Басы » Баяндамалар » Сабақта ынтымақтастық орта құру –соңғы нәтижеге жету кепілі

Сабақта ынтымақтастық орта құру –соңғы нәтижеге жету кепілі

       Шығыс Қазақстан облысы

       Өскемен қаласы

       «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- 

        интернаты» КММ   

       Турсынбаева Толқын Айкеновна — ағылшын тілі пәні мұғалімі 

       Баяндама тақырыбы:       Сабақта ынтымақтастық орта құру –соңғы нәтижеге    жету кепілі

Мен үшінші деңгейлік  курстың мазмұнын  ұққаннан кейін осы кезге  дейінгі пайдаланып  келген  дәстүрлі іс тәжірибемді  өзгерту  керектігін  түсіндім.

Өзіме  «Мен не үшін және қалай   өзгеруім  керек?» – деген сұрақ  қойып соған   жауап   іздедім.

Мұғалім  де үнемі  ізденіс  үстінде болса  ғана, оқушыны  өзіне  тарта  алады, сый-құрметіне  ие  болады. «Өзінің  білімін  жетілдірмеген  ұстаз – ағынсыз  сумен  тең» – дейді  халық даналығы. Мұғалім оқушыға дайын білім бермей , оқушыны  сол білімді өз бетімен алуға,алған білімін өмірде қолдана алуға үйрету керек екенін түсіндім

Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  біз  оқушыларға қалай оқу керектігін үйретуіміз  керек. Мұғалімдерге  арналған нұсқаулықта: «Мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады» – деп  жазылған ( 25- бет). Ынтымақтастық  ортадағы  жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы топпен жұмысты ұйымдастыру  болып табылады.

Барлық жағдайларда   топтарға бірлескен кезде топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесін,білімін,оқушылардың ортадағы авторитетін   құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілі  ұсынылады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Яғни атап өткендей көбіне билікті авторитеті мықты немесе білімді оқушы атқарады. Ынтымақтастық оқудың мәні топ мүшелерінің  ынтымақтастығы арқылы  ымыраға, пәтуаға, білімге жетуге негізделген. Бұл ортада  оқу- табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.

Оқушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады,және бірнеше көзқарас болатынын түсінеді,салыстыра отырып дұрыс шешімін табады.Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor, 1992). Сондықтан сабақ беретін сыныптарыма мен  оқыған 3 айлық  курстың мақсаты қандай  екенін,топтық жұмыс дегеніміз не екенін түсіндірдім және  сыныпта  ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып алуға тырыстым. Сыныпты топқа әртүрлі тапсырмалар арқылы бөле отырып, топтық жұмыстарды көп жүргізуге тырыстым. Себебі оқушылар бастапқыда атап айтқандай  топтық жұмыстарға дағдыланбағанын  байқатты. Жеке жұмысқа үйреніп қалған олар тіл табыса алмай, ортақ пікірге келмей, ойлары шашыраңқы, жұмыстары сапасыз болды. Жақсы оқитын оқушылар әдеттегідей жұмыс істеді, бірақ ешкіммен ойын,білімін бөліскісі келмейтінін байқадым. Ал нашар оқитын оқушылар солардың көлеңкесінде бұрынғыдай қала бергілері  келді.Сол себепті топтың ережесін сыныппен талқылап бірге жасап шығардық.Дегенмен кейінгі сабақтарда топтық жұмысқа төселіп, бірлесіп жұмыс істей  бастады.Топтық жұмыс кезінде бір оқушы тақырыпқа байланысты оқулықтан, интернеттен қосымша материал іздесе, келесі оқушы постерді көркемдесе, қалғандары тақырыпқа байланысты өз ойларын  бір-бірінің пікірлерімен санасып жеткізіп отырды. Ал тақырыпты қорғау барысында дәстүрлі сабақтарымда белсенділік танытпайтын оқушылардың шығып өз ойларын  жеткізіп, тақырыптың мазмұнын аша білулері мен үшін жетістік болды, себебі бұл оқушылардың бойынан алға басқандықтарын, қызығушылықты көрдім, өздерін жаңа қырынан таныта алды.Әрине ағылшын тілі болғандықтан оқушылар өз ойын соншалықты еркін жеткізе алмайды,бірақ берілген тақырыпты меңгере алды деп ойлаймын.Оқушыларды топқа бөлу, топпен жұмыс істеуде менің оқушыларым үшін сабақтағы үлкен өзгеріс.Бірлескен  жұмыс барысында топ мүшелерінің ұйымшылдығы, ауызбірлігі, бір-біріне деген сенімділігі, бір-біріне түсіндіруі- сабақтағы белсенді іс-әрекеттерінің кепілі.

 Сыныпта өткізілген  сабақтарға  оқушылардың  белсенді  қатысуы олардың  бойында  пәнге  деген  қызығушылықтың, талап қойғыштықтың пайда болуын  көрсетеді. Оқушылар өздеріне  топтық сабақтардың  ұнағандығы  жайлы айтып, келесі сабақта қандай жұмыс істейтіндерін сұрап қызығушылықтарын білдіреді.

Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің  түрі. Оқушылар сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істегенде оларда  ортақ  проблема болды, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады.

Л.Выготский: » … Егер мұғалім бір нәрсені  жақсы  меңгертуді ойласа, оның  қызықты болуын қамтамасыз етуі керек» — деген болатын.   Сондықтан  да  алдағы  уақытта  сабақ  барысында  ынтымақтастық орта құру арқылы жұмыс істеп,   оқушыларға  сапалы  білім  беруге  жұмыс істеймін. Қазіргі талап – оқушыларды ойландыру, сезіндіру, ақпаратты құралдар арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту, сөз байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы тиянақты болады.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *