Басы » Cыныптан тыс » Табиғат – тіршіліктің негізі

Табиғат – тіршіліктің негізі

Екібастұз қаласы
№25 қазақ қыздар гимназиясының
биология пәнінің мұғалімі
Аушакимова О.С.

Тақырыбы:  Табиғат – тіршіліктің негізі

Мақсаты: Табиғатқа қамқорлықпен және ұқыптылықпен қарауға  дағдыландыру, өсімдіктер мен жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.

 

Таныстыру: топ басшысы топтарының атымен және құрамымен таныстырады.

Конкурстар:

1. «Мен және менің есімім»

2. «Табиғи дәріхана»

3. «Білімділер сайысы»

4. «Сырлы сандық»

1.Мен және менің есімім»

Әр топтан 5 адамнан шығады. Топтың мүшесі кезек-кезек өз аттарын өсімдік және жануардың атымен атап таныстырады. Тоқтап қалған ойыншы ойыннан шығып отырады.

1-топтан өсімдікке байланысты адамның есімдерімен таныстырады.

2-топтан жануарға байланысты адамның есімдерімен жалғастырады.

Мысалы: менің есім-Райхан, ал менің есімім Арыстан.

2.«Табиғи дәріхана»

Кестенің сол жағында аурулар жазылған, оң жағында өсімдік аттары. Тапсырманы орындау жолы мынадай: ауруларды емдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді дұрыс таңдап, сәйкестендір.

Тапсырма:

Іш жүргізетін, несеп айдайтын, өт тазалайтын       Плаундар

Ревматизм                                                               Мойыл

Қырқұлақ(цинга)                                                             Донала

Дизентерия                                                             Емен

Суық тию, қаназдық                                              Калина

Жөтелге қарсы                                                                 Жалаң қызыл мия

Тыныс алу, асқазан, бас сақинасы                        Кермек жалбыз

Сүйелді кетіретін                                                    Сүйелшөп

Қан аурулары, подагра, қатерлі ісік                              Лапыз

Жүрек жұмысын жақсартады                                Інжугүл

3. «Білімділер» сайысы

Әр топқа құстардың құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері жайлы білімін білу үшін 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.

1. Көптеген жануарлардың тістері ауыз қуысында орналасқан, бірақ құстардың тістері қарнында деп айтылады. Неліктен?

Жауабы: Құстарда ауыз қуысында шынымен де тістері жоқ. Ас безді және етті қарынның бұлшық етті бөліміндегі мүйізді қабатында майда тастармен үгітіліп, қорытылады. Былай қоректену әсіресе бидай қоректенуші құстарға тән.

2. Құстардың дене құрылысының қандай ерекшелігі ұшуын қамтамасыз етеді?

Жауабы: сүйектердің ішінде ауамен толтырылған қуыстар болуы; бас сүйегінің кішкентай болуы; тері жабыны қауырсынды.

3. Құстарда қанша қанайналым жүйесі бар?

Жауабы: екеу – үлкен және кіші(өкпелі).

4. Бірқазанның тұмсығының астындағы етті қапшасы не үшін қажет?

Жауабы:Тұмсығын кеудесіне жақындатып, бірқазан қапшасын судан босатып, оны балықпен толтырады.

5. Қандай  құстар балапандарын бунақденелілермен қоректендіреді?

Жауабы: қарлығаш, үйрек тб .

6. Құстың сүті болама? Болса қандай құстарда?

Жауабы: Құс «сүті» көгершіндер мен пингвиндерде бар. Егер де пингвиннің аналығы ұядан алысқа кетіп немесе бөгеліп қалса, ал балапан тамақ қажет етіп тұрса, онда аталығында ерекше бездер іске қосыла бастайды. Ол без аталықтағы май қабатын қорекке айналдырып ашық тұрған балапанның аузына құсады.

7. Жұмыртқа ішіндегі балапан демала ма?

Жауабы: демалады, себебі қабықтың ұсақ тесіктері ауа өткізеді.

8. Құстардың жорғалаушылар мен қосмекенділерге қарағанда жоғары сатыда тұруын қандай белгілері көрсетеді?

Жауабы: іштей ұрықтану, жұмыртқа құрылысы, терінің құрғақтығы, өкпемен демалуы, төртбөлімді жүрегі, дене температурасының тұрақтылығы.

9.  Тамақтануға байланысты «Құс сияқты аз жейді»  деген тұжырым қаншалықты дұрыс?

Жауабы: Тұжырым нақты емес. Егер тамақтың барлық мөлшерін есепке алатын болсақ онда шынымен құс аз жейді. Бірақ өз салмағымен салыстырғанда, құстар жануарлар мен адамдарға қарағанда көбірек жейді.

10. Құстардың көктемде ән салуы олардың өмірінде қандай маңызы бар?

Жауабы: Аналықтарын еліктеу үшін, сол түрдің басқа аталықтарына аумақтың бос емес екендігін көрсету үшін.

                                      3. «Сырлы сандық»

Топтар кезекпен сандықтан сұрақ нөмірлерін алып шығады, әр сұраққа 30 с беріледі. Егер топ жауабын таппаса, сұраққа келесі топ жауап бере алады. Әр дұрыс жауапқа – 1 балл.

Сұрақтар:

  1. Қандай құстарды айғайлайтын, қайсысын әнші құстар деп атайды? (Айғайлайтын құстар көмекейі қарапайым, ал әнші құстардың дауыс аппараты күрделі)
  2. Қайсысында мойын омыртқалары көп керікте ме әлде доңызда ма? (бірдей)
  3. Қай құста ми шайқалысы болады? (тоқылдақ)
  4. Кірпі қыста не жейді? (ештеңе, себебі ол қыста ұйықтайды)
  5. Қай жануардың аузы аяғында? (айқұлақ)
  6. Неліктен қарғаның, сауысқанның, қара торғайдың және тағы басқа құстардың ұяларында әртүрлі жылтыр заттар табуға болады? (Бұл құстар жылтыр заттарды ұрлап ұяларына тасуға бейім. Осындай қасиеттерімен ерекшеленеді)

7.           Әтеш өзін тауық деп айта ала ма? (Жоқ. Себебі ол сөйлей алмайды)

8.           Адам өмірін ұзақтығын қандай құс айтады? (Көкек)

  1.     Құстың денесінің температурасы қашан жоғары не төмен болады:     қыста ма әлде жазда ма? (Жыл бойы тұрақты – құстар жылықанды)
  2.     Қандай құс отбасында қанша бала болатынын анықтайды? (Тырна)

 

 Презентацияны жүктеңіз

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *