Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы
№ 39 «Қызылөзек» орта мектебі
Абуова Меруерт Ержанқызы
География пәнінің мұғалімі
«АТАЖҰРТ»
(этногеографиялық және тарихи танымдық ойыны)
Оқушылардың өздерінің ата жұрты, мекені, отаны – Қазақстан туралы алған білімдерін сарапқа салып талдауға, өз елін, жерін қорғай білуге, табиғат байлықтарды көздің қарашығындай сақтауға және топтық жұмыс барысында ұйымшылдыққа, еркіндікке, ізденмпаздыққа баулу.
I. Ойынға қатысатын топтармен танысу
I топ
II топ
II. Ойын ережесімен таныстыру
Ойын 5 кезеңнен тұрады. I кезеңде топ капитандарына 10 сұрақтан қойылады, тез жауап беріп алтын қорға ұпай жинайды. 1 сұраққа 10 ұпай беріледі. Келесі бөлімдерде 1 рет көмек сұрауға болады, 1 рет нартәуекел жасауға болады. Нартәуекел деген – қарсылас топ сұрақтың жауабын біліп кезек сұраса, онда кезегін берген топ 500 ұпайдан айырылады. Ал олар жауап бере алмаса, ұпай кезегін берген топқа қосылады.
I кезең «Қанат қақты»
I топ капитанына қойылатын сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасы туының авторы кім?(Ш. Ниязбеков)
2. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында? (9)
3. Отырар қаласының арабша аты. (Фараб)
4. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? (Керей мен Жәнібек)
5. «Арал теңізі» еңбегінің авторы кім? (Л.С.Берг)
6. Қазақстан Республикасының ең биік нүктесі? (Хан тәңірі 6995 м)
7. Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болып қабылданды?
(1992 жылы 2 наурызда)
8. Қазақстан Республикасы оңтүстігінде қай елдермен шектеседі?
(Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
9. 1836 – 38 жылдардағы ұлт – азаттық көтеріліс Қазақстанның қай жерінде
болды? (Бөкей Ордасы)
10. Ұлттық валютамыз теңге қашан айналымға енді? (1993 жылы 15 қараша)
II топ капитанына қойылатын сұрақтар:
1. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 4 маусымда)
2. Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала? (Орынбор)
3. ҚР қанша ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады? (131)
4. Қазақстан жер бедерінің ең төменгі нүктесі. (Қарақия ойысы –132м )
5. Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеген, Балқаш пен Алакөлдің ұқсастықтарын дәлелдеген тұңғыш қазақ географы кім?
(Шоқан Уәлиханов)
6. Геологиялық жыл санау бойынша неше эра бар?
(Архей, Протеорезой, Палеозой, Мезозой, Кайнозой)
7. ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет. (Түркия)
8. Қазақ КСР – і қай жылы құрылды? (1936 ж)
9. 1837 – 47 жылдардағы ұлт – азаттық көтерілістің басшысы кім? (Кенесары)
10. 2009 жылы халық санағы бойынша ҚР халқының саны қанша болды?
(16402 млн адам)
II кезең «Самғау»
I топ
1 – сұрақ:
Орта Азияның солтүстік батысы мен Қазақстанның оңтүстік батысындағы үлкен аумақты алып жатқан ойпаң өңір. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі кіреді. Негізінде орта Азия Республикасы жерінде орналасқан. Бұл қандай ойпат? (Тұран ойпаты)
Қосымша көмек: Бұл ойпат көл, теңіз, өзендерінің шөгінді жыныстарынан түзілген. Батыс Сібір жазығымен жалғасады.
2 – сұрақ:
Бұл Орда негізінен 1801 жылы құрылған. Орда халқының барлығы дерлік Кіші жүз қазақтары болды. 1801 жылы император II Павелдің рұқсатымен Орда жерінде қазақтардың көшіп қоуына рұқсат етілді. Бұл қай Орда жөнінде айтылған? (Бөкей Ордасы)
Қосымша көмек: Бұл территория – Еділ өзені мен Жайық өзенінің аралығын алып жатқан.
II топ
1 – сұрақ:
Бұл қала VII – VIII ғасырларда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығы. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолы тоғысады.(Тараз)
Қосымша көмек: X ғасырда араб географы Әл – Макдиси оны бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, 4 қақпасы, төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала деген.
2 – сұрақ:
1723 жылы қалмақтар қазақтарды жеңіп, бұл жыл «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» атанғанымен, кейіннен қазақтар бірігіп, сол жерде қалмақтарды қирата жеңеді. Қалмақтар аңырап қашады, қалмақтар жеңіліске жеткен жер, жота қалай аталады? (Аңырақай)
Қосымша көмек: Бұл жота Алматы облысы мен Жамбыл облысының шекарасында жатыр.
