Сабақтың тақырыбы: Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы. Гидравликалық машиналар.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға күштің әрекет тіреу ауданына тәуелді болатынын, қысым, қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі Паскаль заңы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: ойын технологиясы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, есептер шығарту арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: жүйелі білім алуға, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: сөздік.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану бағытындағы пәндер.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Физика және Астрономия» 7-сынып. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру;
ІІ. Жаңа сабақ;
ІІI. Бекіту;
ІV. Сабақты қорытындылау;
V. Үйге тапсырма;
VI. Бағалау.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру.
Амандасу, түгендеу, оқушыларды екі топқа бөлу (ең алдымен әр топқа тақырып беріледі, содан соң әр топ оқушылары ауысып бір – біріне өз тақырыптарын түсіндіреді)
ІІ.Жаңа сабақ. 1-топ оқушылары: §34. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың барлық қасиеттері олардың құрылысына байланысты болады. Сондықтан біз ең әуелі оларды құрайтын молекулалардың қалай орналасқанын, қалай қозғалатынын және бірімен – бірі қалай әрекеттесетінін, қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерін еске түсірейік.
Алақаныңды жоғары қаратып, сол қолыңды үстелге қой. Кітапты алақаныңа қырымен қойып, оны оң қолыңмен төмен қысып бас.
Сол қолың қысымның артуын сезе ме? Енді кітапты алақанға емес, үстелге қой. Бір қолыңмен кітапты үстінен ақырын бас, екінші қолыңды кітаптың қырына тигізіп ұстап тұр. Осы кезде қол қосымша қысымды сезе ме?
Міне, осы тәжірибені жасай отырып, кітаптың өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана тарататынына көз жеткізуге болады.
Ал енді сұйықтар мен газдарда қысымның берілуі басқаша болады. Сұйықтар мен газдар қысымды, қатты дене сияқты бір бағытта ғана емес, жан – жаққа бірдей таратады.
Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрейік. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді цилиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршеньді бассақ, шардың саңылауларынан су немес түтін барлық бағытқа бірдей ұзындықта шапшып немесе будақтап шығатынын байқаймыз. Бұдан қысымның барлық бағытқа таралып қана қоймай, оның мәнінің де бірдей болатыны көрінеді. Бұл сұйықтар мен газдардың өзіне түсірілген қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізетінінің дәлелі.
Көптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы Блез Паскаль сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеді.
Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.
2-топ оқушылары: §35. Гидравликалық машиналар.
Техникада іс – әрекеті сұйықтардың тепе – теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналардың алуан түрі пайдаланылады. Бұлар гидравликалық машиналар (грекше гидор – су, аулос – түтік) деп аталады. Мыс: автомобильдер, жүк машиналары мен автобустардағы гидравликалық тежегіштер; тракторлардағы ауыр жүкті көтеруге арналған гидравликалық көтергіштер; гидравликалық түрде көтерілетінорындықтар және тағы да басқа қарапайым түрдегі тетіктер гидравликалық машиналар болып табылады. Өйткені, бұлардың барлығында да сұйықтардың қысым күші пайдаланылады. Қарапайым гидравликалық машинаға көлденең қимасының ауданы әр түрлі болып келген екі жылжымалы поршеньдер орналастырылады. Бір – бірімен жалғастырылған цилиндрлерге сұйық (май) толтырылады. Мұнда кіші поршеньнің көлденең қимасының ауданы S1, ал үлкен поршеньдікі S2 болсын. Паскаль заңы бойынша сұйық бұл қысымды үлкен поршеньге береді. Сол себепті үлкен поршеньге Ғ2 күш әсер етеді. Ендігі осы күшті есептейік:, олай болса:
Енді ретімен өрнектеп жазсақ:
Сонымен біз гидравликалық машиналарды пайдалана отырып, күштен ұтамыз. Сол себепті де біз техникада кеңінен пайдаланамыз.
Біз күштен қанша есе ұтсақ, арақашықтықтан сонша есе ұтыламыз.
ІІI. Бекіту.
ІV. Сабақты қорытындылау.
V. Үйге тапсырма.
§34. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
§35. Гидравликалық машиналар тақырыптарын оқып келу.
VII. Бағалау.
Оқушылар бағалаған бағалау парағындағы бағалардын орташа бағасын шығарып бағалаймын.