Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Атамекен ауылының орта мектебі
Абдилова Алма Сериковна
«Қазақ еліне 550 жыл»
Мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, Жәнібек пен Керей хандардың халқына, жеріне, еліне сіңірген қызметімен таныстыру.
- Дамытушылық.: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік: Өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру..
1-жүргізуші: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше.Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.
/Қ.Р. Гимні орындалады./
2-жүргізуші:Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары — Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
1-жүргізуші:
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керейсұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда,үйге бір топ ақсүйектеркіреді/
-Ассалаумағалейкум,ағалар.
-Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:-Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз.Елді бей –берекетсіздік басып алды.Хан-екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті.Әскери дайындықсыз,батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Жәнібек:-Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: — Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек:-Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді.Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда.Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей:Ия,көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: -Біз дайынбыз бастаңыздар көшті.Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат-көлігің арымай,
Отбасыңмен аман-есен табысқын.
Әумин.
1-жүргізуші: Ия,сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.
1-жүргізуші:
1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды.
2-жүргізуші:
Екіншіден,суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
Ділннәр:
Ғасырдың құрдасы,
Ақындар жырлаған,
Көненің сырласы
Тарихты тыңдаған.
Шежіре шертеді,
Көшесі, әр тасы,
Ғажайып ертеңі,
Жетісу алқасы.
Айдын:
Ежелден ел мақтаны, жыр дастаны,
Арайлы шуақ тұнған нұрлы аспаны,
Атанған жер жаннаты, Жетісуым
Ақынның өзіңменен сырлас жаны.
Алмас:
Жетісуым, жерің, таулы, далаң жаз,
Көлдеріңде қиқулаған балаң қаз.
Көріктісі –ай, көкорайлы алқаптың,
Көрген сайын көңіл шалқып, болам мәз.
Айсауле:
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер,
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
1-жүргізуші:
Жетісудың оңтүстік батысындағы Қозыбасы тауы мен Үшқоңыр жайлауы Керей ханның жайлауы болса, Елбасымыз Н.Назарбаевтың да әнге қосқан туған топырағы.
Ән «Үшқоңырым»
1-жүргізуші:
Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқығы болды. Сол кездегі тәртіп бойынша хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілген. Сондықтан таққа Керей отырды.Ал ақылдасар тірегі Жәнібек болды.
2-жүргізуші:
Керей ханнан кейін таққа Әз-Жәнібек отырды.
1-жүргізуші:
Керей мен Жәнібектен кейінгі хандар да мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, хандықтың туын жықпауға тырысты.
Гаухар:
Хан өтпес әділдікте Қасым ханнан
Атадан арналғандай озып туған.
Аталып «Қасым ханның қасқа жолы»
Мұра боп кейінгіге содан қалған.
Жәнібек ханның ұлы Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды.
Айдын:
Аталып Тәуке хан боп ел биледі,
Айырмай жарлы, бай деп тең биледі.
Артық қайрат, тапқыр ой болғандықтан,
Ешкім деп айта алған жоқ кем биледі.
1680-1715 жылдары хан болған Әз -Тәуке көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті хан болды.Тәуке ханның өзіне дейінгілерденайырмашылығы-хандықты ерекше әлеуметтік топты құрайтын билердің көмегімен өз үстемдігін нығайтты.
Абылай хан өз заманының көреген де,ақылды саясаткері, даңқты батыры, өткір ойлы дарынды дипломаты болған. Ол өзінің білгір ішкі, сыртқы саясатымен Қазақ хандығын мықты да біртұтас мемлекетке айналдырды. Қазақ халқының мерейі мен рухын көтерді.
1-жүргізуші:
Көне «Күлтегін» ескерткішінде «Елін елдікті етті, жауын бейбіт етті» деген сөздер бар екен. Осы тасқа қашалған сөздер Керей мен Жәнібек хандарға, Дінмұхаммед Қонаевқа, Елбасымыз Н.Назарбаевқа айтылғандай.
2-жүргізуші:
Арманы асқақ еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті, әлемге әйгілі саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жарқын болашаққа, кемел келешекке бастап келеді.
Қазақ хандығы – біздің елдігіміздің түп-тамыры.Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды.
Махаббат:
Тәуелсіздік! Тәу етем,һақ тағалам,
Сенің биік төбеңнен бақ тараған.
Тіл мен көзден сақтасын бір өзіңді
Өткен-кеткен саған бір жалт қараған.
Абдуали:
Сенде қаны, бабамның, ағалардың,
Сені сом алтынға мен бағалармын.
Баға жетпес қадірің, қасиетің,
Мекені Қазақ елі даналардың.
Наржол:
Беу, азаттық, киелім орның көкте,
Мен Тәуелсіздік гүлдерін үстіп өпкем.
Еңбек пен білімі тасқындаған,
Біз жетейік сол елге күшті көппен.
Ахсұнхар:
Оң шапақты шадыман Тәуелсіздік,
Сен үшін біз талай жыр, әуен сыздық.
Мәңгілік Ел шырағы сөнбейтіндей
Көрінетін болайық әлем-үздік.
1-жүргізуші:
Мәңгілік елге жеткізетін тек қана Нұрлы жолдар екенін есімізде ұстайық!
2-жүргізуші:
Бабалар жазған ұлы тарихы бар, Нұрлы жолы бар менің халқым -Ұлы халық.
маган унады