III кезең «Шарықтау»
Бұл кезеңде топ жанкүйерлеріне сұрақ қойылады.
I топ.
1 – сұрақ:
Бұл кен орнын 1944 жылы геолог Г.С.Катковский басқарған геологиялық барлау экспедициясы іздеп тапқан. Ол Шар қаласынан солтүстік – шығысқа қарай 45 км жерде орналасқан. (Еспе)
Қосымша көмек: Елді мекен Қызылсу өзеніне құятын өзімен аттас бұлақтың оң жақ жағалауында, солтүстік Қалба таулы қыратындағы аңғарда орналасқан.
2 – сұрақ:
Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. (Алтай тауы)
Қосымша көмек: Бұл өлкенің үш бөлігі бар. Ең биік шыңы — Мұзтау
II топ.
1 – сұрақ:
Қазақстандағы байырғы алтын өндіру орындарының бірі. Ауданорталығы Қалба тауынан оңтүстік батысқа қарай 20 шақырым, Жаңғыз төбеден 18 шақырым жерде, үш жағы аласа бұйраттармен қоршалып, солтүстігі кең жазыққа ұласатын алқапта орналасқан. Бұрын бұл жер Жәдік деген өз ортасына белгілі болған адамның қыстауы болыпты. Кеніштің әу бастағы атауы Қара кезең деп аталыпты. (Ақжал)
Қосымша көмек: Академик В.Обручев пен белгілі геолог А.Мейстер бұл маңда алтынның геологиялық қорын зерттеп, картаға түсіру кезінде елді мекен осылай деп жазылған көрінеді. Бұлай дейтіні, кеніштен Қалба тауына шығар жақтағы кең жазықтың ортасында жалғыз төбе бар. Соның үстін ала табиғаттың өзі ақшыл жолақ тартыпты. Кеніштің қазіргі аталуына себеп болған осы төбе көрінеді
2 – сұрақ:
Шығысында – Балқаш көлі, батысында – Сарысу, оңтүстігінде – Шу өзені, солтүстігінде – Сарыарқа аралығында жатыр.
(Бетпақдала үстірті)
Қосымша көмек: Сарыарқаға ұласатын солтүстік – шығыс бөлігі биіктеу. Мұнда тұзды көлдер, сор, тақыр кездеседі.
IV кезең «Шырқау»
1 – сұрақ:
Республикамыздың «Солтүстік қақпасы» Петр мен Павелдің Жаңа Есілдегі орыс әскери бекіністерінің басты қамалы ретінде есілдің биік оң жағасында 1752 жылы негізі қаланған. 1807 жылы қалаға қазіргі атауы берілген. (Петропавл)
2 – сұрақ:
1948 жылы ұшқан М.Сургутанов осы кен орнын ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темірдің анамалиясының әсерінен тұсбағдар тілі кенеттен ауытқиды. Көп кешікпей бұл жерден сирек кездесетін темір кені ашылды. Бұл қай кен орны? /Соколов — Сарыбай/
3 – сұрақ:
Қазақтың тұңғыш академигі, геологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қай жерде дүниеге келді? /Павлодар облысы, Баянауыл ауданында/
4 – сұрақ:
Қала Есілдің көтеріңкі оң жағасына, өте маңызды екі темір жол магистралінің қиылысына орналасқан. 1824 жылы Есілдегі әскери бекініс ретінде пайда болған, ал 1868 жылы қала мәртебесін алған. 1954 жылы тың игеруге байланысты Целиноград деп аталған. /Астана/
5 – сұрақ:
Бұл қала Жайықтың оң жағасында, Шаған өзенінің құя берісіне орналасқан. Жайық қалашығы деген атпен 1603 – 1622 жылдары пайда болған. 1775 жылы Е.Пугачевтың көтерілісін басқан соң II Екатерина жарлығымен «болған жағдайдың барлығын ұмыту үшін» қалаға қазіргі атауы берілген. /Орал/
6 – сұрақ:
Қала Өскемен қаласының оңтүстік батысында Нарын өзенінің өзімен аттас өзеніне құятын тұсында орналасқан. Іргесі 1831 жылы қаланған. 1841 жылы Ресей патшасы Александар II ұлы Срегей князьдің құрметіне Сергиополь болып аталды. 1927-30 жылдары Түркістан – Сібір темір жолының салуына байланысты бұл елді мекен ірі теміржол станциясы болды. 1939 жылдан қала мәртебесі берілді. /Аягөз/
7 – сұрақ:
Қала Қазан революциясына дейін шаруашылықтың бір ғана саласы – балық аулаумен айналысатын шеткері уездік қала еді. Каспий теңізін мұз басқан кезде қала жылына 6 айдай сырт әлемнен мүлде оқшау қалатын. Революциядан кейін мұнай өнеркәсібін ұйымдастырушы орталыққа айналды. 1615 жылы Жайық өзенінің сағасындағы балықшылар қонысы ретінде негізі қаланған. /Атырау/
8 – сұрақ:
Қала Батыс Қазақстанның ірі индустриалды қаласы, Жайықтың сол жақ саласы – Елек өзенінің сол жағында, биіктігі 250 – 400 м Орал маңы үстіртінің орталық бөлігінде орналасқан. Қаланың іргесі 1869 жылы қаланған. Ал XX ғасырдың басында қала арқылы Орынбор – Ташкент теміржолы салынып, қала экономикасының дамуына жаңа серпін берді. /Ақтөбе/
9 – сұрақ:
Бұл кесене – Қарахан немесе оғыз – қыпшақ заманында, XIV – XV ғасырларда сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіш. Кесене қаракеңгір өзенінің оң жағында орналасқан.
