Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы«Бөген« жалпы орта мектебі.
Ерлан Дилдаев Киркинбаевич
Соңғы түйенің жүгі ауыр
Көшбасшының іс-әрекетті таңдау стратегиясы — қалыпты жұмыс істеу (сыртқы міндеттерге сай болу, басқалардың алдына шығып көшбасшылыққа қол жеткізу) немесе қарқынды даму. Бұл мұғалімдердің өзіндік дамуына дем бере отырып, оқушыларды мектеп жұмысын құруда өзіндік үнін қосуға ұйымдастыру дегенді білдіреді.
Оқушы үнін мектепте қалай естіп білуімізге болады? Ол әрине әркімнің өзінің ойынан туындайды. Мынандай тәсілдер арқылы білуге болар еді: пікірлесу, эссе (Сен директор болсаң мектепке не өзгеріс жасар едің? дегендей), хаттар алу. Бұған қоса оқушыларға «Ашық есік» күнін өткізу арқылы арнайы мектептегі барлық қызметкерлердің оқушының ойын, арыз-шағымын тыңдау.
Сонымен бірге проблеманы жазып қойып, SMS арқылы дауысқа салу, т.б түрлі тәсілдерді пайдалана отырып ұжыммен оқушыны байланыстыру жұмысын қолға алу бізді өзгертеді. Егер сіз оқушыны үнімен санаспасаңыз, оны елемей кетсеңіз, онда сенімнен шығасыз. Бұл дегеніңіз алдағы уақытта оқушы сіздің оны қолдамайтынын біліп өз ойын айтпайтын жағдайға соқтырады.
Алдыңғы буын өкілдерінің кйінгі буынға еш уақытта көңілі толмаған. Біздің әкелеріміз сендерде не арман бар бізде оқитын кітап жазатын қалам-қағаз киетін киім болмаған десе. Қазір біз балаларымызға: «Ағамыздың ескі киімін киетін едік, Интернет пен ұялы телефон деген жоқ еді! Сендерде не арман бар!» дейміз. Ал енді біздің балалар кейін өз балаларына «Сендерде не арман бар? Ойнағанда аспанға ұшып жүресіңдер, тетікті бассаңдар болды — техника бәрін өзі жасайды!» деуі мүмкін.
Балаға «Тоқта!», «Жасама!», «Істеме!», «Қой!», «Көрме!» деген шектеулерімізбен оның барлық қызығушылығын байлап тастап жатқан жоқпыз ба деген ой келеді. Ол үшін жоспар да құрамыз, баратын-оқитын жерін де таңдаймыз.
Сонда балаға не таңдау қалды? Бүгінгі балаға ертеңгі серіктес деп қарап оның жан дүниесін тыңдауымыз керек. Соғыста тек қарсылысыңның ойын білгенде ғана жеңесің, ал баламен жұмыста балаша ойланғанда ғана нәтиже болар.
Жаңадан жоспар құрып оны іске асыру мектеп көшбасшысына жемісін тез бере салмайды, оны ұйымдастыру өзекті мақсат. «Абылай хан жоңғарларға қарсы үш жүздің басын біріктірді. Оның қасына мыңдаған қол жиналды. Сол қолды қалай ұйымдастырды?» деген сұрақтың жауабы мынандай деп ойлаймын. Ол көшбасшы болды, қасына билер, ру басылар, он басылар, жүз басылар, мың басылар, батырлар, шешендерді біріктірді. Осыдан барып көшбасшылар ыдырап жатқан үш жүздің басын біріктіріп, Қазақ еліне, жеріне бостандық алып берді.
Міне, біз де бірігіп білім беруді ізгілендіру мен дамытудың мынандай идеяларының өзара қарым-қатынасына негізделген басқару жүйесін құруымыз керек:
-мұғалім, ата-ана,оқушы арсынан көшбасшылар санын көбейту, тең көзқарас орнату;
-білімді меңгеруде еркін кеңістікке қол жеткізу мектептегі ынтымақтастық арқылы;
-оқушыны өмір сүруге бейімдеу, қоғамда өз ойы бар тұлғаға айналдыру, еңбек етуде қабілеттілігін көтеру;
-ата-ана, мұғалім, оқушы арасында желілік қауымдастығын құру (телеконференция, электрондық пошта, чаттар, форумдар, SMS);
Күнелікті ізденбесек, тот басқан темірдей болуымыз мумкін әлем өзгеріп жатқанда біз өзгермеу осыған алып келіп соғады. Көштің соңындағы түйенің жүгі ауыр, көш соңында емес көшбасшы болуға ынталы болайық.