? (ет және азық-түлік өнімдерін сақтау үшін)
ІІІ топ:
1.ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын қай қалаларға оқуға
жіберді? (Бұхара мен Ташкент қалаларына)
- 1841 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен ашылған мектептерде қай
тілдерде сабақ беріле бастады? (татар және орыс тілдерінде)
- 1836-1838 жылғы шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М. Өтемісұлына кім
қолдау көрсетті? (В.И. Даль).
- 1845 жылы В.И.Дальдің «Бөкей мен Мәулен» повесі қай тілге аударылды? (Парижде, француз
тіліне)
- М.Өтемісұлы қай жылы Калмыков түрмесінде отырды? (1829 жылы).
- Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын қалай аталады? (төр).
ІҮ топ:
- Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беретін «мұғалімдікке» не талап етілді? (арнаулы куәлігі болу керек болды)
- 1831 жылы 18 қыркүйекте қай қалада орысша білім беретін училище ашылды? (Семей)
- 1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болған кезінде қай еңбегін жазды? (Пугачев бүлігінің тарихы).
- М:ӨТемісұлы 20 жасында қандай қызмет атқарды? (Жәңгірдің ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешісі болды)
- Жастайынан екі көзінен айрылған ірі эпик ақын: (Шөже)
- Қазақ халқы зор құрметпен әнші –күйшілерді қалай деп атаған? (сал-серілер деп атады).
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.(2-3 мин.)
ІҮ.Жаңа сабақ:(20 мин.)
А) Ой шақыру:
Жарғы, империя, отар, реформа сөздерінің мәнін ашу.
Ә) жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Б) жаңа сабақтың жоспарын дәптерлеріне жаздыру.
1.Реформаны дайындау.
- Реформаның мазмұны мен мәні.
В) 1.Реформаны дайындау жұмыстары жөнінде ауызша баяндау, сызба арқылы түсінік беру;
- 1867 жылы ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы» ал, 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.
- Басқару жүйесі:
1822,1824 жылдардағы Жарғы бойынша 4-сатылы: 1.Облыс- 3-8 округтен
- Округ-15-20 болыстардан
- Болыс-10-12 ауылдан
- Ауыл- 50-70 шаңырақтан құралды.
1.Облысты —губернатор;
2.Округті —аға сұлтан мен 2 ресейлік кеңесші;
3.Болысты- болыс сұлтаны;
4.Ауылды- ауыл старшыны басқарды.
1867-1868 жылғы реформа бойынша 5-сатылы: 1.Генерал-губернаторлық
- Облыс
- Уезд
- Болыс
- Ауыл
1.Генерал-губернаторлықты- генерал-губернатор;
- Облысты- әскери-губернатор;
- Уезді- уезд басшылары;
- Болысты- болыстар;
- Ауылды- ауылнайлар басқарды.
- Сот ісі:
1822, 1824 жылдардағы Жарғы бойынша:
Қылмыстық істер Талап ету Болыстық басқармаға
шағым айту
Әскери сот комиссиясы Уездік сот Билер мен қазылар соты
1867-1868 жылғы реформа бойынша
г) Оқушыларға оқулықпен жұмыс тапсыру; оқулықтың 143 бетін пайдаланып,1867-1868 жылғы реформа бойынша бөлінген 6 облыстың құрамына кірген уездерді сызба түрінде дәптерлеріне жаздыру.
ғ) дәптермен жұмыс; слайдта көрсетілген басқару жүйесін дәптерлеріне жаздыру.
Ү. Жаңа сабақты бекіту.(2-3 мин)
Сатылай-комплексті талдау жасау.
ҮІ. Қорытынды. Білімдерін бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: 1. § 20 түсінік айту;
- дәптерде жазылғандарды жаттау.