/Алаша хан кесенесі/
10 – сұрақ:
Маңғыстау түбегіндегі кең жазықтың Каспий теңізіне тірелген қолтығына салынған. Әсемдігі жөнінде бұл қала Кавказдың Қара теңіз жағалауындағы көптеген орындардан кем түспейді. Кеңестік дәуірде қала атауы украин халқының ұлы ақыны Шевченко атымен белгілі болған. /Ақтау/
11 – сұрақ:
Бұл XIX ғасырдың басында қоқандықтар тұрғызған бұрынғы шағын Ақмешіт бекінісі. Оны орыстар жаулап алған соң 1853 жылы Перовск қалашығы деп аталды. 1925 жылдан қазіргі атымен аталды. 1925 жылдан Қазақ Автономиялы Республикасының астанасы Орынбордан осында көшірілуіне байланысты ло осылай деп өзгертілген. /Қызылорда/
12 – сұрақ:
Жазба деректерде бұл қала VI ғасырдан бастап белгілі, 568 жылы Түркі қағаны Дизабул Истемидің қол астындағы осы қалаға Византия императоры III Юстинианның Земарх Киликийский басшылық еткен елшілігі келген. VII ғасырдың алғашқы 10 жылдықтарының өзінде – ақ қала Ұлы Жібек жолының торабындағы орталық ретінде маңызды рөл атқарды. X ғасырда атақты араб географы Әл – Макдиси бұл қаланың үлкен екендігін атап өтеді. Қала алдымен Түргеш, кейіннен Қарлұқ қағанатының орталығы болған.Қазақстандағы ең ежелгі қалалардың бірі. 2002 жылы қала өзінің екімыңжылдық тойын тойлады. /Тараз/
13- сұрақ:
Қазіргі қаланың негізі қаланғанына 150 жылдай болды. Ол Іле әскери бекінісі ретінде 1854 жылы пайда болды, алайда қаланың тарихы ғасырлар тереңінен басталады. Бұл жерде орта ғасырдың бас кезінде Алимату деген елді мекен болған, ол арқылы Византия мен Орта Азиядан Қытайға баратын Керуен жолы өткен.XIII ғасырда қаланы монғолдар жермен – жексен еткен. Қазан революциясынан кейін, 1921 жылды қалаға қазіргі атауы берілген. /Алматы/
14 – сұрақ:
Бұл қала Шымкент қаласынан 225 шқ жерде, Сырдария өзенінің оң жақ аңғарында орналасқан. VIII – X ғасырларда бұл қаланың орнында Шабғар деген үлкен қала болған. IX – X ғасырларда ол жақсы қалалар қатарына қосылып, гүлденеді және осы кезден бастап қала Яссы деп аталады. Ал XI ғасырдан бастап қазіргі атымен аталады. Қала XVII ғасырдан бастап қазақ хандығының билігіне берілді. Көп уақыт қазақ хандығының орталығы болды. /Түркістан/
V кезең «Жерұйық»
Бұл кезеңде жеңіске жеткен топқа сұрақ қойылады.
1 – сұрақ:
Бұл қала жөнінде алғаш рет X ғасырдың деректерінде кездеседі. XI ғасырда М.Қашқаридың айтуынша, ол оғыз қалалары қатарында болған.XII ғасырда қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігінің астанасы болды. XIV ғасырдың II жартысында қала Ақ Орда астанасы болды. XVI – XVIII ғасырьларда қала қазақтардың қол астына қарады және Сырдарияның төменгі ағысындағы ең ірі қала саналды.
2 – сұрақ:
Солтүстік Мұзды мұхиттың басты өзені. Ұзындығы 4248шқ, оның 1700 – ге жуық бөлігі Қазақстан жері арқылы өтеді. Ол Зайсан көліне құяды. Көлден ағып шыққанда Ресей аумағындағы Объ өзеніне құяды. Оған Семей, Өскемен қалаларының аралығындағы көптеген салалар келіп қосылады. Бұл қандай өзен? /Ертіс/
Ойында жеңген топ марапатталады.