Басы » Эссе » Курстан алған әсерім …

Курстан алған әсерім …

      Қызылорда  қаласы

   № 4 Облыстық Дарынды балаларға арналған

мектеп интернатының  ағылшын тілі   пәнінің  мұғалімі

Саттарбек Әсел Саттарбекқызы

 Курстан  алған   әсерім …

2012 жылдың 4 сәуір мен 27 мамыр аралығында Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен болған біліктілікті арттыру курсының үшінші деңгейінде болдым. Бұл курстың ерекшелігі өзге курстарға мүлдем ұқсамайтындығы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының өз халқының болашағына деген қамқорлығының арқасында осы дәрежеге жетіп отырмыз. Қазақстан бүгінде дүние жүзіне танымал. Елбасымыз білім беру бағытында алдымызға үлкен міндеттер жүктеп отыр. Осы мақсат-міндеттерімізге жету үшін Кэмбридждің Білім беру орталығы мен бірлесе отырып жасаған мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру курсының бағдарламасында көрсетілген заманауи оқу әдістемелерінің жеті негізгі модулінің рөлі өте маңызды.

Бағдарламаның басты мақсаты-терең білімді, рухани бай, жан-жақты дамыған, өз ойын ұғынықты жеткізе алатын,екі ұйғарым, бір пікірдің біреуін таңдауға шешім қабылдай алатын, шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қашықтықтан оқыту кезеңінде, практикадан  өту барысында зерттеу жұмысын жүргіздім.  Дәстүрлі оқыту мен заманауи оқытудың аражігін анықтауда айырмашылығы мен ерекшелігінің бар екенін байқадым. «Бетпе бет» кезеңінде бізге берілген теориялық материалдарды практика кезеңінде жүзеге асырып, зерттеп, саралап, талдап және қайсы бағытта жұмыс жасау керек екенін анықтап алдым.  Дәстүрлі оқушы тек қана тыңдаушы болса, ал қазіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін, шығармашыл жеке тұлға ретінде қалыптасатынына көзім анық жетті. Практикада болған небәрі үш апта уақыт ішінде, осы бағдарлама бойынша жүргізген жұмысымның нәтижесін көрдім. Әрине, бұл мен үшін өте қуанарлық жағдай.

Мектептегі практикадан өткен кезімде негізінен тек оқушылар ғана емес, мектеп ұжымының мүшелерінің тең жартысы жұмылдырылды.

Ынтымақтастықта жұмыс жасадым деп сенімді түрде айта аламын.

Еліміздің жарқын болашағы үшін қолға алынып отырған үлкен бастамаға сәттілік тілеймін.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *