Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға сөздердің мағынасына, белгілеріне қарай топтарға бөлінуі туралы алған білімдеріне сүйене отырып, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беру. Оларға қойылатын сұрақтарды меңгерту.
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ой –өрісін, тіл байлықтарын дамыту.
- Оқуға, білімге құштарлықтарын ,пікірлесуге, бір-бірін сыйлауға, топта жұмыс жасай білуге , жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс тәсілдері: сұрақ жауап, топтастыру, жинақтау
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды бейімдеу –Бүгінгі сабағымыздың ұраны «Жақсылық жан жадыратады»
Ә) Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
ІІ. Өткенді қайталау
- Ой қозғау
- Зат есім дегеніміз не?
- Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Білімділік міндеттері: 1) Оқушының оқу материалын меңгеруге көңіл бөлу, 2. Есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында көрнекілік қолдану
Суреттерді таратып беру ( заттардың атын атап, қимылын білдіретін сөздермен байланыстыру) Не істеді? сұрағын қоя отырып, сабақтың тақырыбын шығару.
Кестемен жұмыс
1.Ережені оқу, талдау.
- Мысалдар келтіру.
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту
Сабағымыздың жалғасы ертегі бойынша жүргізіледі. Оның кейіпкерлері әжесі,атасы, ал қалған кейіпкерлерді жұмбақ арқылы
табайық.
Жұмбақтар шешу
1.Сылдырдан қорқады, 2. Төрт түліктің қаскері,
Шошынып жортады. (қоян) Түзде жүрер көк сері.(қасқыр)
3.Қырда жүрер ол жортып, 4.Майға ғана піседі
Іні де жоқ бармайтын. Тағамдардың асылы.
Құйрығымен бұлтартып, Сары, қызғылт түсі бар,
Қандай аң ол алдайтын. (түлкі) Қуат берер күші бар. (бауырсақ)
- Қорбаң –қорбаң етеді,
Балды жақсы көреді.
Қыста ұйқыға кетеді,
Жазда сайран салады. (аю)
-Бұл қай ертегінің кейіпкерлері? – Бауырсақ
Сурет бойынша баяндау
- «Мағынаны тану» Оқулықпен жұмыс
1 дегенім -білім
Білімсіз жоқ күнің.
Ғажайып кітап ашыл,
Ішінен білім шашыл дей отырып, келесі тапсырмаларды орындайық.
-Қоянның тапсырмасы: -Кетпе бауырсақ маған қазақ тілі пәнінен не үйрендің, маған соны көрсет
-Бауырсақ : Балалар, біз не үйрендік, көмектесіңдерші деп көмек сұрап отыр көмектесеміз бе?
-Ендеше оқулықтағы 412 жаттығуға қарайық.
Заттарды атап, қимылды білдіретін сөздермен байланыстыру арқылы сөйлем құрайды.
-Қасқырдың тапсырмасы:
413-жаттығу. (ауызша талдау) Жұмбақтардың шешуі: су, күн. Заттың аты мен қимылы болатын сөздерді табады да, сұрақтар қояды.
Аюдың тапсырмасы:
Топпен жұмыс 414-жаттығу. Тақтаға әр сөйлемді жазып, зат есімнің астын бір сызықпен, етістікті екі сызықпен сызу, сұрақтар қою. Сұрақты қимылды білдіретін сөзден қою жолын үйрету керек.
Ү. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық Бір отырып, бір тұрып,
Топ,топ, топ, топ басайық. Қолды белге қояйық.
Кәне қолды созайық, Оңға, солға ұмтылып,
Жаттығулар жасайық. Бір қимылдап қалайық.
Түлкінің тапсырмасы:
Жұппен жұмыс
415-жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады.
416-жаттығу. Берілген сөздердің ішінен етістіктерді тауып, етістік екенін дәлелдеу жұмысы жүргізіледі.
ҮІ. Қортындылау
- Кесте бойынша
- Мұғалімнің сөзі: мінеки, балалар, біз біліміміздің арқасында бауырсақты түлкіден құтқарып алдық. Біздің сабағымыздың ұраны «Жақсылық жан жадыратады» демекші сіздер әр тапсырманы орындай отырып жақсылық жасадыңдар. Әр уақытта жақсылық жасай беріңдер, білімді болыңдар.
ҮІІ.Үйге тапсырма: 417-жаттығу, ережені есте сақтау.
ҮІІІ. Бағалау